ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СӨЖ
Тақырып:
*М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегіндегі сөз таптарының функциялық тұлғалары мен категориялары
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
313-топ
Орындаған: Бейсеналы Аяулым
Қабылдаған: Раева.Г
Алматы 2023
Диуани лұғат-ат-түрк — Махмұд Қашқари 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.
Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.[1]
Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның (1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.
М. Қашқари – түркі халықтарының тілі мен халық əдебиетіне, тарихы мен тағдырына, жағрафиясы мен мифологиясына, əдет-ғұрпы мен тұрмыс-салттарына жіті ден қойып, қоғам дамуын, кезең көріністерін, əлеуметтік-мəдени ортасын, саяси құрылымдарын кеңінен зерделеген энциклопедиялық еңбек қалдырып, түркітану ғылымының негізін қалаған жалпытүркілік тарихи-тілдік тұлға. Тілдік-тарихи тұлға болып табылатын Махмұт Қашқаридың жеке адам ретінде қалыптасуының негізгі жүйесін яғни туған жері, жылы, тегі мен өмір сүрген ортасын анықтау, оның бізге жеткен жалғыз жəдігері «Диуани лұғат-ит-түрік» тілінің негізінде жүргізіледі.
Түркі өркениетінің көшбасшы ғұламаларының қатарына жататын Махмұт Қашқаридың алуан дерек көздері мен мол материалдарды қамтитын жалпытүркілік «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегі араб əліпбиі негізінде түрік тілінде жазылған. Еңбекте түрік сөздері араб транслитерациясында беріліп, сол ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының тілдері, олардың өздеріне тəн грамматикалық ерекшеліктері, этимологиясы мен қолдану нұсқалары көрсетілген. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, əдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері мен түрік тілінің бітімі ежіктей түсіндіріліп, түркі əлемінің ұлттық мұраты көрсетілген «Диуани лұғат-ит-түрік» жазба ескеркіші сегіз бөлімнен тұрады:
1 – «Хамза кітабы». М. Қашқари бұл бөлім жайлы «Тәңірі кітабының жөнімен мен бұл кітабымды хамзамен бастадым» деп көрсетеді [1, 32];
2 – «Сəлім кітабы» (бұл бөлімде құрамында «а», «у», «и» əріптерінің ешбірі болмаған жəне əріп қайталанбаған сөздер берілген);
3 – «Мұзоаф кітабы» (бір əріп екі рет қайталанатын сөздер);
4 – «Мисал кітабы» («а», «у», «и» əріптерінің бірімен басталған сөздер);
5 – «Үш əріпті сөздер кітабы»;
6 – «Төрт əріпті сөздер кітабы»;
7 – «Ғұнналылар» (мұрын жолды дыбыстар кітабы);
8 – «Сүкүндік»; (қос дауыссыз дыбыстар кітабы).
М.Қашқари əрбір бөлімнің өзін атаулар (есімдер) мен етістіктер секілді екіге ажыратып, алғаш атауларды яғни есім сөздерді, содан кейін етістіктерді
көрсетіп əрқайсысын өз орнына қойған. Əр бөлімнен түркі халықтарына ортақ өмір тұрмысына қатысты əр алуан атаулар мен ұғым-түсініктер, сөздер жиынтығы орын алып, олардың семантикалық мəн-мағынасы мен этимологиялық сипаттары ашылған. Халық əдебиетінің алуан үлгі-өрнектері көрсетіліп, 29 тайпа, 110 жер-су атаулары, төрт жолдық 242 шумақ өлең, 262 мақал-мəтелдер мысал ретінде берілген [1,32].
«Диуанның» қолжазбасын алғаш рет 1914-1915 жылдары Али Амри деген түрік ғалымы Стамбулдағы «Саһабалар жыршысы» деп аталатын кітап базарынан сатып алған. Рифат Билге есімді адам қолжазбаның көшірмесін жасап, 1915 жылы 1-2 кітабын, 1917 жылы 3-кітабын басып шығарған. Осы кезден бастап «Диуанды» зерттеу басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. ХІ ғасырда жазылып, ХХ ғасырда ғана ғылыми ортаға оралған «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігі – түркі халықтарының энциклопедиясына айналып, күні бүгінге дейін құнын жоймаған ұлы еңбек. Махмұт Қашқаридың бұл сөздігінде осыдан мың жылдай бұрын өмір сүрген түркі тайпаларының айтылу, жазылу заңдылықтары, қолдану аясына қатысты айырым белгілері терең зерттеліп, әлемдік түркітану тарихында алғаш рет тарихи-салыстырмалы зерттеу әдісімен диалектология ғылымының негізі қаланған.
Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбегіндегі төрт түлікке байланысты атаулар ішіндегі ең көп кездесетін сөздер -жылқыға, оның жасына, жынысына, түріне, түсіне, сол сияқты мінезі мен қимылына және басқа ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын атаулар. Оларды лексикалық мағынасына қарай өзара жіктегенде мынадай топтарға бөлуге болады: а) жылқы малының жалпы атаулары: йылқы, йунд, ат, арқун, қатыр; ә) жынысына қарай: ат, айғыр, қысырақ, бие; б) жасына қарай: құлын, тай, сып, өк. Сондай- ақ мінез-болмысына (табиғи ерекшеліктеріне), түр-түсіне, жұмсалу орнына қарай т.б.Йылқы (жылқы) сөзі, M. Қашқаридың айтуынша, «тұяқты мал» деген мағынаны білдіреді. Ол былай деп жазады: йылқы - туйағлығ йылқы.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап – А., 2014.
2. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүржалғастығы. – А., 2015.
3. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. – Астана, 2014.
4. Қыраубаева А. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, 1995.
Достарыңызбен бөлісу: |