«ForteBank» АҚ дивидендтік саясаты
00 редакция
3 беттің 2-шісі
1-тарау.
Жалпы ережелер
1.
Осы "ForteBank" АҚ дивидендтік саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының
заңнамасына, "ForteBank" АҚ (бұдан әрі – Банк) Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.
2.
Осы Саясатты әзірлеудің мақсаты Банктің таза
кірісін бөлу тәртібін белгілеу, Банктің жай
акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау, оларды төлеу механизмі мен мерзімдерін
айқындау болып табылады.
2-тарау.
Терминдер және анықтамалар
3.
Осы Саясатта және оның мақсаттарында мынадай негізгі
терминдер мен анықтамалар
пайдаланылады:
1)
Акционер
– Банктің жай акцияларын иеленушісі болып табылатын тұлға;
2)
Биржа
– «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) немесе бағалы қағаздарының ресми тізіміне
Банктің бағалы қағаздары кіретін кез келген басқа қор биржасы;
3)
дивидендтер
– акционердің оған тиесілі жай акциялар бойынша Банк төлеген кірістері;
4)
Акционерлердің жалпы жиналысы (бұдан әрі – АЖЖ) -
акционерлік
қоғамдағы жоғарғы
басқару органы;
5)
жай акция
– акционерге дауыс беруге қойылған барлық мәселені шешу кезінде дауыс беру
құқығымен акционерлердің жалпы
жиналысына қатысу құқығын, Банктің таза кірісі болған жағдайда
дивидендтер, сондай-ақ Банк таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін
алу құқығын беретін бағалы
қағаз;
6)
таза кіріс
– бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалатын корпоративтік табыс салығы
бойынша шығыстарды қоса алғанда, есепті кезеңде жүргізілген шығыстарды
шегергеннен кейін қалатын
Банк кірісі.
Ескертпе:
осы Саясаттың мәтінінде пайдаланылған басқа да нақты терминдер мен қысқартулар
Банктің басқа ішкі құжаттарында
көрсетілген мағынаға сәйкес, ал олар Банктің басқа ішкі құжаттарында
болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мағынаға сәйкес қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: