Дитерикс құрсауын салған кездегі мейіргерлік іс әрекетінің алгоритмі



Дата31.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#21403
Байланысты:
шина дитерикса 2021

Дитерикс құрсауын салған кездегі мейіргерлік іс әрекетінің алгоритмі

  • Шымкент 2021
  • Жоғарғы медицина колледжі
  • Орындаған: Туреханова Ш.
  • Цикл атауы: Операциялық мейіргері қызметінің өзекті аспектілері

Кіріспе

  • Сүйектер мен буындардың зақымдануы мен ауруларында, олардың қозғалмауын қамтамасыз ететін арнайы құрылғыларды шиналар деп атайды.
  • Дитерихс шинасы – ағаштан жасалған, ерекшелігі: жарақаттанған аяқты жақсы иммобилизациялап қана қоймай, сонымен қатар оны тартуға мүмкіндік береді. Бұл шинаны салуға тікелей көрсеткіш – сан сүйегінің, жамбас, тізе буындарының жарақаттары болып табылады. Шинаның 4 бөлігі бар: екі әр түрлі ұзындықты қозғалмалы планкалар, сыртқысы 171 см, ішкісі 146 см, ені 8 см және тақтайша табан және бауы бар таяқша тәрізді бұрауыш.

Аяққа арналған дистракционды шина (Дитерихса)

  • Аяққа арналған дистракционды шина (Дитерихса)
  • А – ұзын тақта– шина (бранша)
  • Б – қысқа тақта– шина
  • В – ағаш табан

Әрекет ету алгоритмі

Науқасты дайындау

  • Науқасты жатқызыңыз және зақымдалған аяққа орташа физиологиялық жағдай беріңіз. Егер бұл мүмкін болмаса-аяқ-қол ең аз жарақат алатын позиция, ол үшін аяқ-қолды жамбас пен тізе буындарында сәл бүгіңіз, аяғы 90 градус бұрышта. Тақтаға жатқызыңыз.
  • Ауырсынуды басу
  • ТРАМАДОЛ 50-100 мг к\т, б\е, т\а немесе КЕТОНАЛ 10мг б\е

Дитерихс шинасын модельдеу

  • Шинаның табан бөлігін науқастың жарақаттанған аяқ-қолының табанына бекітіңіз (аяқ киімді шешпеңіз).
  • Шинаның ішкі (қысқа) планкасын аяқ-қолдың ішкі бетіне орнату, шаптың аумағына шаттың аралығын қорғау үшін мақта-дәке төсемін салу.
  • Шинаның табан бөлігінің металл көзіне дитерихс шинасының ішкі планкасын салыңыз.
  • Аяқтың табан бетінен 10-15 см шығатындай етіп бекітіңіз.
  • Шинаның сыртқы (ұзын) жолағын аяқ-қолдың сыртқы бетіне орнатыңыз, қолтық аймағына мақта-дәке төсемін салыңыз.
  • Шинаның табан бөлігінің металл көзіне сыртқы жолақты салыңыз.
  • Сыртқы жолақтың ұзындығы аяқтың табан бетінен 10-15 см шығуы керек;

Секіргішті (перемычка) бекітіңіз.

  • Секіргішті (перемычка) бекітіңіз.
  • Қысылу мен некроздың дамуын болдырмау үшін сүйектің шығыңқы жерлерінің астына мақта-дәке төсемдерін салыңыз.
  • Дитерихс шинасын бес нүктеде бекіткіштермен бекіту: тобық, тізе, сан, жамбас-сан, қолтықасты.
  • Шнурды секіргіштегі тесік арқылы бұрау таяқшасын тартыңыз.
  • Көлденең тіректер шап пен қолтықасты аймағына тірелгенге дейін аяқтың созылуын жасай отырып, оны бұраңыз.

Айналдыру таяқшасын бекітіңіз.

  • Айналдыру таяқшасын бекітіңіз.
  • Дитерихс шинасын салу кезінде үш буын (тобық, тізе және жамбас-сан)бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет