Дизартрия



бет3/4
Дата14.10.2023
өлшемі26,56 Kb.
#114323
1   2   3   4
Қорытынды.
1. Жалған сопақша ми дизартриясы орталық спастикалық параличтің бір белгісі және сөйлеу кезіндегі қимылдың бұзылуы болып саналады.
2. Ерікті қимыл бұзылады, еріксіз (рефлекторлы) қимыл сақталған болады.
3. Тіл жүйесінде спастикалық паралич кезінде артикуляциясы күрделі дыбыстар бұзылады.
4. Барлық дыбыстар (дауысты дыбыстар да) мұрыннан айтылады. Дауыс қырылдап шығады, тез шаршап қалады.
5. Сөйлеу жылдамдығы баяу, сөз түсініксіз, фразалардың қысқа интонациясы, әуезділігі нашар болады.

Мишық дизартриясы
Мишық дизартрия жеке таза түрінде өте сирек кездеседі. Миға қан күйылу, ісіктің салдарынан мишықтың немесе мишықты орталық нерв жүйесімен қосатын жолдардың зақымдалуынан пайда болады.
Неврологиялық статусы: тілдің, еріннің бұлшық еттерінің тонусы төмен, тіл жіңішке, қимылы шектелген, артикуляциялық қалыпты ұстай алмайды, бағытты, мақсатты ұсақ қимылдар жасау барысында тілдің треморы (дірілі) байқалады. Жұмсақ таңдай салбыраңқы. Бет әлпетінде мимика болмайды. Қимыдың координациясы бұзылған болып келеді.
Сөйлеу статусы: сөйлеу тілі түсініксіз, баяу, фразаның аяғында кейбір дыбыстарды қатты дауыстап айтады немесе мүлдем дауысы шықпай, сөздің арты естілмей өшіп қалады. Сөйлеу ырғақтылығы бұзылған, дыбыстарды мұрыннан айтады, дауысы әлсіз.
Мишығы зақымдалған адамдарда тыныштық, қимылсыз күйде де, қимыл кезінде де бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. Аяқ-қолдарын сәйкестендіруде қиындықтар байқалады. Психикасында кейбір ерекшеліктер кездеседі (орынсыз күлу, сөйлеп қою, т.б.).
Қорытынды.
1. Мишықтың және оның жолдарының зақымдануында бұлшық еттердің тонусының төмендеуі, қимылдың диссиметриясы байқалады.
2. Просодикалық ерекшеліктері: дауыс күшінің тұрақсыздығы, оның өшіп қалуы, тоқтап, іркіліп қалуы, мәнерлеп сөйлеуі байқалады.
3. Сөз аяғында буынды немесе дыбысты айтпауы сөйлеу тілін түсініксіз етеді.
4. Дем алуға қатысты бұлшық еттердің треморы тыныс алуына, дауыстың дірілдеп шығуына әсер етеді.
5. Сөйлеу кезінде дене кейпінің қатайуы бетінің қызаруын немесе сұрлануын тудырады.

Ми қыртысы асты немесе «экстрапирамидалық» дизартрия
Ми қыртысы асты дизартрия бас миының ми қыртысы астындағы түйіншіктердің зақымдалу салдарынан болады.
Неврологиялық статусы: бұлшық ет тонусының тұрақсыздығы (дистония), бет және артикуляцияның бұлшық еттерінде еріксіз қимылдар (гиперкинез) байқалады. Кейде гиперкинездің салдарынан ауыз еріксіз ашылып, тілі алға бірден шығып, ауыру адам біршама осы қалыпта тұрып қалады.
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипаттамасы. Сөйлеу кезінде тоқтап қалу, сөйлеу жылдамдығының бұзылуы (бір буынды тез айтады, басқа буындарды баяу немесе мүлдем айтпайды) жеке дыбыстарды, буынды, сөзді қайталап айту (персеверация) байқалады. Сөйлеу тілінің әуезділігнің (просодикасының) бұзылуы сөйлеу кезіндегі тыныс алудың бұзылуымен
бірге байқалады. Дауыс күнгірт, әлсіз, тембрі көмескі болып келеді. Бұлшық еттердің ауыспалы тонусы мен гиперкинездердің салдарынан сөйлеу тілінің фонетикалық жағы мен просодикасының әр түрлі және тұрақсыз бұзылыстары байқалады.
Қорытынды.
1. Дизартрияның экстропирамидалық түрі мидың ми қыртысы асты аумағының зақымдалуының салдарынан пайда болады.
2. Гиперкинездер мен сөйлеу мүшесінің бұлшық етінің ауыспалы тонусы сөйлеу тілін дөрекі бұзады.
3. Фонетикалық бұзылыстардың бірқалыпты, тұрақты бұзылуы байқалмайды.
4. Ауызша сөйлеу процесінде тыныс алу, дауыс шығару, артикуляциялық мускулатураларының қысқару уақытының арасында байланыстылық бұзылады.
5. Дауыс пайда болу қиыншылығы - дауысты ерікті қосу мен сөйлеу кезінде тез шаршап қалуымен сипатталады.
6. Сөйлеу тілінің жатықтығы мен интонациялық-әуезділік құрылымының бұзылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет