184
қызығушылығын арттырып, оны өзге пәндермен салыстыра
отырып мамандық таңдауға үлес қосады.
Жыл сайын өткізілетін апталықтардың жоспары өзгертіліп
отырғаны дұрыс. Әрбір пәндер бойынша өткізілетін апталық-
тардың аралығы 10 күн болуы керек.
Апталықтарды өткізу үшін арнайы штаб құрылу керек және
ол апталықтардың барлық жұмыстарын басқарып отырады.
Сонымен қатар мектеп комитетінің
отырысында штаб құрамы
қарастырылып, бекітіледі.
Штаб құрамы тек жақсы ұйымдастырушылардан ғана емес,
сонымен қатар физикаға қызығушылығы бар және өзге оқушы-
лардың да пәнге деген қызығушылығын арттыра білетіндей білімі
бар болуы керек.
Штаб құрамы физикалық апталық басталатын күннен 2 апта
бұрын жиналады. Штаб құрамының отырысында апталықтың
өткізу жоспары құрылады, әрбір шараға жауапты адам тағайын-
далады және әрбір конкурсқа әділқазы алқаларын сайлайды.
Апталықты өткізудің ең маңызды бөлігі оның болатындығын
алдын – ала хабарлау.
Физикалық апталықтың ашылу
салтанатында арнайы хабар-
ламалар дайындаған жөн. Олар мынадай түрде болуы мүмкін:
1. Апталықтың ашылуымен оқушыларды құттықтап, оларға
физика ғылымы жөнінде қысқаша мәлімет беру.
2. Апталық жоспарын хабарлау.
3. Оқушыларды физикалық білімдерін одан әрі жетілдіруге
шақыру.
4.Оқушылардың физикалық апталыққа арналған әнұранын
орындауы.
Мектептің хабарламалар бұрышында «Физика апталығы өту-
де» деген әдемі плакат іліп қоюға болады.
Бұл ілінген плакат тек
қана жоғары сынып оқушыларын ғана емес, төменгі сынып оқу-
шыларын да тіпті ата-аналарды да қызықтыратындай болуы керек.
Физика кабинетінің жанына «физикалық апталық» деп
аталатын арнайы бұрыш орнату керек. Онда апталықтың жоспары,
конкурс шартары, рефераттың тақырыптары, т.б жазылуы керек.
Мектептің безендіруіне үлкен көңіл бөлінуі қажет.
Мектептегі қабырға газеті мен бұрыштамалардан басқа әртүрлі
мазмұндағы плакаттармен безендіруге болады. Мысалы:
Оқушыларды ғылымды меңгеруге шақыратын плакаттар.
Білмеген ұят емес, білгісі келмеген ұят.
185
Физика ғылымы жайлы плакаттар:
Физика – табиғат жайлы ғылым.
Э.Роджерс
Біз әлі де көптеген жаңалықтар ашуға болатын ғасырда өмір
сүрудеміз.
Р.Фейнман.
Достарыңызбен бөлісу: