157
в) екі – үш дөрекі емес қатеден көп болмаса;
г) бір дөрекі емес қателік пен үш ескермеушілік болса;
д) төрт – бес ескермеушілік болса;
«2» деген баға қойылады егер қателер саны мен
ескермеушіліктің мөлшері «3» деген бағаға сәйкес талаптардан
асып кетсе;
Зертханалық және практикалық жұмыстарды бағалау.
«5» деген баға қойылады, егер оқушы:
а) тәжірибені орындаудың ережесін сақтап, жұмысты толық
көлемде орындаса; б) тәжірибеге қажетті құралдарды өз бетімен
таңдап, тәжірибенің нәтижесін дұрыс алатындай жағдайды
ескеріп орындаса;
в) жұмысы бойынша қорытынды есебінде барлық жазуларды,
таблицаларды, суреттерді, сызбаларды, графиктерді дұрыс және
ұқыпты орындап, өлшеу қателіктерін ескеріп қорытындыны
дұрыс жасаса; (9 – 11 сыныптарда);
д) қауіпсіздік ережесін орындаса.
«4» деген баға қойылады, егер жұмыс «5» деген бағаның
талаптарына сай болып, бірақ мынадай қателіктер жіберілсе:
а) тәжірибе өлшеу дәлдігін қанағаттандырмайтын жағдайда
орындалса;
б) екі-үш ескермеушілік немесе бір дөрекі емес қателік кетсе;
«3» деген баға қойылады, егер жұмыс толық орындалмаса
немесе тәжірибені орындау барысында келесі қателер жіберілсе:
а) тәжірибенің нәтижесінде үлкен қателік кететіндей жағ-
дайда орындалса;
б) жұмыстың есебінде оның нәтижесіне әсер ететін екеуден
аспайтын қателіктер жіберілсе (өлшем бірліктерді жазғанда,
есептеулерде, графиктерді, кестелерді, сұлбаларды салғанда,
өлшеу қателіктерін талдауда т. б.);
в) өлшеу қателіктеріне талдау жасалмаса немесе дұрыс
талдау жасалмаса;
«2» деген баға қойылады, егер:
а) жұмыс толық орындалмаса және орындалған жұмысы
дұрыс қорытынды шығаруға мүмкіндік бермесе;
б) тәжірибе, өлшемдер, есептеулер дұрыс жүргізілмесе;
в) жұмыс істеу барысында және жұмыс нәтижесін қоры-
тындылауда, «3» деген бағаның талаптарын қанағаттандырмаса.
Достарыңызбен бөлісу: