187
Физика мен техникаға арналған үздік суреттер сайысы
(7-8 сыныптар). Физика пән мұғалімі және штаб мүшелері
мектептің сурет пәні мұғаліміне, апталық уақытында оқушыларға
алдын-ала, сабақта физикалық құбылыстардың
суретін салу тап-
сырмасын беруін сұраулары қажет. Қазіргі және болашақ ғылыми
техниканы, олар қалай елестететіндігі жөнінде салынуы керек
Физикалық қабырға газеттері мен бұрыштамалар сайы-
сы. «Ғылым мен техника жаңалықтары». Бұл сыныптар ұжымы-
ның сайысы болып табылады және оны үлкен
балмен бағалау
керек. Бағалау кезінде қабырға газеттерінің тақырыбы қанша-
лықты қызықты және мазмұнды екеніне көз жеткізген дұрыс.
Кештің түрлері. 7-8 сыныптар үшін
сыныптан тыс
жұмыстардың тәжірибесінен үлкен қолдау тапқан кештер –
қызықты физика, физика-техникалық кештер,
тақырыптық және
мерейтойлық күндерге арналған кештер болды.
Физика мен техника кештері.
Физика мен техника кештері – физикадан көпшілік сыныптан
тыс жұмыстың тардымды да пайдалы түрінің бірі. Жақсы
ұйымдастырылып өткен кеш көбінесе
оқушыларға ұмытылмас
әсер қалдырады да, олардың
кейбіреулерінің физика мен
техникаға шынайы еліктеуінің бастамасы болады.
Достарыңызбен бөлісу: