Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ


Дәріс 5. Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария



бет13/48
Дата05.12.2022
өлшемі230,26 Kb.
#55063
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Дәріс 5. Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария

Дәрістің жоспары:


1. Негізгі санитарлық-гигиеналық және санитарлық техникалық талаптар
2. Өндірістік орнына қойылатын санитарлық гигиенаның талаптары

Еңбек гигиенасы — қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық - эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені. Атап айтқанда, еңбек гигиенасы еңбек процесстерінің және өндіріс ортасының адам ағзасына әсер етуін түсінеміз.


Еңбек гигиенасы санитарлық – гигиеналық, ұйымдық және емдік профилактикалық шаралар, кәсіпкерлік аурулардың алдын алуына және еңбек шарттарының денсаулығын жақсартуға жіберуді қамтамасыз етеді.
Өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.
Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын санитарлық қолайлығын талаптарға сай қамтамасыз етуді, кәсіпорынның аумақтары сияқты, сондай ақ олардың өндірістік және тұрмыстық бөлмелерін еңбекке қолайлы етіп жасап шығару. Санитарлық - гигиеналық талаптардың қанағаттандырылмағаны тек қана кәсіптік ауруларға ғана шалдыра қана қоймай, сонымен қатар өндірістегі жарақаттанудың бірден бір себебі болуы да мүмкін.
Цехтарда жоғары температураның болуы бірден барлық жұмысшылардың жағдайларын нашарлата бастайды, бас айналу және ұйқышылдық пайда болады. Ал төменгі температурада жұмысшыларға сырт киіммен жұмыс істеуге тура келеді, ол қозғалысты ауырлатады.
Төмен (жаман) жарықтандыру кезінде жұмыс жасау көзге тез арада зақым келуін және ауыр жарақатқа әкеліп соғу мүмкіндіктерін туғызады.
Цехтардағы ауа ортасының шаңмен және газдармен ластануы, сонымен қатар шуыл адам ағзасына өте зиянды.
Санитарлық - гигиеналық талаптың жобалануы үшін, сондай - ақ кәсіпорындарды санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріліп ескеріледі «СЭТ өндірістік объектілерді жобалау» (ҚР ДСМ №334, 08.07.05ж. бұйрығында).
Құрылғыға гигиеналық талаптардың және өндірістік кәсіпорындардың өзіне келесі кезеңдерді қосады: құрылыс алаңын талдау; кәсіпорынды аумақтық сәулелендіру; өндіріс және қосалқы ғимараттардың орналасуы; канализация және сумен жабдықтау; отын жүйелерінің құрылысы, желдету және жарықтандыру, қосалқы бөлмелермен жабдықтау.
Бұл барлық талаптар өнеркәсіпті жобалау кезінде және кәсіпорындардың қолданылуы кезінде міндетті болып келеді.
Кәсіпорын аумағы. Жаңа кәсіпорындар салынатын аймақтарда табиғи жарықпен және желдетумен тиісті қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпорындардың арасындағы ара қашықтық және жақын арадағы тұрмыстық үйлер, мәдени тұрмыстық және емдік ғимараттарды санитарлық - қорғайтын аймақ деп атайды.
Барлық өнеркәсіп кәсіпорындары олардың технологиялық процесстер және зиянды, улы заттардың бөлінуіне қарай бес топқа бөлінеді. Кәсіпорынның топтық сәйкестігіне байланысты қорғау аймақтары орналастырлады, олар мынаған тең: бірінші топ үшін -1000, екіншіге -500, үшішісі үшін -300, төртіншісі үшін -100, бесіншісі үшін -50 м.
Кәсіпорындарды санитарлық топтастыру, өндірістердің және объектілерді технологиялық процесстермен, өндірістегі зиянды заттардың қайнар көзі болып табылады, сонымен қатар санитарлық – қорғау аймақтардың мөлшерлерінің сәйкестігіне «СЭТ өндірістік объектілерді жобалау» (ҚР ДСМ №334, 08.07.05 бұйрығында).
Өндірістік зияндылықтар. Шаңның, шуылдың және басқа да өндірістік зиянды заттардың болуы кезінде, шаң ұстайтын қондырғы қолдану қажет, арнайы тазалайтын құрылғыларды құрастыру, учаскілерге бөлу, мұнда шуыл деңгейі жоғары болған кезде қолданылады.
Өндірістік және тұрмыстық ғимараттарды жазықтықты жоспарлау кезінде санитарлық және от пен жарылуларға қарсы қажетті талаптарды қамтамасыз ету қажет.
Құрылыс алаңдарының тиісті аумақтары нормаға сәйкес биіктікті тігінен жоспарлау кезінде алынады. Өндірістегі аумақта автокөліктердің жолдарының және адамдар өтетін жолдар қамтамасыз етілуі қажет, адамдардың өту және автокөліктердің ғимараттарға өту жолын қамтамасыз ету, өндіріс мақсаттары үшін ғана емес, сонымен қатар өртсөндірушілерге де немесе әр – түрлі апаттардың алдын алу шаралары кезінде де қолайлы болуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын аумақтарында кем дегенде екі шығатын жол болу керек.
Қалған барлық алаңдар көгалдандырылған болуы тиіс.
Көгалдандырылған, және көркейтілген аумақта автокөліктердің жолдарының және адамдар өтетін жолдарды тек қана жүруді ғана қамтамасыз етпей, сонымен қатар осы кәсіпорын ауданындағы ауа тазалығына да жағдай жасау болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет