Дүкенбай Досжан Қазақтың жүз романы



Pdf көрінісі
бет28/29
Дата03.03.2017
өлшемі1,57 Mb.
#7268
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
тыныстады, жаны жай тауып, көңілі өсіп рахаттанып қалды. Ендігі ойы – кідірмей 
Қосүйеңкіге жету, сағынған үйлердің қышқылтым түтінін жұту, кәрияларға жағалай 
кіріп қол беріп шығу.
Ойхой, дүние деген! Қашан іс түсіп, итырақтап бозымбай халге киліккенше туған 
жердің қадіріне жетпейді екенбіз: кей кісінің көңіліне тиіп, кей кісіге өтірік көлгірсіп, 
ренжітіп, онсыз да тұтамдай тіршілікті түкке тұрғысыз итшілікпен тауысамыз. Тәтті 
ауыздың дәмін кетіреміз, төрдегі басты есікке сүйрейміз. Арақты қымызша сіміріп, 
темекіні нанша шайнап – денсаулықты, тәрік етеміз. Көзсіз күстаналық емей немене?! 
Әйтпесе жылдар бойы төсекке таңылып қарға адым жер жүруге жарамай жатқан 
науқастар нешеме: туған жердің жалғыз уыс топырағы бұйырса деп дүниенің төрткүл 
бұрышын түгел тентіреп келіп жатқан оралмандар қаншама. Ел тоқшылық, жұрт 
тыныш мынадай жұмақ заманда көртышқанша ініне дүние-мүлік тасығаны, қойшы-
қолаңды алдағаны, біреудің арманын, арын таптағаны, келесіге зұлымдық ойлағаны 
опасыз өмірдің оңбас тіршіліктері екен. Енді қайтып жоламайды, ақ жүріп, адал кәсіп 
етеді. Ел-жұртының аруағымен ант ішкен.
Жолай Далабайдың үйіне соғып, баяғыдан бері бастан өткізген қиын іс, қысас 
қылықтарына кешірім сұрағысы келді: дәті жетпей бұрылып кетті. Бұл жолы жігіттік 
намысы, өз-өзінен қорынған құқы жібермеді.
Бірлік ауылына жүретін машина іздеп қала шетіндегі автобазаға келген. Өзі жоқта 
біраз өзгеріс болыпты. Бұрын кезіккен дөңгелекке қол көтеріп, жалынып, ілесіп кететін: 
енді иек астында тұрған Бірлік түгілі қияндағы Қосүйеңкі бөлімшесіне дейін зырлатып 
автобус қатынатып қойған. Бұл өкіметке дауа жоқ! Жұмыс тәртібі, сағаты жазулы. Жүріс 
графигін оқып тұрған жігітті айналшық жеген атандай айналып шықты. Қолында жеңіл 
чемоданы, қалаша киінген, соқтауылдай, ыржиып күледі. Күлгені Саяға ұқсады.
– Оқымысты Сауранбысың-ей?!
Қол алысып қауқылдасып қалды.
– Пәлен жылдан бері елге келе жатқаным осы?

– Өзім де ауылды қатты сағындым! 
Қаратаудың қияндап ұшып кеткен қос балапаны көп ұзап, мол шарғылап, қанат 
қатайтып туған жердің төсінде қайыра ұшырасқан қалпы. Екеуінің де көңілі бұзылды. 
Араларында талайдан айтылмаған сыр, зілмауыр мұң жатты. Қапелімде ағытылып 
кетуі қиын.
– Елді қосыла аралайықшы, Сауранбай!
– Құлеке, жұбымызды жазбай қыдырып шығайықшы!
Автобус келді. Екі жігіт ішке еніп ортаңғы отырғышқа қатар жайғасқан.
59
Тамыз айының тоғызы күні Қаратаудың күнгей беті мен Сырдарияның қос қабағын 
бұрын-соңды болмаған аптап жалады. Күнде қалған кеспектегі су өз-өзінен ысып кетті. 
Жан-жануар қайда суат, қайда көлеңке – сонда безіп жан сауғалады. Жусаннан 
көңірсіген күйік иісі шықты, әуеде үп еткен леп болсайшы. Тұла бойында ақ дамбалдан 
өзге лыпасы жоқ Құлшығаш қабырғасы ырсындап қыш қалап жатқан. Жеті төбенің батыс 
етегіне қойылған Доскей шалдың басына үй-там орнатамын деп жанталасқалы қашан. 
Әуелі Қаратаудан саудыратып тас түсірді, сосын ауданды сығалап жүріп СМУ-дан құм, 
ПМК-дан қыш, жергілікті құрылыс материалын даярлайтын заводтан цемент, ХРСУ-дан 
құрсау темір алған. Аяғынан сарсылғасын: «бұл өкіметтің шаруасы қалай бітеді» деп 
таңданған сонда; «Осыншама бықыған бөлімшелер мен колонналар жабдық атаулыны 
шілдің қиындай пышыратып әкетіпті, пәтуалы іске бас біріктірудің өзі мұң шығар». 
Аузын әректей ашқан молда торғай төртқұлақ тамға қойып кетті. Күн өтті білем, көзіне 
ирек сағым ойнап, шекесі түсе зырқылдады. Көлеңкеге бұл да мықшиды. Алыс-алыс 
қыраттарға көз тікті, бірде алыстап, бірде жақыңдап құбылған бел-белестер өзінің 
өткен өміріндей тым баянсыз, тым сүреңсіз мінез танытады. Қарап отырып жанын жабайы 
мұң жайлады. Қамшысымен жер нұқып ақыл айтататын Доскей шалды сағынды. Өзінің 
жалаң аяқ жалғызілікті жетім жастығын аңсады. 
Осы мезет ту сыртынан жеңіл газиктің гүрілі естілді. Үйелеп отыра берген. 
Газикпен суыт келген Сауранбай екен. Қол алысты, іргедегі тасқа құйрық басты. 
Бітпей жатыр ма? – дейді шырт түкіріп. 
Бітпей жатыр.
Алматыға жүремін, өзіңмен қоштасқалы бұрылдым 
Шалдың қолыңда екі-үш ай демаламын дегенің қайда? 
– Келіншегімнен хат келді. Тез арада жет депті. Курортқа жүремін депті. Бір 
дүлейді бастарында ылғи өстетін.
Жігіттің қабағында сұр мұң жатты.
Үй тамның іргесінен көлеңке ауа бастаған. Күн әш-пұш дегенше екіндіге байыды.
Кеудесі босап қалғандай: жүрегі бұрынғыдай езіліп соқпайды, жаны жыламайды. 
Әсілі адамды, жалғыздық жемесін де: бұл дүниеде Доскей кәрия да, Нағанай да жоқ 
енді. Енді өмірдің сайрап жатқан қос жолын жусан басады, жауын шаяды, бір күндері 
ізі ызым-ғайып жоғалады. Қалқиып төртқұлақ там тұрар, тіршілік ығымен теперіш көріп 
бұл жүрер. Ойхой, таңдайдан дәмің кетпес кең дүние-ай!.. Төсіңнен нешеме жайсаң 
жандар жоғалып жатқанда бізге не шікара десейші! Ертерек жолымызды табайық, 
бөркімізді баса киіп томпаңдайық, ырзық теріп, тұқым шашайық.
Қолы жұмысқа жуыспады. Цемент қоспасы егеудей қышырлап алақанын жарды. 
Оның үстіне ақ сеңгір қыш күн көзінде жатып ысып кетіпті. Кеуделіктен асыра екі 

мәрте және өріп шықты. Күн батқанша бітіріп тастағаны рәуә еді. Әлгідегі Сауранбай 
айтқан хабар ойын бөліп, берекесін алды.
Ақыры шыдай алмады. Қолы-басын жуып киінді, құрал-сайманын жиды. Кенеп 
қапшығын иығына асып үлкен жолға түсті. Діттеген ойы: әуелі 26-шы разъезден поезға 
отырмақшы, ауданға тартпақшы. Абақтыдан шыққалы салдыратып жүрген 
самосвалы бұзылып қалып, жөндеу шеберханасына тапсырып кеткен. Оңдалып бітсе 
аяқ ылауын алып шаруасына кіріспекші, әрі ақ сеңгір қыш үй там құрылысына 
жетпейтін секілді, соны түсіреді.
Қарсы беттен қисық көшелердің шамы сықсиды. Жатар қонаға жерді ойласқанда 
Батыр: «Далабайдың үйіне тарттым», – дейді. Ертеңгі аудандық партия комитетінің 
бюро мәжілісіне сол үйден шығамын», – дейді. Құлшығаш өз басы Далабайдың 
табалдырығынан аттауды құп көрмеді, кежегесі кейін тартты. Қайтіп ықырар болсын: 
кешегі қолынан ұшып кеткен бақыт құсы, мандайына сыймаған Саясы, ежелгі күндесі 
Далабай сол шаңырақтан табылса – қайтіп көзге күйік боп көрінсін, қалай ас батсын. 
Өткен-кеткен кінаратты Доскей шалдың аруағына пида етер еді, күллісін кешер еді, 
Далабай мұнысын қалай түсінер?.. Неге жорыр?.. тағы тосылады содан. «Өз басым 
досымның үйіне құлаймын», – дейді Батыр өзеуреп. «Жазып жүрген ұзақ күйін 
тамамдапты деп естігем. Алматыға барып өткізіп қайтыпты. Құттықтап қолын қысамын. 
Базарлығынан ауыз тием». Құлшығаш қатты толқыған. Жолайрыққа жеткен. 
Беласардікіне бұрылғысы кеп және оқталды, өткен жолғы «ішпейсің» деп өкпелеп 
қалғаны есіне түсті. Түпетегіңнен ұстаса-ақ азғырып әкететін қызыл көз пәледен аулақ 
жүргісі келді.
Қонақ үйге құлаймын.
Қонақ үйі сені құшақ жайып қабылдай қояр.
– Орын болса неге қондырмасқа. Ертелеп тұрып майда-шүйде шаруаларымды 
бітіремін, жөндеуде тұрған машинамды қабылдаймын, сосын Жетітөбеге және 
қайқаямын.
– Ойбай, қонақ үйдің салты – барлық бөлмесі бос тұрса да орын жоқ деп безеріп 
отырады. Көр де тұр.
Солай бұрылған. Қос қабатты шағын қыш үйдің былғары есігін дыбыссыз ашып 
ішке енді. Құлшығаш әйнек үйшіктің ішінде тотыдай сыланып отырған сұлу
 
қызға 
еңсерілген. Костюмінің иығы түсіп, сақалы өсіп, өңі тозган жігітке әлгі тотық көз қырын 
да салмады. Сұқ саусағын безеп «орын жоқ» деп жазылған жарнаманы нұсқады. Анадай 
жерде оқалақтан шошыған өгіздей оқшырайып тұрған Батыр шыдамады білем, пәтуаға 
араласты. Қойын қалтасынан кішкене қызыл кітапшаны суырып тотының төңкерілген 
көк ала жанарына тосқан. Сол сол-ақ екен қыңбай отырған тоты сауысқанша 
сыпсыңдасын, шілделікше шыжбың қақсын. Әш-пұш дегенше дағарадай кең бөлмеге 
жайғастырды.
– Көкеңнің күшін көрмей жүрсің.
– Апта жатса да жалықпайтын төсек қой мынау, – дейді Құлшығаш.
– Көп сөзді қойып Сырға түс, күріш егеміз. Бір күн жүрсе бес күн тұратын 
самосвалыңды автобазның өзіне тапсыр. Құда да, құдағи да тыныш. Уәде байластық қой 
сонымен?
– Досекеңнің үй-тамын бітірейін, сосын қол астыңа барамын.

Аудан әкімінің қызды-қызды жиналысынан босанып шыққан депутат Батыр 
сүйретіліп кеп Құлшығаш жатқан бөлменің есігін қақты. Құлшығаш енді ұйқыға шома 
берген. Тұрып есік ашқан. Батырдың әлем-жәлем түрін көріп шошып кетті.
– Жүліктерге жем болғаннан саумысың-ей?!
– Жүлік мына мен!
– Жығып салып ішке тепкілеген секілді.
– Ішім жидіп барады. Буфеттен бірдеме әкелші. Шешінді, отырды. Құлшығаш 
барып бір шөлмек шарап әкелді. Батыр үңіліп ұзақ мөлисін. Нақа аквариумнен балық 
аңдыған мысық дерсің. Әлден уақытта ұйқыдан оқыс оянғандай селк етіп, апыл-ғұпыл 
шөлмектің тығынын ашты, стаканға төңкерді. Өндіршегі үзіліп кетердей сылқ-сылқ 
жұтты. Терін сүртті.
Елде екеуміз-ақ қалатын болдық.
Өңге жұрт ауып кете ме?!
– Көшеді, құриды! Шалдардың көзін көрген, сөзін естіген қадір түсінер кейінгі 
буыннан елде екеуіміз-ақ қалатын болдық.
Құлшығаш түкті түсінбеді. Батырекесі дәу де болса Далабаймен ұрсысып қайтты 
деп ойлады.
– Беласарға күлкі боламыз өстіп. Өстіп бет-бетімізбен білгіш боп басымыз піспей 
жүргенде бәрімізден Беласар озады.
60
Беласар Жаңақорған курортына жиналып жүргелі жатқанда аудан әкімдігі 
шақыртып шабарман жіберіпті. Қапелімде не істерін білмей есеңгіреп қалған. Шоңқиып 
отырып-отырып, «е, неге?» деп ежірейген. «Тез жеткенің мақұл», – дейді мүңкір-
нәңкірдің жаналғышындай шабарман дікектеп. Әкімнің жайшылықпен 
шақырмайтыны және белгілі. Сүйегінен суық өткендей қалшылдасын. Ілгеріде 
Түгіскеннің атақты күрішшісі болып дүрілдеп жүргенде, танауынан есек құрт түсіп 
теткіп біткенде – Далабай деген қарақұлақ пәле шығып сұғын қадаған, басқан ізін 
аңдыған, сонда бір сұмдықтың боларын сезгендей ет жүрегі жаншылып соққан. Тап 
қазір сол жақ қабырғасының асты шаншып-шаншып ауырды, шекесінен тер шыпшыды. 
Алды суық аудан басшысына бейсеубет жолығуға бұрыннан-ақ құқы болмайтын, қарап 
жүріп кіріптар етеді деп қаупайлайтын. Кең бөлменің төрінде жанары боталап бөпелерін 
емізіп отырған Зүбайраға жалтақтады; тұрып киінді. Бұрын қабағын аңдып құлпырып 
тұратын қосағы кейінгі кезде танымастай өзгерген. Өзгермей қайтсін сыр алдырып қойды. 
Түнеукүні айы-күні жетіп отырған келіншегін үйіне жалғыз қалдырып (туысқан ағасынан 
қалған қараборбайды санатқа қоспайтын), түлен түртіп астанаға аттанған. Аптаның 
аяғында ораламын деген көкең сол кеткеннен мол кетті. «Волгасына» су жаңа 
мотор сатып алды, контейнерге ұрып үйіне жөнелтті. Сосын адрес бюросын жағалап 
жүріп Далабайдың бұрынғы келіншегі Гүлмираны тауып алды. Екеуден-екеу Көктөбеге 
шықты, «Медеу мұз айдынын» аралады: келіншектің сырғасының түбінде күн 
ұзаққа тынбасы сұңқылдады, айдалада жүрген Далабайдың құлағын шулатты. Осылай да 
осылай... Бүгінде міністірден артық тұрады, астында сумаңдаған «Волгасы», қойнында 
сыңқылдаған сұлу қатыны... иә... иә!.. Өміріңді улады, бағыңды байлады!
Ақыры елде «Қорқыттың қобызын» жазып мықшиған боздақты боздатпақшы 
болып, шырқын бұзып, шаңын қақпақшы болып уәде байласты, осы жолда бір-біріне 
табыс тілей тост көтерді.

Бұл бұл ма? Университет аудиториясын сығалап жүріп Мағрипаны ұшыратты: 
осылай да осылай... ағаңа астананы көрсет... мәдениетпен таныстыр... Бұлақ суындай 
мөлдір қызды қолтықтап алып тауға да, ойға да сүйресін. «Мың бір түн» мен 
«Тотынамадан» үзінді оқысын, өзімнің шығарғаным деп астыңғы ішекпен Қайрауықтың 
«Ащы» күйін аңыратсын. «Алматы» қонақ үйінің үш бөлмелі номерінде таңды таңға ұрып 
сауық жасасын. Аузым қызылға енді тиеді деп сілекейін жұтып отырғанда қырсық 
айналдырды. Әлдекім есігін тықылдатқан. Мағрипаға көз қырын салып жүрген инеліктей 
тырақы студент іздеп келіпті. Әш-пұш дегенше жанжал басталды да кетті, инеліктің 
жұдырығы темірден жаратылғанын қайдан білсін, жағасынан алып қалпақша атып 
жібермекке дәт қылған.
Өзінің келсаптай білегіне сенген. О-о-о. Инелік жігіт темір жұдырығын тіреп 
соғып жүндей түтті. А-а-а. Жылпылдап тұтымына тұрмады. И-и-и. Қонақ қабылдайтын 
бөлме әп-сәтте қызылала қанға айналды. Темір жұдырық көзінен отын шығарып, басын 
зеңгітті. Әйтеуір әлден уақытта үстел астына гүрс құлағаны хақ, бұрыштағы сайрап тұрған 
телевизордың қирағаны хақ. 
Есін жиып басын көтергенде қаланың барша қызыл жағалысы жиналған ба деп 
ойлаған. Темір жұдырық та, Мағрипа да ызым ғайып. «Оу, ағайындар, жазығым студент 
қарындасымды қонақ етіп сұхбат құрғаным ба?» «Оу, ағайындар, темір жұдырықты 
неге абақтыға жаппайсыңдар?» «Әділеттің, заң мен зәкүннің ауылы осы ма?» Қызыл 
жағалылар қыңбады, тәртіп бұзғандығың үшін деп, теледиардың қарымтасы деп төрт жүз 
елу сомын шытырлатып санап алды. «Темір жұдырықтың жансызы екенсіңдер!.. 
Сатылғандар!.. Жалдаптар!..» Әлгі оқиғаның баршасын жіпке тізгендей етіп сүйкеп 
жазып жұмыс істейтін жеріңе жібереміз десті. Мұны естігенде Белағаңның шыбын 
жаны шырқырады, аудан басшыларынан емес (көп болса қызметін алар), келіншегі 
Зүбайрадан қорқады. Астанадағы сұйық жүрісін сезсе ғой тірідей тандыр пешіне қақтар, 
жүйкесін тоздырып, жұмақ үйден бездірер. Содан көкең темір жұдырықтың зәбірін тарса 
ұмытты, қызыл жағалы жігіттерге әкелеп-көкелеп жүз елу сомды және санап берді. 
Әйтеуір қалтасы қағылып, жүрісінен жаңылып, іші өткеннің арты біледі деп: он бес күн 
дегенде ошағына оралған. Келіншегі шекесі торсықтай егіз ұлды болып әйелдер 
босанатын үйден шығып үлгеріпті, өкпелеп қалыпты, сәлемін де алмады. «Гонконг 107 
номерлі тымаумен ауырдым», – дейді бұл көкең. Томпаңдатып үй тіршілігіне салып 
қойсын. «Егіз ұлдың жолында жаным пида», – дейді бұл көкең. Сөйтіп, әйелінің бөксесін 
бағып ай бойы жұмысқа шықпады. Басқа төнген бұлт жаңа сейілгендей болып үні 
шығып, жүні көтеріліп келе жатқан. Енді Жаңақорған курортына жолдама алып, 
тымаудан құлантаза айығып келуге дәт кылғанда – хатшы шақыртып кісі жіберіпті.
Серейген ұзын бойын түзеп, үлкен арбалы бесікке төнген. Қос сәбиі танауы 
пысылдап ұйықтап кетіпті. Кезек-кезек шекесінен иіскеген. Бергі бұрышта 
жатқанының еріні бүлк-бүлк етеді, жаңа ғана таңдайында бал татыған үрпіні әлі талмап 
жатқаны. Зүбайра қос анарын қолымен ұстап көйлегінің ашық омырауына қайыра сала 
берген. Беласар шыдай алмай ұшы қызарған көрікті қауынды сыртынан сипап қалды. 
Келіншегі жүрелей тұрып сырт айналып кетті. Беласар терең-терең ішін тартып, сыртқа 
беттеген. 
Хатшының есігін бағып Мүлкаман, мен Жаманеркек отыр екен. Секретарь қыз күте 
тұруға қосты. Бұл да тізесі сытырлап келіп есік жаққа таман жайғасқан. Әлгіде ғана 
ішінде ит ұлып, шеке тамыры солқылдап жетсе де, тізіліп отырған екі бірдей жерлесін 
көріп жүрек тоқтатты, шүкіршілік етті. Хатшы жуғарақта босай қоймады.

Беласар қызыл отау меңгерушісіне еңсерілді.
– Курортқа барды деп естідім бе? – деді болар-болмас үнмен. Мүлкаман мына 
сөзден шоқ басқандай секірді, өрттей қызарды.
– Жо-ға! Емделіп жатқан әйеліме барғамын!
Бұл көкең мұртынан күледі, Мүлкаман туралы тақауда естіген әңгімесін 
ұшықтырып жерлесін мұқатып тастамақшы. 
Көп жылдан бері құрсақ көтермеген Үрбала жақында Жаңақорған курортына 
екінші мәрте жатыпты-мыс. Жанақорған ылайы дертке дауа болды ма, әлде көктемгі 
уақытта төрт қабырғаға қамалып зерікті ме, Үрбала түнемесіне денесі қызып ұйықтай 
алмайтын халге жетеді, іші пысады...
Бір күні курорттың бас дәрігеріне қатпа әйел кірер. Тұла бойы ағып тұрған сөз. 
«Қабырғалас көрші бөлмеде моральдік жағынан бұзылған келіншек жатыр», – дер. «Ел 
жата әлгі салдақының әйнегі тықылдайды, іштегі келіншек терезесін шалқасынан 
ашады, сырттан әлдекім секіріп түседі», дер. «Содан темір кереуеттің шиқылы, салдақы 
қардың сыңқылы түнімен ұйқы бермейді», – дер. Екінің бірі – сол салдақыны курорттан 
қуыңыз, не өзге бөлмеге ауыстырыңыз. Сезіп отырсыздар, ғайбатқа іліккен Үрбала. Енді 
қайтпек? Бас дәрігер аң-таң.
– Ғылымда елес, қос көріну деген болады, жеңгей...
Есімнен ауысқан жоқпын, жолдас бас дәрігер! 
Бас дәрігер қатпа әйелді жылы жүзбен шығарып салады. Ойлайды: Бірлік 
ауылынан келіп емделіп жатқан келіншекті шақырып сөйлессем деп – өтірік болса 
аурудың көңіліне тиеді, шын екеніне дәлелі және жоқ. Сабыр сақтап әліптің артын 
бағуды құп көреді. Ертесіне қатпа әйел және арыз айтады. Болмас дел қойма күзетшісін 
шақыртып алған. «Ел жата жанға сездірмей пәлен палатаның терезесін аңды, 
бейсеубет жүрген кісі көрсең ұстап ал да шу шығармай кабинетке қама» дер. Күзетші 
жарлықты орындауға құмбыл. Қйық-қиық күліп алақанын уқалап жорыққа аттанған.
Күзетші сусылдаған теректің арасына барып бұғынып жатады. Ай туады, самал 
соғады. Әрі күтеді, бері күтеді, жан жоқ. Көзіне ұйқы үйіріле бастағанда тырсылдаған 
дыбысты естиді. Үңіліп қараса, ой бетпақ-ай, әлдекім бүкшеңдеп ашық терезеден 
палатаға еніп барады. Жер астынан шыққан дерсің, қайдан келіп, қалай өтіп кеткені 
беймәлім. Енді шу шығару әбес. Не де болса ұрының қайтар жолын күтеді, терезенің 
түбінде бүкшиіп отыра береді.
Шығыс жақ көкжиек күлгін бояуға малынғанда терезе ашылады, әлгі сімсік 
сыртқа қайыра топ ете түседі. Күзетші мылтығын кезеп тұра қалады. Әй жоқ, шәй жоқ, 
терезеден түскен жігітті алдына салып айдап әкеліп қамайды да тастайды. Таңертең бас 
дәрігерге алақанын ысып кілтті ұстатады.
Түнгі жүрістің төресімен тәжіке басталады сосын.
– Курортқа келіп бейбастық жасауға кім ұрықсат берді, жігітім?!
– Басеке, ешкімге айта көрмеңіз. Келіншегім келіп қайт деп хат жазған соң, 
жолдама болмаған соң, жұрт көзіне көрінбей... сәлемдесіп... хал сұрасып...
– Мәс-саған! Пәлен палатада емделіп жатқан келіншек сіздің қосағыңыз ба?
– Иә, некелі қатыным, – дейді жүні жатып қалған Мүлкаман бас аманда құтылғысы 
кеп.
Мүлкаман бейауыз жерлесін жеті атадан қайырғалы оқтала берген. Есік 
жақтауындағы, қоңырау зың етіп, сыланып отырған тым сақ қыз пыр етіп ұша жөнелді. 

Мүлкаманды хатшыға кіруге қосты. Қапелімде сасып қалғаны, жел қағып, күн күйдіріп 
тотыққан жүзін әлсін-әлі сипалай берді.
Әңірейген кең бөлменің төріне озды. Жыл басында, жылымықтың жауыны 
астында сүмектеп тау етегіндегі қойшыларды аралағаны есіне түсті. О, ол да бір дәурен 
екен! Қойшекеңнің былқып қайнаған қазанына
қарамай, жөңкіген, садыраға батып төл тасыған ғазауат күндер енді ойласа өмірінің ең 
мағыналы мезеттері екен. Ондай таңғажайып тірі күндер ендігәрі қайталанбас та. 
Жақынырақ отыр, – деді Ғайнекең телефоннан құлағын алып. 
Қалай, қойшыларды және аралаймыз ба?
– Аралаймыз, Ғайнеке, – деп көкең өз-өзінен кеңкілдесін. Мүскін халден лезде 
айықты, арбаңдап барып қолын алды.
– Өзіңді өсіргелі отырмыз... Аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушілігіне.
Далабай ше? 
– Ол жігіт әзірге сұранып астанаға барып қайтпақшы. Келген соң басқа қаракет 
табылар, музыкасымен айналысар... Өссін, өнерін танытсын. Тілекші болу парызымыз.  
– Сіздің ықырарыңызсыз аттап баспайтын еді.
Ғайнекең ойы тереңді мегзеді. 
– Бір ғана нәрсеге қиналамын. Ширек ғасырдан артық уақыт осы елдің тізгінін 
ұстадым. Талай ұрпақты тәрбиеледік, талай жақсы азаматты бердік. Ойлап отырсаң, 
ертең осы орныңды басар, жұртыңды бұдан да жарқын келешекке бастар жігіттер қолда 
сусып тұрмайды. Кетіп жатыр... кетіп жатыр... Нешеме алғыр, ақылды жайсаң 
астананың әрқилы мекемесінде сығылысып стол бағып сарғайып отырғанын 
ойласаң ішің қан жылайды. Ертеңгі орынымды басатын Далабай ғой деп жүр 
едім, бұл да бұйырмады, бұл да бұтымнан суситын секілді.
Баяғы Қосүйеңкі бөлімшесінің заппермесі, бүгінгі қызыл отау меңгерушісі құрғақ 
талқан жұтқандай қинала қылғынды.
– Қолымнан келер ме екен?
– Сөзді қой да істі қабылдап ал. Жалғыз айтарым – Далабайдың жолға қойған 
жұмысын божыратып алма. Кемшілік жібердім дегенше өкпелесеміз.
Осы меурітте Мүлкаманның жан жүйесі шоққа ұстаған қорғасындай балқыды. 
Қатал да болса туралықтан танбайтын ағаны тебірене жақсы көріп кетті. Шыға берісте 
Жаманеркекпен соқтығысып қалды. Жанарында күміс сақинадай мөлдіреген жас бар-
тұтын.
Күректей қолын аударып-төңкеріп алдына сыйыстыра алмай отырған алып 
денелі, ат жақты, маңдайын терең-терең төрт әжім сызған нұсқалы жігітті Ғайнекең 
сынай-міней қарады.
– Бұрын шахтада істеді деп естідім бе өзіңді, інішек?
– Қаратау, Кентау кендерінде жай бұрғышы болғаным бар. Үлкен оқуға қол 
жетпей, қой бағуға мойын жар бермей желдеп жүрген жастық кез ғой ол.
Жасында ақын боламын деп ағаң да желіккен. 
Жаманеркек епетейсіз ыржисын. Бейне көп жылдан бері күлкі дегенді ұмытып 
кетіп енді қалай шаттанудың есебін таппай оқшырайған кейіп танытты. Аңдаған кісіге 
тегі қызық.
– Ал, інішек, шаруаға оралайық. Өзіңе мәлім, пәлен жылдан бері сендерше – 
«Большевик ақсақал», біздіңше – Герольд Карлович бастаған геологтар ұйымы Ақүйік 
өзені қос қабағын тініткілеп түтінін шығарған. Әуелгіде алтын іздеп бұрғы салған 

құбырларынан ыстық су атқылады. Тау елінің ең шұрайлы мал жайылымы опат 
болды деп іштей ренжіп те жүрдік. Еңбек зая кетпеді әйтеуір, өзеннің оң қабағынан 
қорғасын кені табылып отыр. Кен қыртысы жер бетіне тақау жатыр, бұл келешекте ашық 
шахтаның ауылы жақын деген сөз.
Хатшы қызға аққұманмен көк шай әкелуге қосты.
– Көктемнен бері Ақүйік өзенінің оң жағалауынан Шал шахтасы ашылған. 
Кеншілер калашығы күн санап кереге жайып келеді. Шалқаяның келешегі Кентаудан 
артық болмаса кем емес. Ауданымыз күріш пен мал өсіріп қана қоймайды, елімізге 
қоспасы бай қорғасын кенін береді. Өндіріс пен ауыл шаруашылығы егіз бұтақтай зау 
биіктеп өркендейді әлі. Біле-білгенге шахта ашылу жұртымыздың маңдайына біткен 
ырысы мен бағы. Тоқетері – Шалқая кеншілерінің ұйымына жетекшілік етуді өзіңе 
жүктегелі отырмыз. Иә... иә... түсінемін, «тәжірибе жоқ»... «маман емеспін»... Кентаудың 
кеншілер техникумын бітіргеніңді білмейді деймісің. Әрі жер де, ел де сенікі иелік ет. 
Арамызда жұмыс десе жанын салатын өзіңдей тура, адал адамдар жүргенде «бастық 
жасап бер» деп облысқа жүгінгеніміз жұрттан ұят. Түсінемін, «Большевик ақсақал» 
(аузым қалып алып кетіпті тегі), Герольд Карлович екеуміз бұл іс төңірегінде 
ақылдастық, кеңесіп кескен бармақ ауырмайды демекші, әбден ойласып, толғасып 
тоқайласқан тоқтам бұл. Шай ішеміз енді! Дәрігерлер қан тамырының жұмысын 
жақсартуға септігі бар дегесін біраздан бері үзбесі көк шай ішіп жүрмін. Әуелгі кезде 
аузым уылды, келе-келе сүйегіме сіңіп үйреніп алдым. Көк шайсыз көңіл қошым 
болмайды. Сонымен түстен кейінгі бюро мәжілісінде өзіңді Шалқая кеншілерінің 
басшылығына ұсынамыз.
Жаманеркектің қапелімде аузына жөндем сөз түспей сасып қалғаны рас, ретсіз 
ыржиып күле бергені де рас. Әкімнің бөлмесінен шыққасын барып есін жиды.
«Кеңкелес кісіше ыржия бергеніме жөн болсын» деп іштей можыды. «Ат тонды 
азамат деп сенім артып, көкірегінің көзі бар іні деп сыр ақтарып отырса – менікі қай 
жетіскендік, қай жырқыл? Дүйім жұртты дегеніме сендіре алсам қанекей! Ғайнекеңнің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет