Дивидендная политика ао «ForteBank» Редакция 00


-тарау. Дивидендтерді төлеу тәртібі



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата01.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#121318
түріЗакон
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
asbn dividend policy 010223

5-тарау. Дивидендтерді төлеу тәртібі
 
11.
Дивидендтер алуға құқығы бар Акционерлердің тізімі «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» 
АҚ (бұдан әрі – ОД) қалыптастырады және дивидендтерді төлеу басталған күннің алдындағы күні жасалуы 
тиіс. 
12.
Орналастырылмаған немесе Банктің өзі сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ сот немесе 
АЖЖ оны тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда дивидендтер есептелмейді және төленбейді. 
13.
Дивидендтер төлеу дивиденттерді төлеу үшін ОД ұсынған дивидендтер алуға құқығы бар 
бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі негізінде және онда көрсетілген деректемелер бойынша Банктің 
жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімді АЖЖ қабылдаған күннен кейінгі күннен 
бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.
14.
Осы Саясаттың 17-тармағына сәйкес, Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде 
көрсетілген Акционердің ағымдағы төлем деректемелері бойынша немесе ОД-да ашылған талап етілмеген 
ақшаны есепке алу шотына ақша аудару дивиденд төлеу болып табылады.
15.
Акциялар бойынша дивидендтер төлеу кезеңділігі Банк Жарғысымен белгіленеді. 
16.
Төленген дивидендтерге салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасында 
белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. 
17.
ОД тізілімдер жүйесінде Акционердің ағымдағы деректемелері туралы мәліметтер болмаған 
жағдайда, Банктің жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу АЖЖ Банктің жай акциялары бойынша 
дивидендтер төлеу туралы шешімді қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн 
өткен соң 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банк ОД-да ашқан талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған 
шотқа аудару арқылы жүзеге асырылады.
18.
Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында және листингісінде Банктің бағалы қағаздары 
бар Биржа қағидаларында көзделген тәртіпте және мерзімде Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер 
төлеуге қатысты АЖЖ-ның қабылдаған шешімі туралы ақпаратты ашады. АЖЖ Банктің жай акциялары 
бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімінде келесі мәліметтер болуы тиіс: 
1) Банктің атауы, орналасқан жері, банктік және өзге деректемелері; 
2) дивидендтер төленетін кезең
3) бір жай акцияға шаққандағы есептегі дивиденд мөлшері; 
4) дивидендтерді төлеу басталған күн; 
5) дивидендтерді төлеу тәртібі және нысаны. 
19.
Акционер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда
Банктің берешегін қалыптастыру мерзіміне қарамастан, алынбаған дивидендтерді төлеуді талап етуге 
құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет