Дизартрия



бет4/4
Дата14.10.2023
өлшемі26,56 Kb.
#114323
1   2   3   4
Байланысты:
Ересектердің дизартриясының негізгі клиникалық түрлері Сопақша ми дизартриясы

Ми қыртысы дизартриясы
Ми қыртысы дизартриясы
доминантты ми сыңарының төменгі бөліктердегі орталық қатпарлардың (постцентральді және премоторлы аумақтарының) зақымдалу салдарынан болады. Ми қыртысы дизартрияның эфферентті (премоторлы) және афферентті (постцентральді) түрге бөледі
Ми қыртысы дизартрияның эфферентті түрі артикуляциялық мускулатураны иннервациялайтын алдыңғы орталық ми қыртысы аумағының зақымдалуынан болады. Жеке артикуляторлық қимылдардың бұзылуы байқалады. Көбінесе тілдің ұшының қимылы бұзылады, соған байланысты тілалды дыбыстары бұзылады. Дыбыс артикуляциясы бұзылады, көптеген синкинезия кездеседі.
Сөйлеу процесінде бір дыбыстан екінші дыбысқа ауысуы қиындық туғызады, баяу сөйлейді, сөз арасында тоқтап қалады, кейде буындап сөйлейді. Дауысты дыбыстарды айтуы өзгереді, барлық дауысты дыбыстар А, Э дыбыстармен ұқсас айтылады, дауыссыз дыбыстар ұзартылып айтылады (Мысалы, сссақат), қосымша дыбыстарды қосып айтады немесе тастап
кетеді.
Ми қыртысының афферентті түрі ми қыртысының үлкен жарты шардың постцентральді аймақтарының зақымдалуынан болады. Бұл түрінде қол қимылында апраксия мен оральді апраксия (қимылды «іздеу») байқалады. Дизартрияның бұл түрінде дұрыс артикуляцияны белсенді түрде іздеу байқалады, сондықтан артикуляцияны іздеу кезінде сөйлеу үзіліп қалады, жатық болмайды. Аффрикаттар өзінің құрылымдағы бөліктеріне ыдырап айтылады, саңылау дыбыстар жабысыңқы, шұғыл дауыссыз дыбыстармен алмасады, дауыссыздар қатар келгенде бір дыбыс түсіп қалады.
Қорытынды:
1. ми қыртысындағы моторлы бөлімдердің бұзылуында жалпы сөйлеу тілінің баяулауы көрініс алады;
2. сөйлеу тілінің жатықтығы бұзылады, сөз арасында тоқтап қалу, әсіресе дауссыз дыбыстардың қатар келгенінде;
3. дауыссыз дыбыстардың күнгірт, қатал айтылуы;
4. сөзге қосымша дыбыс қосу;
5. қатты дауыстап сөйлеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет