Дүйсенбі бисмиллəһир – рахманир – рахим. Əл – хамду лиллəһи раббил – алəмин. Уас – салату


Аллаһуммə салли али сəйидинə Мухаммəдин уə алə əли сəйидинə Мухəммəд



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата29.06.2022
өлшемі0,53 Mb.
#37409
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7күнге дұға

Аллаһуммə салли али сəйидинə Мухаммəдин уə алə əли сəйидинə Мухəммəд, 
кəмə саллайта алə сайидинə Ибраһимə уə алə əли сəйидинə Ибраһим. Иннəкə хамидун 
мəжид. 
Амин! Уəл – хамду лиллəһи раббил – алəмин! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
БЕЙСЕНБІ 
 
Бисмиллəһир – рахманир – рахим. Əл – хамду лиллəһи раббил – алəмин.Уас – салату 
уəс – сəлəму алə сəйидинə Мұхаммəдин уə алə əлиһи уə сахбиһи əжмаин. 
 
Я, Раббым! Жасағандарымыз үшін мыңдаған тəубе айтамыз. Күнəларымыз көп, бірақ Сенің 
мейірімің бəрінен де астам, бəрін де қамти алады. Мейірімің азабыңнан асып түседі. Бізге 
мейіріміңді төге көр. 
Уа, мейірімді Аллам! Дінімізді, өмір сүріп жатқан бұ дүниемізді жəне кері қайтатын 
ақиретімізді қайырлы ете көр. Өмірімізді əртүрлі қайырлы істерді арттыруға, өлімімізді 
əртүрлі пəле – жаладан құтылуға себеп ете көр. 
Я, Алла! Саған лайықты ғибадат етуді қалаймыз. Тіліміздегі түйінді шешіп, тілімізге тура 
сөз бен шындықты жеткізе алу күш – қуатын бере көр. Ішіміздегі дұшпандық, зұлымдық, 
өшпенділікті өшіре көр. 
Я, Жаббар Ием! Сеннен қайырлы іс – əрекеттер жасауды, жамандықтардан бойымызды 
аулақ салуды, кедей – кепшікті жақсы көруді, бізді кешіруіңді, бізді мейіріміңе бөлеуді 
жəне адамдардың арасында дінге қарсы бұзақылық бастағанда, бізді сол бұзақы іс – 
əрекетке бармай тұрып жанымызды алуыңды сұраймыз. 
Уа, Алла тағалам! Сеннен сүйіспеншілік, Сенің жақсы көргендеріңнің сүйіспеншілігін жəне 
Сенің сүйіспеншілігіңе себепші болатын іс – əрекеттерді бізге жақсы көргізуіңді сұраймыз. 
Я, Жаратқан Ием! Сеннен тура жол, тақуалық, денсаулық, байлық тілейміз. Бізге бақытсыз, 
тоңмойын, қайырымсыз жүрек емес, керісінше, Саған серік қоспайтын, елжіреген, тап – 
таза жүрек сыйла! 
Уа, мейірімді Аллам! Бізді дін жəне дүние бəлекетінен, ақырзаман бəлекетінен, 
дінсіздердің зорлық – зомбылығынан, мұнафық – екі жүзділердің, пасықтардың 
пəлекетінен сақта. 
Я, Раббым! Бізді бұрыс жолдан, бидғаттардан, кесел – кесапаттан, жамандыққа жетелейтін 
нəпсінің арбауынан сақта. Бізді бір сəтке болса да нəпсінің жетегіне ергізбе. 
Я, Раббəнə! Саған, Сенің дініңе қызмет етуге сөз береміз! Бүкіл өмір бойы разылығыңа сай 
қызмет етуді бізге нəсіп ет жəне бұл жолда тағы да Өзің бізге жар бола көр. «Сені 
адамдардан сақтаймын» деген антыңнан бізді мақұрым қалдырма, бізді сақтай көр, қорғай 
көр! Ісімізге сəттілік, қайрат – жігерімізге күш – қуат, денімізге саулық, өмірімізге береке, 
ақыл – ойымызға шабыт бер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет