Дүйсенбі бисмиллəһир – рахманир – рахим. Əл – хамду лиллəһи раббил – алəмин. Уас – салату


Аллаһуммə салли али сəйидинə Мухаммəдин уə алə əли сəйидинə Мухəммəд



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата29.06.2022
өлшемі0,53 Mb.
#37409
1   2   3   4   5   6   7
Аллаһуммə салли али сəйидинə Мухаммəдин уə алə əли сəйидинə Мухəммəд, 
кəмə саллайта алə сайидинə Ибраһимə уə алə əли сəйидинə Ибраһим. Иннəкə хамидун 
мəжид. 
Амин! Уəл – хамду лиллəһи раббил – алəмин! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
ЖЕКСЕНБІ 
 
Бисмиллəһир – рахманир – рахим. Əл – хамду лиллəһи раббил – алəмин.Уас – салату 
уəс – сəлəму алə сəйидинə Мұхаммəдин уə алə əлиһи уə сахбиһи əжмаин. 
 
Раббымыз, қиямет күні бізді, ата – анамызды жəне мүминдерді кешір. 
Уа, Алла тағалам! Қателіктерімізді қармен, жаңбырмен жу. Жүрегімізді ақ көйлектің кірден 
тазарғанындай тазала жəне күнəмізбен біздің арамызды шығыс пен батыстың арасын 
бөлгеніңдей етіп бөл. 
Я, Раббым! Өміріміздің ең қайырлы сəті – соңғы деміміз, амалдарымыздың ең қайырлысы – 
соңғы амалымыз, күндеріміздің ең қайырлысы – Саған қауышқан күн болсын. Осыны бізге 
нəсіп ет! 
Я, Алла! Бізге Сенің разылығыңа қол жеткізетін істерді жасауды нəсіп ет. 
Уа, мейірімділердің ең Мейірімдісі! Надандықтан, күпірліктен, пасықтықтан, Саған қарсы 
келіп дұшпан болудан, басқалары көрсін – білсін деп адамдардың көзіне түсу мақсатымен 
амалдар жасаудан сақтанып, Саған сиынамыз. 
Я, Жаббар Ием! Кереңдіктен, мылқаулықтан, жынданып кетуден, алапестіктен жəне басқа 
аурулардан, нығметіңнің үзілуінен, тыныштықтың бұзылуынан, азабыңның аяқ астынан 
басымызға келуінен бізді сақтай көр. 
Я, Жаратқан Ием! Пайдасы жоқ бос білімнен, Сеннен қорықпайтын жүректен, тойымсыз 
нəпсіден жəне қабыл болмайтын дұғадан сақтанып,Саған сиынамыз. 
Уа, Алла тағалам! Жасаған – жасамаған барлық амалдарымыздың кəрінен, білетін – 
білмейтін нəрселеріміздің жамандықтарынан бізді сақтай көр. 
Я, Алла! Бізді барлық дұшпандардан, олардың қитұртқы ойындарынан, бізді құрпақ болған 
қанқұйлы жоспарынан аман сақта, керісінше, олардың бəрін құрдымға жібер, түп – 
тамырымен жой, ойлаған, істемекші болған бүкіл нəрселерін өздерінің басына келтір. Бізді 
түрлі бəле – жаладан, рухани – материалдық кесел – кесеаппаттан, жамандықтан, тіл – 
көзден, табиғи апаттардан, жарты жолда қалудан, адасудан, қорқақтықтан, қарызға 
батудан, екіжүзділіктен, жалқаулықтан, салғырттықтан, мақтаншақтықтан, күллі жаман 
мінез – құлықтан аман сақта! 
Аллаһуммə салли али сəйидинə Мухаммəдин уə алə əли сəйидинə Мухəммəд, 
кəмə саллайта алə сайидинə Ибраһимə уə алə əли сəйидинə Ибраһим. Иннəкə хамидун 
мəжид. 
Амин! Уəл – хамду лиллəһи раббил – алəмин! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет