Дизартрия


Дизартрияның клиникалық- физиологиялық аспектілері



бет2/3
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42196
1   2   3

Дизартрияның клиникалық- физиологиялық аспектілері :

  • Cөйлеу аппаратының бұлшық еттері, перифериялық қимылдық нервтер (тіл, ерін, бет ұшы, таңдай, астыңғы жақ, жұтқыншақ, өңеш, диафрагма, көкірек клеткасы);
  • Бас миының бағандарында орналасқан осы перифериялық қимылдық нервтердің ядролары;
  • Бас миының қабықтық бөліктеріндегі және баағандарында орналасқан қарапайым жылау арқылы берілетін сөйлеу реакциялары, күлу, шыңғыру, эмоцияны көрсету сияқты эмоциялық шартсыз рефлекстерді жүзеге асыратын ядролар

ДИСЛАЛИЯ МЕН ДИЗАРТРИЯНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ

Талдаудың аспектісі

Дислалия

Дизартрия

Бұзылыстың себептері

Артикуляциялық мүшелердің құрылысы мен қозғалысының аномалиясы; сөйлеу ортасының дұрыс болмауы, соматикалық әлсіздік.

ОЖЖ-нің зақымдануымен байланысты.

Неврологиялық симптоматика

Физикалық жағдайы

Қозғалыс сферасы ақаусыз, сіңірлі рефлекстері тірі, біркелкі.

Жалпы, жіңішке және артикуляциялық моторикасы зардап шегеді.

Артикуляциялық аппараттың қозғалысы: көлемі, қозғалмалығы, қозғалыстың сапасы, ауыспалығы.

Бір қозғалыстан екінші қозғалысқа ауысуы жақсы. Қозғалыс көлемі көбінесе артикуляциялық мүшелердің құрылуымен байланысты, жеке алғанда тіл асты байланыстың ұзындығынан. Артикуляциялық қозғалысы толық дамымаған, бірақ бұзылмаған.

Қозғалыстары шектелген және қиындатылған, көлемі жеткіліксіз, бір қимылдан екінші қимылға ауысуы нашар. Байқалады: көгеру және тілдің треморы, саливация, маңдайын түю, қасын көтеру, қолын жұдырықтатып жинау және т.б

Дауыс қызметінің жағдайы:дауыс күші, жоғарылығы, тембрі.

Даусы әлсіз, басыңқы, үзілмелі.

Дем шығару қызметінің жағдайы

Сөйлеу тілінің диафрагмальды дем шығаруы қалыпты

Дем шығаруы үзілмелі. Сөйлеу тілінің диафрагмальды дем шығаруы қалыптаспаған.

Сөйлеу тілінің дыбыстық жағының жағдайы: дыбысты айтуы, екпіні, ырғағы, мәнерлігі.

Дыбысты бұрмалап айту, алмастыру, бір немесе бірнеше дыбыстарды қалдырып кету байқалады. Дауыссыз дыбыстарды айту кезінде қиыналады. Сөйлеу тілінің екпінінде, ырғағында мәнерлілігінде кемшіліктер аса байқалмайды.

Дыбыстардың бірнеше жұптарын анық айтпайды. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды айту кезінде қиналады. Сөйлеу тілінің екпіні, ырғағы, интонациясы бұзылған.Осының салдарынан сөйлеудің мәнерлігінде кемшілік байқалады.

Ауызша сөйлеу тілінің жағдайы: Сөздік қоры, грамматикалық құрылысы, фразалық сөзі.

Ауызша сөйлеу тілінде дыбысты айту мен фонематикалық есту қабілетінің бұзылысынан басқа кемшілік байқалмайды.

Ауызша сөйлеу тілінің барлық компоненттері зардап шегеді. Сөздік қорының кедейлігі, аграмматизм, фразалық сөйлеу тілінің жеткілікті құрылмауы байқалады.

Жазба және оқу дағдыларының жағдайы

Жазу мен оқу әрекеттерінде сәйкес әріптерді алмастыру байқалады.

Дизартриямен қоса моторлы, акустикалық, оптикалық және т.б сияқты жазба тілінде бұзылыстар байқалады.

Психикалық дамуы

Есте сақтау, сезу, қабылдау, ойлау процесстері қалыпты жағдайда. Баланың тәртібі адекватты. Жұмысқа қабілеттілігі мен зейінінде аздаған кемшіліктер байқалуы мүмкін. Балалар белсенді, қозғалмалы, ешқандай қиындықсыз қызметтің бір түрінен екінші түріне ауыса алады.

Есте сақтау қабілеті төмен, қысқа мерзімді. Зейіні тұрақсыз, жұмысқа қабілеттілігі төмен. Ашушаң, көңіл-күйі құбылмалы. Ақыл-ойы төмен, психикалық дамуында жиі тежелу байқалады, олигофренияның жеңіл түрі де болуы мүмкін. Балалардың қозғалысы баяу немесе тежелген, бір қызмет түрінен екінші қызмет түріне қиындықпен ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет