жерін күрмек баса бастаған. Әйтсе де күрішші Елғондиевтің қимылына разымын, аянып
жатқан жоқ. Баршамыз өстіп тер төксек күріш қолда деген сөз!..
Қасындағы жігіт Батырдың бүйірінен түртті.
– Ұйықтауға келдің бе осында? – дейді сыбырлап. Батыр алақтайды.
– Сөз берді ме маған?
– Ойбай, сені аудан әкімі мақтап жатыр.
– Шынымен бе-ей?!
– Күрішші Елғондиевтен үлгі алыңдар!.. – деп аяқтады сөзін Ғайнекең.
Орамалымен күнқақты бетін, аузын сүртіп орнына жайғасты.
Батырдың екі езуі құлағында.
– Жуасың ғой енді? – деп көрші жігіт қылқылдайды.
– Бүгін кеш боп қалды. Ертең жалақы алсам жуайын, – дейді Батыр құрықтан
құтылмасын біліп.
– Екінші мәселе сарапшылар қорытындысы туралы, – деді Сұлтанғали көтеріліп.
Шашы маңдайынан төмен сұлап жабысып
:
қалыпты. – Бүгін біз қосымша каналдың суын
өлшедік, құлаған тоспаны көрдік. Дихандардан сыр тарттық. Сөйтіп, ерте көктемдегі
қосымша каналдың құлау себебін анықтадық. Акт жасадық. Комиссия мүшелері тегіс қол
қойды.
– Әскери құпия емес шығар, оқып беріңіз, – деді Ғайнекең.
Сұлтанғали тамағын кенеп судырата жөнелді, бейне жаттап алған ба дерсің.
Жырауша төгілдіріп дестеледі.
АКТ
«Мың тоғыз жүз жетпіс үшінші жылдың... апрель күні «Түгіскен» тұсынан негізгі
каналдың тармағы құлаған. Себебі: дарияның көшкі сеңі бас тоспадан өтіп кеткен. Мұз
қосымша каналға жеткен. Төрт жүз жетпісінші пикеттіц тұсындағы темір бөгетке кептеліп
қалған. Қызыл су каналды керіп кеткен. Төрт жүз алпыс тоғызыншы пикеттен канал
ернеуі құлаған. Соның салдарынан күріш сеуіп қойған алпыс гектар күріш танабы, бір
трактор, жеті үй қарық болды. Осыны растап комиссия мүшелері қол қоямыз».
Қосымша каналдың құлауына тікелей кім жауапты сонда? — деп Ғайнекең
бүйірден ат қойды. — Мына жырыңа түсінбей отырмын.
– Мұз кіналы, – деді Сұлтанғали басын екшеп, – канал тармағына өтіп кеткен мұз
кіналы!
– Бас тоспадағы мұрап не бағып отырған?
– Табиғаттың дүлей күшіне қарсы жалғыз мұрап не қайрат қыла қойсын, – деп
Сұлтанғали өз-өзінен төменшіктей берді. – Шынына келсек, дер кезінде пикеттік бас-
басына қарауыл қоймаған мен де кіналымын. Кінаның үлкені өзімде. Комиссия
мүшелерінің алдында мойындадым. Кемшілікті жоюға жанымды салып жүрмін.
Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы ойлаған: Сұлтанғалиге
кінасын мойындаттым, сол да жетеді, актіге қол қоюым орынды деп.
Ауданның бас мұрабы ойлаған: облысқа өскелі отырмын, су ішкен құдығыңа
түкірме дегендей, соңыма жаман сөз ертіп қайтем деп.
Қанай Жанпейісұлы ойлаған: каналды құлатқан қызыл су да емес, мұз да емес,
ол мына тақымдасып отырған күндес, бақталас Беларардың ісі, айтсе де әнеукүні үйінен
дәм татып, сөз бердім, қазақшылықты қоздырып қайтем деп.
Беласар ойлады: комиссияны көк мұзға отырғыздым деп.
Ғайнекең қарап отырып сұмдық қайран қалды. Басы соншама дабырамен
басталған істің демнің арасында тап осылай шолтаң етіп тынар деп ешқашан
ойламаған. Әңгімеге арамза араласты деп жорыды. Осындай ырдуан қылмыс ендігәрі
қайталанбасын деп комиссияны әрқилы мамандық иелерінен құрып еді. Кереғар мінезді
кісілерді жиып еді. Тіпті астанадан ғылым адамын шақыртқан. Енді қараса сол қыруар
бейнетінің бірі жалғыз бет қағаздың жартысынан аспай, актіленіп, қол қойылып тұр.
Архивке тоғыту ғана қалған.
– Сариев жолдас, бұл мәселені келесі әкімдік кеңесіне әзірлеңіз, – деді. «Енді
қайтсін. Осыншама беделді топтың пәтуасына топырақ шашсын ба. Қарсы шығайын десе
қолында дәлелі жоқ». – Сөйтіңіз. Келесі кеңесте қараймыз.
Төменгі жақтан еңкіш жауырынды қапсағай егде кісі көтерілді. «Қайдан көрдім»
деп ойлады. Бір көрген кісісін ұмытпайтын қасиеті бар-тын. Бірақ қапсағайды жыға тани
алмады.
– Таудан көшіп келген ұста едім. Маған да күріш ек деп отыз гектар берген...
Енді есіне түсті. Тауда кен іздегіш геологтардың бұрғы салған жерінен ыстық
су шыққан. Сол судың емдік қасиеті бар деп Сая есімді қыз ауданға жазған. Ауданнан
сарапшылар шыққан. Ақыры су сапасы анықталды, құбыр басына қойшыларға арнап
демалыс үйін салуға бұйрық берілді. Сол үйді осы кісі тұрғызып еді. Әңгімесі құлағында
қалыпты.
«Үй бітсін. Көр де тұр. Жалғыз қойшыны да жолатпас. Әуелі ұжым басшылары
емделеді, одан қалса басшының әйелі, одан қалса туысқаны, жекжаты, жамағайыны...»
– Көктемгі құлаған канал ылдалап отырған баспанамды ағызып әкеткен. Енді
қайтерімді білмеймін, күрішке жүгіремін бе, үй саламын ба?.. Ақыл айтыңдар.
– Ақа, үйіңізді ұжым салып береді. Күрішіңізді алаңсыз баптай беріңіз.
Аудан әкімі өз есімін ұмытпай атағанға ұста соншама қуанды. Шоқша сақалы
шолтаң қақты.
– Өркенің өссін, қарағым. Тамға арқан сүйегендей боп қажып жүр едім. Өркенің
өссін! Бұл ауылдың балалары бізді жүре тыңдайды.
– Ұстекеңді сарсаңға салмай үйін тез арада тұрғызып беріңдер, – деді Ғайнекең
Сұлтанғалиға бұрылып.
Ауыл кеңсесіндегі ұзын сонар жиналыс түн жарымына дейін созылды.
Жұрт тарай бастағанда Батыр бұрышта ұйықтап отырған. Апыр-топырдан басын
көтерді, көзнв ашты. Таң атып қалды ма деп ойлаған. Шекесі шыңылдап, асқазаны
бүріп ауырды. Ертеңгісінен бері нәр татпағаны есіне түсті. Кепкасын іздеді.
Аяғының астынан тауып алды. Шаңын қағып, сүйретіліп, сыртқа беттеген. Әлдекім
қолтығынан ұстады. Қанай Жанпейісұлы екен.
– Шаршаған боларсың, Батырекесі, – дейді. – Тезірек үйге жетіп дем алайық.
Жұмыс өмірі бітпейді.
Үні соншама жұмсақ. Шаң көшемен қолтықтасып келеді.
– Тоқсан центнерді ойып берер едім... әттең жер азған... жетпіске жетсе жарағаны...
канал құламағанда тоқсан қолда-тұғын... – Үйленгенің жөн, Батырекесі!
– Үйлену?! Қол тимейді ғой оған... Тоқсан центнер тым алыс әрине... Әйтсе де
сексенді көздеймін...
Осы әңгімемен екі еркек көше иттерін шулатып ішттегі үйге әзер жеткен.
Ертесіне ертемен Батыр күрішіне жөнелді.
Түс ауа ауылды гу-гу сөз араласын. Біреулер айтады: ғылым адамы Батырдың
үлкен қарындасын алып қашып кетіпті деп. Енді біреулер: Айменкүн астанаға оқуға
түсуге өз бетінше, аттанған дейді. Азғырған Қанай Жанпейісұлы деседі. Енді біреулер
қырқылжың Қанай мен уыздай жас Айменкүнді қосуға қимайды. Азғырған жеңгетайды
іздейді. Ауданнан қайтқан почтакеш көріпті, Қанай Жанпейісұлы мен Айменкүнді
машинасына отырғызып поезға дейін шығарып салған Беласар екен. Көзбен көрген
жеңеді әрине. Бұл өсек емес. Әйтеуір Айменкүн бойжеткенді Қанай Жанпейісұлы алып
кеткені анық еді.
Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұсаханов түнгі
күрішшілер жиналысынан шаршап шыққан.
Ауыл ортасындағы агрономның үйіне әзер ілікті. Күріш егетін ұжым құрылғалы он
жылдан асты, орталықта қонақ үйі әлі салынбапты. Ауданнан келген өкіл атаулы – бірі
жекжатына, бірі танысына, әркім аяғы жеткен жерге жығылады. Өзі апта болды осы
шаңыраққа қонып жүр. Елпілдеп қалған жандар әйтеуір. Үй іші жатып қалыпты. Есік
ашқан сұңғақ денелі ақсұр келіңшек: «бірдеңе ішесіз бе?» – деді. Бой-басынан төсек иісі
аңқиды, бұл айран сұрады. Айраны ашып, бықырып тұр екен, қылғынып екі жұтты
да қайырып берді. Келіншек етегі жер сызып оң бүйірдегі жылы төсегіне жөнелді.
Зүкеңнің орны сол бүйірдегі шағын бөлме. Ақ шаңқан төсек жиегінде – шағып
ауырған шекесін сырымдап ұзақ отырып қалды. Ашкөз масадай жалаңқай ой жан
дүниесін шымшылап бейһал күйге түсірді. Бірауықта аяғындағы етігін сығымдай
сыпырып, жарықты өшіріп, төсегіне қисайды. «Жасым елуден асып, алпысқа құдиды» деп
іштей күбірлеген. «Осы елдің ыстық-суығымен қоса күн кешіп келемін. Туған жердің
топырағында өзі білмейтін із, өзінсіз өткен елеулі оқиға жоқ. Маңдай әжіміндей иір-иір
сарторап тағдыр жолымен ақ сөйлеп, ақ жүріп келеді. «Әй, соны қойшы», – деген сөзді
естіген емес. Ендеше бүгінгі қылығын қай санатқа жатқызар?»
Әуелі тоғай ішін аралаған аңшы соқпағындай өмірінің ұзын сорабын көз алдынан
қайыра өткерді.
Көне Сырдың сол жағалауы. Ежелгі Өзгент жері. Май топыраққа милықтай
бұққан быжырқай жер кепелі туған ауылы. Дихан әке дария сағасына шығыр салып,
қауын егетін, қақ тілетін. Жаздайғы, күздейгі адал қаракеттің ырзығы – бес-алты қап ақ
тары, бірер қап сірнесі сыртына тепкен қауынқақ еді. Қара күзде сол қаптарды өгіз арбаға
тиер еді. Кішкентай Зұлпықарды қап үстіне қонжитар еді. Мейрамқаланың «тастақ
базары» қайдасың деп тартар еді. Базардың көк тұқыл ар пылдақ алпыстар, делдалына
таланып, тары мен қауынқақты сатып киім-кешек, қант-шай алып қайтатын. Кішкентай
Зұлпықарда басқа ой. Әкесінің шоқпыт шалғайынан тартқылап мазалайтын. «Қалам, қағаз
сатып әпер», – деп жалынатын. Қан шоқайы қатқан әке күйіп кететін: «Өлде бар маған!
Қалам – тамақ, қағаз – киім болмайды саған! Осыдан Сырға жетсем өкпеңе тепкілеп
шығырға салармын». Кішкентайы тыңдамайды мұндайды. «Ойбай, тала!.. Тона!.. Жыл он
екі айға жаңа аяқ киім кимейсің! Нан сұрап қыңқылдамайсың!» – деп уәдесін алып барып,
сиыр тіліндей сарғыш дәптер мен басы мүжілген көмір қалам сатып әперетін. Зұлпықарда
өңге қиял: Сыр бойының не ықылым аңыз-әңгімесін сағым ирегіндей сұлу қаріпке
түсірем, оқысам, жетілсем дейтін. Сосынғы – ел қамын ойлау, Түгіскенге су шығару...
Ол кезде «осы былай» дейтін елде оқыған азамат аз. Көп кедейдің шардәрідей
өзекті өртеген ащы бейнеті әлі жеңілдей қоймаған. Серіктік артелі әні-міні ұйымдаса
бастаған. Байлар кәмпескіден қорқып берісі Бұхараға, әрісі Қарақұмға көшіп жатты. Туған
жерін, тұнық суын, шеңшелді нуын қимай қалған кедей-кепшік қана.
Дихан әке ғана туған жерден табан аударған жоқ. «Көшсейші», – деген жұртқа:
«Сыр бойы абат болады әлі! Үш мәрте жұмаққа айналып, үш мәрте қайта толады, Өзгент
жері береке», – деп безеріп болмайтын. Бес-алты ағайынын кешірмей алып қалған. Өгізі
өліп, шығырдың терісіңді қамытын өзі киіп, Зұлпықарды Мейрамқаладағы интернатқа
берген.
Зерек шәкірт «ашпын», «жалаңашпын» деген жоқ, бастауыш мектепті үздік
тамамдады. Тегінде балалық шағы қаншама қиын өтсе-дағы оны қасиеттеп, қастерлеп еске
түсіру ғанибет нәрсе. Балалықтың бір елесі көңілде жатталып қалыпты. Ауылда тілі ащы
молда болатын: қит етсе орысша оқитын кішкентай Зұлпықарды кекетіп, мұқатып күлкі
қылатын. Бір күні үйіне келген шалдардың ас алдында қолына су құйды. Бала қайдан
білсін: төсіне толтырып значок қадаған. Еңкейген сайын омырауы сылдыр, сыңғыр етеді.
Молданың аузы тағы қышыды.
– Мұсахан, мен білсем Шапайдан кейінгі төсі толы осы бала, – дейді.
– Кеше ғана базардан алып берген жейдені шұрық тесік қып құртты бұл жүгірмек,
– дейді әкесі.
– Мұндай баланы өкімет маңдайымызға сыйғызбас, – дейді молда. – Оқудан алып
шығырға сал.
Комсомол қатарына өткен күн де оқиғасыз болмады. Ауылдағы мектеп директоры
қолына қызыл кітапша тапсырып тұрып бұларға үлкен сенім жүктеді. «Пәлен килограмм
ескі-құсқы шүберек, төлен қап сүйек жинап өткізесіңдер», – деген. Зұлпықар ылғи
құрбыларының алды, уәделі күні шикізат қабын тапсырып тынды. Сондағы қияңқы
молданың сөзін айт.
– Оқыды-тоқыды дегенге қолымызды жылы суға малады деп қуанып жүрсек; ауыл
итімен таласып сүйек жинауға шыққан екен бұл бәтшағар.
Кең дүниедегі жаңалық тоғай арасындағы Өзгент аулына Зұлпықармен ілесіп
жетуші еді. Мектеп бітірді, мамандық таңдап дәріс іздеп Ташкент асты. Ауыл
шаруашылығы техникумын үздік тамамдады. Аудандық комсомол комитетінің
хатшысына, аудан әкімінің орынбасарына өсті. Ел етегін жауып, ес жия бастады.
Көптен армандап келген Түгіскен каналының құрылысы алпыс алтыншы жылдың
көктемінде басталды.
Бүгінде ғой шаруа адамының алдында асулы еті, қайнаулы шайы, уақтылы
жатып, уақтылы тұрып шаруа жасайды. Канал қазылып жатқан кезде қара суға нан
жібітіп жеп күй таңдамай жер ойып жүре беретін. Бүгінде ғой экскаваторшы,
бульдозерші мамандар көбейіп қалды, бұрынғыдай темір жол бойын жағалап жүріп іздеу
салмайсың. Ауыл балалары да техника тілінен хабардар болып алды; айтқан сөзге
құлақ қағады, уәдеге сенеді, шаруадан бойын тартпайды.
Бүгінде ғой дыңғыраған тас жол мен жоғарғы өрісті тоқ күшіне жарығаны. Ол
кезде тізеден келген топырақты кешіп, сықсима шаммен күнелтетін. Бүл күнде
айтсаң бәрі өтірік. Төрт жыл ішінде ұзына канал Түгіскен шөлейтін көктеп өтіп, төсіне
жарты дарияның суын ағызып щалқыды.
Бірде айдалада жапан дүзде шөлдеп жүріп қақтың суын ішіп қатты ауырып қалған.
Орталыққа барсам ауруханаға жатқызып тастайды деп қасарысып, қияндағы қоста
емделді. Қиналса да жер қазып, тоң аударып жатқан жұмысшы, дихан әулетінің қасынан
кетпеді. Әлгілердің кісікиік жүректеріне сенім құйды, күдікке жол бермеді. Сол
қиындықтан адам сырын оқып таныды.
Өзгент өңіріне ел шегірткеше қаптасын. «...Несін айтасың, қара жерге сұға салған
таяқ дарақ болып биіктейді екен!» Он жылдың ішінде аудан халкы екі еседей өсті. «...
Күріш еккеннің аузында май, астында мәшине екен!»
Алатаң жаздай өз үйі өлең төсөгінен безіп, шаруа басты шамкөс көңілмен бөтен
шаңыраққа еркекқос болып жүргені жамбасына батады-ақ. Бұл да жеті түнде жар құшағын
аңсайды, балаларымен базар болып отырғанды қалайды. Қосағының қолынан татар жылы-
жұмсақ дәмді сағынады. Әйтсе де жұрт шеруі, ортақ аттаныс алабөтен. Сүйегіне сіңген
мінез отбасында ошарылтпас еді, ықтасында барқадар таптырмас еді. Әр жылдың
астарында қиын кезеңнің құлақкесті қикуы, мәмлесі, ырзығы, алғы шабуылы, шалдығуы
қалды, жастық жігерінің лебі, толысқан жігіттін, қаһары, жер ортасының жүрек алқынысы
жатыр.
Осыны ойлағанда басын жастықтан қалай жұлып алғанын білмей қалды. «Жегі
ойға қайдан жем болдым тегі?!» Төбеге ұрғандай селтиіп отырып-отырып енді есіне
түсірді. Ұзақ ғумырында жалғыз мәрте жаңылысып жалған құжатқа қол қойыпты ғой.
Сөзге сеніпті... Иә, Түгіскен каналының 469-шы пикетінің құлап кетуіне байланысты
құрылған комиссияның қорытынды актісі ше... Сол. Жанын жеп, санасын сыққан жарты
бет қағаз.
«Канал тармағы мұз кептеліп, су керіп құлаған». Сырт көзге солай-ақ шығар.
Үңіліп қараса жел сөз әншейін. Сәуір айының аяғында дарияда мұз қалушы ма еді? Болған
күнде сағадағы бас тоспадан сумаң етіп өте шығуы екіталай. Әттеген-ай, қалай ғана сөзге
ердім десеңші!»
– Тұрып қалғансыз ба, Зүке? – Үй иесі – осы ауылдың агрономы. Спорт
шалбарының ышқырын созғылап көйлегінің етегін салып келеді.
– Инженерлік жүйемен тегістеліп жатқан жерді көрмекпін.
– Жер қайда қашар дейсіз. Кісіге керегі ең әуелі денсаулық, деңсаулық болмаса
сіздегі айқайдың бәрі бос сөз
– Денсаулыққа не жетсін. – Тұрып киіне бастады.
– Сіз құралпы жігіттер әлі өңін бермеген. Бетіңіз әжім, самайыңыз ақ және
бауырым дейсіз, бәрі өзіңізге қарамаудан.
Ақсұр келіншек ұялыстай жүзін төмен салып ас үйге өтті. Зұлпықар киініп сыртқа
шықты. Таңғы ауа тынысын ашты. Соншама таза. Трактордың тарғыл дауысы сарындап
жетеді. Көшеден тұяғы сыртылдап сиыр өтіп барады. Қыстыкүні дән шоқып күншуаққа
үймелеген шөже торғай секілді мектеп маңы құлақ тұндыратын шуыл. Түгіскен
каналымен ілесе келген үлкен өмір екі ғасырға жуық бұйығып ұйықтап жатқан маң далаға
көктемгі көшкідей алабөтен қозғалыс, кең тыные әкеліпті. Ес кетіп, жан шыққан ғазауат
күндердің босқа өтпегені бұл.
– Кешегі кәмесие қорытындысынан кейін қосымша тоспаның тағы құламасына кім
кепілдік берген, – дейді соңында сүметіліп еріп жүрген агроном. – Сабын әкелейін,
жуынып алыңыз. Бұл ауылда балшықтан адам жасай алмай жүрміз, әйтпесе күрішке
шығаратын кісі жетіспейді ылғи. Балалар оқуда, әйелдер үй тірлігінен артылмайды.
Жақында ауданнан көмекке келгендерді диханның бас-басына бөліп-бөліп жібердік.
Құдықтың суы салқын секілді, аздап жылыттым. Қолыңызға су құйып жіберейін. Тегінде
майда-шүйдеге бас ауыртып, жан қинай бермегеніңіз жөн. Төрге шығыңыз. Өкпе-бауыр
самсасын сізге әзірлетіп едім. Кеш қайттыңыз. Өзім демалыстамын, кеше жиналысқа
шақыртыпты ұжымның кәдімгі гөй-гөйі болар деп бармай қалғанмын. Кесеңізге бал
салайын. Бабаларымыз тәуір көретін кісісінің кесесіне бал салып, өз қолымен қызмет
көрсетеді екен.
«Қалай ғана арамза сөзге ілесіп туралықтың ауылынан алыс кеттім?» деп өзін-өзі
іштей кемірумен отыр. «Әрине құлайтын канал құлап тынды. Ауыл күрішін суға суға
бастырудан көп кешікті, жұмыс ырғағы бұзылды. Жауапты кісілер келесі кеңесте бұрысы
мен дұрысы ар алдында безбендеп алары хақ. Соншама іштей жедитіндей жазығы не? Су
мамандары зерттедік, білдік деді – мақұл. Ұжым басшысы кінасын мойнына алды – құба-
құп. Науқан уағында бітпес сөзді қоздата бермейік десті – жөн-ақ. Актіге қол қоя салыңыз
деді – қол қойды.
Осыдан аттай он жыл бұрынғы оқиға ойына оралғаны.
«Кесеңізге аздап бал салайын, Зүке».
«Тау мен Сырдың арасында жатқан қаңсыған даланың қасықтай кемеші көп; сол
кемештің бірі Қосүйеңкі еді. Ол кезде Қосүйеңкі ауыл-тұғын. Ауылдың басқармасы,
парторгі, бас есепшісі, ауыл кеңес хатшысы, бригадирі, сол ауылдың ұжымы ағайын
жігіттер сөз аяғын жерге тигізбейтін қылжақбас пысықтар еді. Жұрт сонысына сайып «Бес
шайтан» деп атап кетіпті. Бес шайтанның тірлігі тым өзгеше: ауданнан өкіл барса есінен
тандыра әжуалап қалпағын теріс кигізіп жібереді... Бес шайтанның біреуі терезесінен
қарап отыратын көрінеді, өкіл-екең арып-ашып ауылға жаңа жеткен, кеңсенің алдына
келген, аттан түскен, әні-міні енді-ау дегенде іште қан қызыл төбелес басталады-мыс.
Түрлері жан шошырлық. Өкіл шырылдап кеп араға түседі. Жуығарақта басылар
болмайды. Жұдырықтың қаттысы арадағы сауғашыға тиеді-міс. Өлдім-талдым дегенде
ажырасар, ентігін басар, сөйтсе екі ортада таяқ жеген өкіл байғұс... Бұл бұл ма, мал
көреміз деп даурығысып, бір-бір атқа қаздиып ереуілдеп шығады-мыс. Бес шайтанның
бірі байқатпай келіп өкілекеңнің атының тартпасын қиып жібереді. Ер босап қалады.
Өңгелері: «Ал, жарысайық, Ал жарысайық!» – десіп атқа қамшы басады. Жылқы
ытырылып бергенде өкіл-екең ат үстінен сытырылып түсіп қалады екен.... Бұл бұл ма,
Қосүйеңкіге тексеруші келеді дегеннен Бес шайтанның бірі ауданға шабатын болған.
Аңысын аңдыған. Тексеруші-екеңнің түсі суық, тонын жамылып алып үстел шетіне
орнығар, ал шұқылап ізде... балықтың беті ашыла бастайды. Сол мезетте ауданнан
«телеграмма» жетер. Жабыла оқиды. Осылай да осылай. Тексеруші-екең ауыр қайғыға
душар болды, қаладағы әкесі шетінеді, қабырға қайыстырамыз, көңіл айтамыз...
Тексеруші-екең айран-асыр, осылай аттанар алдында ғана әкесі шәугімін сылдыратып
дәрет алып жүрген, дәтке қуат деп аруақтарды санап отыған. Төрт шайтан бірінен соң бірі
кеп мұнымен көріседі екен. Күрсініп қайғысына ортақтасады-мыс. Еңіреп жүріп
тексерушінің атын ерттейді. Азаға деп қара атайды. Қолтығынан алып аттандырып
жібереді дейді. Ауданға баратын қасқа жолға дейін қош-қош айтып шығарып салады-мыс.
Сенбей қайтсін. Тексеруші-екең күллі шаруасын тастап, бой-бой болып аңырап,азаға
тіккен қараны жетелеп ауданға жетсе – тым-тырыс аулада қақырынып-түкірініп әкесі жүр
дейді... Сонымен өкіл атаулы Қосүйеңкі десе зар-зар етіп баспайтын болған. Бес
шайтанның қиғылығы өткен.
Болмас-болмас деп Зүкең өзі аттанған, е, шайтандарды тыйып қайтады, е абақтыға
жиып қайтады. Бес шайтан сасқан деседі, табандары жалтырап алдынан шығады.
«Шаршап жеттіңіз-ау, көке!» «салулы төсек, салқын үй». «Боза мен шарап бойды
сергітеді». Өйдәйт... Зүкең төбесінен санап сынақ алған әуелі, егінін көреді, малын
санайды. Бес шайтанды ұзақты күнге «әні шап, міні шап, анды бар, мында келмен» сілесін
қатырады. Қонаға барып аяқ суытады. Көктем уағы, үй егесі қонақкәде құқыны жұмыртқа
асқан екен, ағаш табақпен алдыға қояды. Зүкең жұмыртқаны жаңа ашып болып аузына
апара берсе Бес шайтанның бірі: «Зүке, осы қалай?» – деп сауал қоятын көрінеді. Ал
түсіндір. Табаққа қолын қайта соза берсе: «Мұны қалай ұғамыз?» – деп сөзге бұрады-мыс.
Ал дәріс оқы. Қараса – табақтағы жұмыртқа таусылуға айналған. Бес шайтанның қулығын
сезе қояды... Сонымен шайтандармен апта арбасып, ай салғыласып бірсінеп кісілік
қалыпқа түсірген көрінеді. Ауыл арасындағы ала қойдай арам сирақ адамдарды түзік
жолға салған. Ендеше сырттағы, ел ішіндегі шайтандарды түзегенде, өз ішіндегі
шайтанды жеңе алмауында не гәп бар? Әлде қажиын, қартаяйын дегені ме? Ағаш адам
деген атағы қайда?»
«Шайыңызды ыссылап қайыра құйсын, Зүке».
Ауырып қалдыңыз ба көңіл қошыңыз жоқ қой.
Инженерлік жолмен тегістеліп жатқан жер тасшемен боп тапталып айдауға
қиындық келтіретін көрінеді, – дейді Зүкең.
Ештеңе етпейді. Келініңіздің сізге айтқалы жүрген қолқасы бар, аға. Еңбегіміз
азды-көпті сіңіп жүр. Алыс-жақын ағайынға барайық десек автобустың шаңын жұтамыз.
Әйтеуір аяқ лау болатын жүйрік керек көрінеді. Келініңіз ақшасын орамалға түйіп отыр.
Инженерлік жүйемен тегістеліп жатқан жердің бетіндегі қара топырақ мейегі
скрепер тісімен көшіп кетпесе игі.
Жер қайда қашар дейсіз. Аудандық атқару комитетінің бірінші орынбасары
Сырайыл қисығына қыңырайып машинаны қайтсе де бізге бергісі жоқ. Балшыққа батып,
масаға таланып жүрген күрішшілер алады дейді, қи ішінен бітеу құмалақ іздеген сараң
қойшылар мінсін дейді. Әуелі жүйрікті келістіріп күтетін, қадірін білетін кісіге босату
керек, біз ел игілігін ойлаймыз.
Зүкең кесесін төңкеріп үстелден тұрып кетті. «Біз де, біз де» деп боздап соңында
агроном жүр. Шегеден шетен қалпағын алып сыртқа шықты. Машинасы келіп күтіп тұр
екен. Шофер баланың көзінің асты көгеріп, жағы шодырайып жүдеп-ақ қалған. Аяп кетті.
«Бұрын қалай ғана байқамаған».
– Тегістеліп жатқан жерді көрейік... Пай, пай! Мынау нағыз керемет қой...
Жүрегі жарыла қуанды. Инженерлік жүйемен тегістеліп жатқан жер шындығында
суретшінің қылқаламынан шыққан айшық бояулы суреттей еді. Көзін тартып жүре берді.
Қызылы қызыл, жасылы жасыл болып көсіліп жатыр. Күріш танаптары тақтайдай тегіс, әр
танапқа дейін жеңіл машина баратындай биік күдіс жол, жолдың сол етегінде үлкен тоспа
шұқыр – қашыртқы, оң етегі таза су ағатын арық. Әр танаптың шекарасын жап бөліп тұр,
жаптың өзі түйетайлы түзу. Бұрынғыдай суды басынан салсаң аяғына жетпей, аяғынан
салсаң түгел теппей тым-тырақай жайылып жатпайды енді. Баяғыдай маңайына комбайн
милығып батпақтамайды. Дақыл желмен жатып қалмайды. Сан ғасыр диханбаба әулеті
армандаған, тер күтіп, кетпен сұраған берекенің басы осы. «Түкті кілемнің бетіндей екен»,
– деп тамсанды. Машинадан түсіп жаяу аралап кетті. Топырағын сығымдап көрді, жып-
жылы, ұлпадай жұмсақ. «Бетінің бояуы аздау ма қалай? Тыңжер жаңа түскен уыз
келіншетің жүзіндей құлпырып жатушы ма еді? Қосымша қорек сіңіріп көреді, сосын бір
жыл күріш ексе, келесі жылы жоңышқа себеді. Қадамы құтты келіншекпен пара-пар ғып
мәпелейді, күтеді, дастарханнан дәм татып марқаяды әлі.
Танап басынан кетпен арқылдап көрген. Дән толы күміс табақты жоғарылы-төмен
екшегендей елес береді. Тақағанда таныды – тау мен Сырай сыйлы кәриясы ұстекең.
Қарықтап қауын тігіп жатыр. «Кетпеніңізге батпан құйрық ілінсін, ұстеке!» деді қол
Достарыңызбен бөлісу: |