Дүкенбай Досжан Қазақтың жүз романы



Pdf көрінісі
бет25/29
Дата03.03.2017
өлшемі1,57 Mb.
#7268
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
«Қос мұңлық» бір-бірден алып қойды. «Бұл інімнің де беті бері қарады» деп 
ойлады Нағанай. «Құлшығашқа ертең-ақ барармын, бүгін осы үйде қонып шығамын. 
Бұрын қалай миыма келмеген: жас ұрпақ ертеңге жаяр бұтағымыз білем, солармен 
жүре сөйлеспей, кісілік көрсетпей, жылы-жылы мәслихат құрғанда, қауымдаса, 
қоғамдаса жүргенде мұртымды балта шаппайды екен. Орнында ұзақ отырамын деген 
басшы әманда кейінгі буынмен санаса сөйлескен, ойласа тірлік кешкен. Ал мен бейбақ 
аттың басын қиянға салыппын. Алдыңғы буын ағаларға жете алмай, кейінгі буын 
інілерден қара үзіп кетіппін. Сөйтіп қарақан басым боздақтаппын. Демейтін, сүйейтін 
ешкімім жоқ, омақаса құлаппын. Аузы күйген үріп ішеді. Мансап қуып қайыра атқа міне 
қалсам алыстап кеткен ағаларға жете алмасым хақ. Әйтеуір кейінгілерден қара үзбейін. 
Далабайдан көз жазбайын. Озсақ шығар төріміз бірге, омақассақ кірер көріміз бірге!.. 
Аумиен!..»

– Бұл дүниеде ағайынның бары жақсы, – деп Нағанай даусы дірілдеп қолы 
қалтырап рюмкесін көтерді.
– Адал жүріп, ақ сөйлеп өтейікші! – деді Далабай. 
55
Беласар жексенбі базарына түн әлетінен әзірленген. Таң бозы біліне басында 
түкті масатыдан тіккен неміс шляпасы, үстінде су жаңа ағылшын костюмі, мойнында 
үнді галстугі, бұтында болгар галифесі, аяғында Куба крокодилінің терісінен тіккен 
шиқылдақ етік – қаздиып қақпадан шықты. Келіншегі Зүбайра үстіне француз иіс суын 
сеппекші еді, қосқан жоқ, «базарға тау мен сырдан ел адамдары келеді, күліп жүреді» 
деп қорынды. Шляпа кимей-ақ қойса болады екен, ауа қоңырсалқын, төбеде шарбы бұлт 
жатыр. Көше ернеуі көгере бастапты.
«Қыс аяғы созылып шықты, көк көтеріле қойған жоқ» деп ойлады. Көк көтерілмесе 
мал тойынбайды. Мал тойынбаса қоң алмайды. Қоңы жоқ қой союға жарамайды. 
Ендеше базардағы еттің нарқы көтеріледі деген сөз. «Кеше отыз күн ораза бітті» деп 
ойлады. Ораза бітсе құрбан намазы жақын деген сөз. Құрбан намазына тау мен сырдың 
шалдары Мейрамқалаға ағылады. Мешітке кеп мінажат қылады. Шалдар ағылды 
дегенше базарға мәсі, кебіс, сәлделік бөз, жайнамаздық ақ текемет түсіргені ләзім. 
Бір күнде сыпырып кетеді. «Анада дүкенге түскен кетпен, күрек, айыр, тырнауыш, 
бұтақ кесетін қайшы секілді бұйымдарды көтеріп  сатып алғаны м жөн болған» 
деп ойлады. Жердің тоңы жібіді. Топырақ қызды дегенше дихан көкеңде тыным 
болмайды. Қыбырлап жер шұқып кетеді. Әлгі заттарды дәл бүгін базарға шығартады, хан 
көкеңнің қалтасын қағады.
Базарком дегенің қаладағы Тастақ базары мен Дөң базарының қожасы. Сауда 
тәртібінің сақталуын бақылайды. Жаймалар мен сөрелерге пай алады, мал тұяғына кіріс 
салығын салады. Делдал атаулы алдында ығып тұрады, мәймөңкелеп сөйлейді, жең 
ұшынан жалғасады. Өйтпегенде, осы орынды алу үшін аудандағы жора-жолдастың 
сеніміне өту керек болды, нешеме кісіні қонақ етті, нешеме жақсының алдын кесті, 
Түгіскенде сатып кеткен он екі бөлменің ақшасы түгел шашылды.
Өстіп жүріп Белағаң күндердің күнінде базар бастығы болып шыға келді. 
Қолдаған құдайына шүкіршілік айтады. Демеген дәулердің жақсылығың екі дүниеде де 
ұмытқысы жоқ. Баяғыдан бері осы кәсіптің ұстамай, атақты күрішші баламын деп, 
Батырдан озамын деп не жыны бар десейші. Бекер өткен жылдар екен. Адам деген қашан 
өз жолын, өз сүрлеуін тапқанша әбден қажып шаршайды білем. Бұл да алысты, жұлысты, 
жамандасты, шаңға батты: түбі қайыр болып өз кәсібін тапты. Енді Белағаң өмір сүрудің 
не екенін көрсетеді. Қалай атын шығаруды, қайқайып машина мінуді, ақшаны пішен ғып 
үюді үйретеді. О дүниедегі жұмақты жер үстіне, өзінің аядай ауласына орнатады.
Бұрылыста қызметке кетіп бара жатқан Далабаймен ұшырасты. Ит көрген 
мысықтай үрпие қалған. Есін енді жиып емпеңдей ұмтылды, қолын ұсынды. Далабай 
ернінің ұшын жыбыр еткізді де тұсынан қайрылмай өте шықты, қолын алған жоқ. 
Аңылжып тұрып-тұрып қара жерге былш түкірді.
«Менің жолтосар жалмауызым, жанымды жаһаннамға жіберер мүңкір-
нәңкірім осы сымборбай болмасын» деп ойлады. «Зықымды шығарды ғой тегі. Түгіскен 
жерінен ауа көшірген осының кесірі. Өйтпегенде ендігі атақты күрішші аталып біраз 
жерді шарлар едім. Талай жиналыстың төр ағасы болып отырар едім. Батырдан 
құтқарған құдай әлгі пәледен құтқармас деймісің. Ден сау болса бұл сымборбайдың да 
жөнін табармын: кемшілігі жоқ періште, жаны жоқ шайтан емес шығар».

Базар ортасы шүңейттеніп құжынай қыбырлайды.
Келе көшпелі вагоннан жасаған кеңсесіне кірсін, телефонды дыңылдатсын, 
радионы саңқылдатсын. Жайма, сәкі, мал базарын бақылайтын делдалдарын 
шақыртсын. Сауда сыпыра қызған білем, әлгі мұндарлар етегін сүйретіп сағат жарымда 
әзер жиналды. Ал ішті босат сосын.
– Сауданың қағидасын ұстаңдар!.. Біреудің ала жібін аттамаңдар!.. Қол ақы, көз 
ақы деген пәлелеріңді тыйыңдар!.. Теспей соратын сүліктер өңщең! Жатып ішер 
саудагерлер! Құлқынның құлы көртышқандар!
– Белаға, базарға бес-алты қоспақ түскен, нардың кесімімен салық аламыз ба?
– Өйдәйт, деген! Қоспаққа қосыңқыра!
Текеметтің құны кеміп кетіпті, Белаға. 
Онда он сомға төмендет!
– Белаға, мәсі мен кебіс сұрағандар көп. Қоймадағы теңді бұзамыз ба? 
– Ақтар, жарқырат, нарқы қос, қызылдан кем болмасын.
– Белаға, Сырдан картоп тиеген машина келген. Сатуға рұқсат бермей тұрмыз. 
Өзіміздің үсік аралас картопты ешкім алатын емес.
– Өкіметтің сауда заңына қарсы шабатын нәйіспісін? Үсігіңді мал жеміне ауылға 
өткіз, олардікін сатып бер. Жұртқа дәл бүгін не қажет – соны зертте деп қақсадым ғой.
– Белаға, алыпсатарларға не шара қолданамыз?
– Дүниеге бүгін келгендей білмей кет, білмей кеткір, – деп кейісін. Өзге агенттер 
мен делдалдарды дүркіретіп қайтарып жіберді. Соңғы сауал берген жігітті алып қалды. 
Ымдап жақынырақ отыруға қосты. Құлағына сыбырлады.
«Өздігіңнен білмей кет, білмей кеткір. Алыпсатар дегенді аузыңа алушы болма! 
Сұраған кісіге – алыпсатар деген әлдеқашан жойылған, түп тамырымен жұлғамыз де. Ал 
алыпсатармен кезіге қалсаң: үстеме салық, штраф ал, енді қайтып көзге көрінбеуге, 
сақтана жүруге қос. Бастықтың қаһары қатты де! Ұқтыр, түсіндір. Әйтседе мүлдем қара 
үзіп айрылып қалма!»
«Ұқпай қал, ұқпай қалғыр. Сен көпе-көрнеу күрескен бол, оларға ақыл үйрет, 
айбарақ жаса. Ал мүлдем базардан қума!» 
«Әлгілер сізге жолығам десе қайтемін?»
«Қолы тимейді де. Әкімшілікке кетті де. Кешке үйіне барып жолыққан жөн де ».
«Салықтан, штрафтан өнген ақшаны қайтемін?»
«Кассіге өткіз. Тілхатын өзіме табыста».
Құйма құлақ қызметкер артымен шығып жоғалды.
Беласар орындығын сықырлатып орнынан тұрды, шәйнектен салқын көк шай 
құйып ішті. Галстугін түзетті. Сыртқа шықты. Базарды өз аяғымен аралап шығуды құп 
көрген.
Кіре беріс қақпаның оң босағасында бүлдіршіндей бір қыз тұр. Әуелгіде көктен 
түскен үр қызы ма деп ойлаған. Мөлт қара жанары, ақшыл жүзі, сүйір иегі жан-жүрегін 
қозғап-қозғап өтті. Шырыны толған жүзімдей мөлдірейді. Тоң еріні қаны шыға үлбірейді. 
Қасына тақады.
Бірдеңе қажет пе, қарағым?
Ештеңе де.
Ендеше бұл жерде неғып тұрсың? 
– Түнде поездан түскем. Демалысқа ауылға бара жатырмын. Бірлік ауылына 
ала кететін машина кезігер ме екен деп келіп едім. 

– Кімнің қызысың? Атың кім?
– Мағрипа. Сейілбек деген кісіні білетін шығарсыз?
– Білмегенде! Талай көкпар тартысқанбыз. Дәм-тұздас болғанбыз. Бой жетіп 
қалыпсың тегі. Балапандай ғана қыз едің. – Мағрипаның иегінен көтерді. – Бүгін 
Мейрамқаланы аралап қызықта, демал. Базар біткен соң ағаңның қолы босайды. 
Қызғалдақ теріп қайтамыз. Су жаңа «Волгамен» сейіл құрамыз. – Мағрипаның иығынан 
қақты. – Мынау менің кеңсем. Кіріп отыра тұр. Ертең өз машинаммен жеткізіп саламын.
Мағрипа қапелімде не істерін білмей қипыжыктап қалды, мөлт етіп қарады. 
«Мына қыз Қаратаудың мөлдір бұлағы ғой» деп ойлады Беласар. «Құда қаласа 
бүгін бұлаққа түсіп шығайын. Денемнің қызуын басайын».
Бұлақ қайраңын бауырымен сипаған балықша жүзді.
– Шөлдесең шампан ашамын. Мөлтек дастарқан жаяйын, бекіренің қоңыр 
уылдырығы, қауынқақтың сіркесуы табылып қалады. Тау елі секілді әзірге аққа аузымыз 
жарымай тұр. Оның есесіне қолдан ашытқан
тары боза ішеміз. Бойды сергітіп, көңілге хош енгізеді.
Пәлі-ай деген! 
Жер астынан өніп шықты, ма, әлде ғайыптан пайда болды ма: ойда жоқта 
Пақыриддин қожа ұшыраса кеткені. Қызды көлденең өткізіп, амал жоқ өзі кідірді. Қол 
алысқаны, яки бас изескені белгісіз – сәлем мезіретін жасады. Жөн сұрасты. 
– Ана жылғы суға кетіп өлген ағаңа ас бердің бе? – деп қойып қалсын қожекең. 
Күнәға белшесінен батып жүрген нәйіс немені ұялтайын деп қиястықпен айтты. Ас 
бергенін естіген. Шақырмағанға өкпелеп жүрген. Содан тақыс мінез танытты.
– Қожеке, ағамның қарызынан құтылғам. Сізге жіберетін көлік таппай ұятты 
болғам. Оның үстіне дария тасу-тын. Сыбағаңыз сақтаулы, қожеке.
«Сыбаға» деген сөзден қожекең майша еріді, жылы-жылы сөйлеп қалды.
Беласар бұларды кеңсесіне ертіп келді. Дереу манағы алыпсатарды аңдитын делдал 
жігітті шақырып «Қожекеңе ақ киізден жайнамаз, су жаңа әміркен мәсі, жетілік кебіс 
әкел!» деп жарлық жасады. Пақыриддин қожа босаға жақта жәудіреп тұрған өрімдей, 
қызды ала көзімен ата қарады. Сақалын саумалады. Құлдыраған делдал әлгі заттарды 
заматында жеткізген, кебісі құрғыр кеңдеу келді. Басқасын алдырған. Қожекең кең кебісті 
де газетке орап қолтығына қысып алды. «Кемпірім киеді», – дейді. Мағрипаны 
сұғымен шалып шығып кетті.
Беласар терең-терең күрсініп қызды төрге оздырды. Орындық қойып жатып 
еңкейіп шашының жұпарын жұтқан. Көз алды дөңгеленіп, денесінің қызуы көтерілді.
– Қарашықтың бойы қызғалдаққа тұнып тұр деседі, Бесарық бөгенінің 
астындағы маң далада жусан бүр атыпты, иісі танау жарады. Даланы, ашық 
аспанды, түнді, айды әбден сағынған шығарсың, Мағыш! Әйтсе де қыз Беласардың тым 
жылпылдап бара жатқанынан секем алды, қолқасына көнбей, рахметін айтып шығып 
кетті.
Даланың кеудесін керіп кететін ашық ауасын сағынғаны рас-тын.
Қақпаны Далабай ашты. Әлгінде ғана Мүлкаман мен Үрбала таудан түсіп, Сырдан 
астанаға сессияға бара жатқан Батыр келіп: оның үстіне бүгін Сая ауруханадан шығып 
өздерінше дуылдасып мәре-сәре болып жатқан. Мағрипаны көріп қатты қуанды.
Бұл тіршілікті ішкі үйдегі дуылдақтар сезбеген. Үстеріне мөлдіреп Мағрипа 
кіргенде барып аңырайып қарасты, сосын жамырасып хал-ахуал сұрасты. Қызып 
алған Батыр кимелесін.

– Сессияға киіп баратын тәуір костюм таппай қойдым. Күні бойы қаланы шарлап 
кірмеген дүкенім жоқ. «Жақсы костюмді базардан ғана табасыз», – дейді: «алыпсатар 
дегендер қоймадан-ақ көтеріп сатып әкетеді», – дейді. Баяғы Беласар кәззап алдыннан 
тағы шықты, осында базарком көрінеді. Алматыға жалаңаш барсам да Беласарға 
жалынбаймын. Көрмегенім Беласар мен базар болсын!
Батырдың бетіне қан жүгіріп, жүні тіріле бастаған секілді.
– Батырекесі, астанаға менің, костюмімді киіп барыңыз, – деді Далабай. – Өзім әзір 
ешқайда шықпаймын. «Қорқыттың қобызын» тамамдауым қажет. – Сөйтсем сөйтейін, – 
деді Батыр. – Алматыға барған соң Алтынтана мен Айменкүн костюмнің құдайын тауып 
берер. Бірі драма театрының әртісі, бірі оқу бітірген режиссер – астананы тіреп тұр. 
Жалғыз ағасын киіндіруге құдіреттері жетеді шүкір!
Мағрипа ернін қыршып тістеп алды. Қыздың оқыс қылығын дуылдақтар сезген 
жоқ.
– Көрмегенім Беласар болсын!
Ертең ауылға өзім ала кетем, Мағыш, – дейді Мүлкаман. – Жеңешеңді курортқа 
аттандырып саламыз, сосын Қосүйеңкі қайдасың деп, тауға тіке тартамыз...
56
Автоклуб машинасына мінді, қасына каникулға елге келген Мағрипаны 
отырғызды, тауға тартты. Тас жолдан шығысымен-ақ ыңыршаққа басқан. Түнде 
дала төсімен жауын өтіпті. Жыландай иретілген сартабан жол езіліп жатыр, балшық 
дөңгелекке сағызша жабысады. Жусанды беткейді қырағаттап салды. Жолсыз жүрудің 
жайсыз ғазауатын енді көрді, іші-бауырыңды қопара солқылдатсын, әрі-беріден соң 
машина орнынан секірсін.
– Қойшыларға соға жүрмесек болмайды, мотор кызып кетті, отын үстіне 
шаруаны да бітіре барамыз, – деді Мүлкаман.
– Терістіктен нөсер келе жатқан секілді, – деді Мағрипа үрейлі үнмен.
– Қойшекеңнің қорасына жетіп үлгерсек жарар еді.
– Алыс па әлі?
– Анау қарауытып көрінген Кіндікті, бергі қабағы Сартам сайы, ежелгі керуен 
жолы сонымен жүріпті, сайдың түп етегінде отырған. Тауға көтеріле қоймаған болар әлі.
Айтуын айтса да Қойшекеңнің қыстауда отырғанына күдік келтіреді, жусан бүр 
жарды дегенше малдың аяғына жел бітеді, содан қойшының таяғы дуананың асасындай 
шолтаңдап тынбайды. Танауға жабайы бұлттың иісі келді. Қызғалдақ біткен сүйіс дәмін 
жаңа татқан қыз ерніндей дірдек қағады. Тау жақтан дымқыл леп соғады.
Салқамы шыққан автоклуб машинасы жорғалаған қоңызша қырат-қыратты көктей 
өтіп жолсызбен Сартам сайына құлдаған. Жауын сіркірей бастады, әйнекке сірке 
тамшылар жабысты. Сай табанында қап-қара болып қаракөл қойы быжынады. Мүлкаман 
қуанып кетті. Әлгідегі ішін қопарған жүрісті де, Үрбаланы шығарып салғандағы бозымбай 
бейқарар күйді де ұмытқан. Отарды дүркірете үркітіп, теріскен түбінде мықшиып отырған 
шалдың жанына салып жетіп келді.
Даусынан таныды, баяғы Талдысу өзенінің алқымында отыратын диірменші шал. 
Қойшекеңнің көмекшісі болған. «Тауға көшкен жоқсыздар ма, кәрия?» «Алтынбала қой 
төлдеу бітпей кетпейсіңдер деген?» «Қойшекең үйде ме?» «Қыстаудан бүрге шығып, 
соған у дәрі сеуіп ертеңгісіннен әлектеніп жатқан». «Саулық қоздай бастаған ба?» – деп 
мойнын созып отардың ішін сүзді. «Кешелі-бүгінді төл төгіп жатыр, іншалла берекесін 

берсін». «Уыз жейді екенбіз ғой онда», – деп Мүлкаман кеңкілдеді. «Ал, ата, біз кеттік! 
Теріскенді көп паналай бермеңіз, қойға қасқыр шауып жүрер».
– Қойшекеңе көмекші шопан құтаймайды, – деді ызғытып келе жатып. – Сенің 
көкең де біраз жыл қой бағысты ғой деймін.
– Бес жылдай Қойшекеңнің көмекшісі болған.
– Қасқаңның тұрысы-ай! – деп тамсанды Мүлкаман. Қойшекең үйінің алдыңда екі 
қолын артына ұстап кекжиіп түрған. – Баяғының сыпасы секілді. Осы мінезімен қой бағып 
жүргеніне қайранмын.
Бұлар мәшинеден түсіп тақаған, сәлемдескен. Қойшекең қол алысқан жоқ. 
Тапжылмай тұрып басын изеді. Мағрипаны таныды ғой деймін, жүзі жылыды. Баурына 
тартып маңдайынан иіскеді, иегінен қақты.
– Бойжетіп қалыпсың! Уақыт қалай зымырайды, ә. Өстіп жүріп қартайғанымызды 
білмей қаламыз. Мына Мүлкаманның жұмысы жеңіл, түсін бермейді, біз ғой қысы-
жазы садыраға батып, қолаңса жұтып тез тозатын.
– Қиналып жүргеніңді көргенім жоқ, келген сайын қолың қалтаңда, сигара аузыңда, 
баяғының бай-батшасы секілдісің.
– Өйдәйт, деген-ай! Жылма-жыл жүз елуден төл беріп отырған кім? Бес кило жүз 
жетпіс грамнан жүн қырыққан кім? Бірінші сортпен елтірі өткізген кім? Осының бәрін сен 
істеп беріп жатқан жоқ шығарсың. Сигара шексем, таза жүрсем – сүйегімнің асылдығы, 
сүмелек пенде емеспін.
Мүлкаман қайыра шауып қарымта қайтаруға дәт қылмады. Қойшекеңнің қырыс 
мінезінен именді, желке тұстан сығып кеп қалған нөсерден қаймықты, сөз аяғын әзілге 
шаптырып үйге беттеген. Қойшекеңнің келіншегі бөлмені асты-үстіне шығарып дәрі 
сеуіп, мүңкітіп жатыр екен, амал жоқ қарсыдағы көмекші шопанның үйіне беттеді. 
Кейуана жылы шыраймен қарсы алды. Пеш түбіне Қойшекеңнің қос қарадомалағын 
отырғызып қойыпты, көрпе ішінен ұядағы қарға балапанындай бақыраяды. Қазан-аяқ 
салдырады. Мағрипа мен Мүлкаман төрге озды. Қойшекең де сақтиян етігі сықырлап үйге 
енген, шетен қалпағын қабырғадағы шегеге іліп, көрпеше үстіне қылжия кеткен.
– Ауданда не жаңалық бар? – дейді сигарасын тұтатып жатып.
Бәрі бұрынғыша, қиқым-сиқым тіршілік.
– Сауранбай әртіс қатынның үйіне күшік күйеу болып кіріп алыпты деген не сөз? – 
дейді Мағрипаға.
– Үйленгені рас, – дейді қыз қарадомалақтарға қалтасынан шоколад алып беріп 
жатып.
– Оқығандардың өстіп бұзылып кететінін білгем, – дейді Қойшекең.
Көңілдері жарасса не сөз бар, – дейді Мүлкаман.
– Омай деген. Көңілім жарасты деп жезөкшемен үйленсем, көңілім соқты деп 
қаланы паналасам, көңілім қаламады деп туған жер, өскен елді, ағайынды ұмытсам – 
азамат, адам болғаным қайсы?! Бүгінгінің кей жастарында тырнақтай ұят, құйтақандай 
жауапкершілік, торғайдың миындай ми жоқ: әйтпесе заман мынау қой үстіне бозторғай 
жұмыртқалаған, өз-өзінен төменшіктеп, кіріптар, күстана хал кешердей басына не күн 
туды десейші.Нөсер даусы ма деп құлақ түрген. Сол екі арада үйге Қойшекеңнің қызыл 
келіншегі жүгіріп кірді, «Ғайнекең келді!», – деп хабар берді. Қойшекең сырықтай 
серейіп жатқан сирағын апыр-топыр астына бүктеп, еңбектей түрегеліп, сыртқа 
сытылған. Шетен қалпағы шегеде қалды.

Әлден уақытта әкім мен Қойшекең отарды көруге жөнелді деген хабар жеткен. 
Мүлкаман гүрілдеп жанған пеш түбінде мызғып алуды ойлаған. Пышағын 
жалаңдатып қызыл келіншек келді: «Қайнаға, қой сойып беріңіз», – дейді. Кіржие 
көтеріліп сыртқа шықты. Мағрипаны үй жинауға, кейуананы бас-сирақ үйітуге жегіпті. 
Әп-сәтте жан тыныштығы да, балдай тәтті уыз да жайына қалды. 
– Сорым қалың, – дейді Мүлкаман қойды іреп жатып. – Көр де тұр осы малдан 
маған сирақ та бұйырмайды.
Қызыма уыз қатырып беремін, – дейді кейуана ошақ басынан.
– Сая тауда жүргенде ылғи келіп қолымнан тұшпара, түймеш жеп тұратын. Саяға 
қазанжаппа, төстік, жаужүрек жасауды үйреттім.
– Бүгін маған сирақ та бұйырмайды. Ырсылдап жүріп қойды іреп терісін 
сыпырған, ішін ақтарған, мүшелеп бұзған. Қызыл келіншек ойдағы Қосүйеңкіден ішімдік 
әкел деп және қиылды. Мағрипа жолсерік ағасын аяды. Тұтаса жылжыған нөсер 
астында ыңыршағы айналып батпырақтап жөнелген машинаны көзбен ұзатып салды. 
Қарбалас күн ауғанша созылған. Қой еті қара қазанда былқып қайнады. Кейуана куырдақ 
қуырып, тұшпараға ет шапты. Мағрипаға қолың жеңіл деп қамыр оратты. Қызыл 
келіншек жанталасып дәрі иісі сіңген бөлмелерді жуып шықты, қабырғаға кілем 
тұтты, төрге көрпеше төседі. Ылдидан дөңгелегіне тоңғақ қатып Мүлкаман келген, 
дорбасы сыңғыр, сылдыр етіп құлақты қасиды. Көмекші шопан шалдың төбесі көрінген, 
арқасында ала қоржыннан қозының басы қылтыңдайды, қолтығыңда және екеу. Соңында 
шуы сүметілген саулық.
– Ойбай, Ғайнекең қайда?!
– Машинасы сайдың аяғында батып қалды.
Қойшекең мен Ғайнекең иек астында батпаққа батып жатқанда қазанға емініп 
отырсын ба. Солай безектеді. Жауын астымен сүмектеп сүйретіп жеткен. Жер 
ылжырап, газик аттап басудан қалды. Ғайнекеңнің қабағы қатулы, плащының өңірі 
былғанып, етігі қоңышынан жағалданыпты. Қан түкірді. Қарап тұрған Қойшекең мен 
Мүлкаман шошып қалды. «Тамағымның баспасы қағынып, безі жарылған, соның қаны», – 
дейді. «Ауру безді сылытуға да уақыт жоқ», – деп қынжылады. «Ертеңгі онға дейін Бірлік 
ауылының қойшыларын сыпыра аралап шығуым қажет». Қойшекең қапелімде не дерін 
білмей қатты қысылсын. «Нөсер қалыңдап келеді. Түн ішінде бір пәлеге ұшырарсыз. 
Келініңіз мал сойып, тұшпара әзірлеп біраз қам жасапты». Ғайнекең қинала жұтынды. «Ет 
жеп жылынып отыруға уақыт жоқ. Ертеңгі онға дейін осы «тектегі отарларды тегіс 
аралап шығамын, сосын «Талапқа» асамын. Арғы күні мал төлдетудің қарқыны жөнінде 
бюро бар». «Енді аштан-аш қалай жүре бермексіз? Келініңіз дастарқан жаюлы дейді. Үйге 
кіре қалыңыз, Ғайнеке». Мүлкаман ішінің қатты бүріп ауырғанын сезді, ертеңгісінен 
бері нәр татпаған. Әлгіде кейуана өзіне арнап жас төлдеген саулықтың уызын қатырып 
қоямын деген. Үй жақтан жер бауырлай шыққан түтінді құныға жұтты. «Бір шыныаяқ шай 
ішіп шығайын», – дейді Ғайнекең. Мүлкаманға бұрылды: «Сенің машинаңмен жүреміз», – 
деді. Шоферіне бұйырды: «Әлгі босаған, майрылған тетіктеріңді дереу жөнде. Жер 
дегдісімен соңымыздан қуып жет», – деді. Мүлкаман тұла денесімен қалшылдады, нөсер 
етегі қалыңдай түскен, арқасынан ылжырап ылғал өткен. Мағрипамен қоштасуға көмекші 
шопанның үйіне кірді.
– Айттым сол, сорым бес елі деп! Осы жауында ыңыршақтап қой аралаймын енді. 
Мұндай өмірдің атасына нәлет! 
– Мен қайтемін! – деп Мағрипа жәудіреді.

– Осында қал. Жауын басылған соң хатшының газигімен қуып жетесің.
– Жарығым-ай, нәр татпай кетесің бе енді, – деп кейуана безектеді. –Жаңа ғана 
саулықты сауып келіп едім, жеңсік уызыңды қатырып берейін.
Осы кезде арбаңдап Қойшекең кірді, шақыра келіпті. 
– Маған уыз жеп, жан шақыру бұйырмаған, – деп кемсеңдеді Мүлкаман. – Мұндай 
өмірдің ішін ұрайын!
Есікті сарт ұрып сыртқа шықты. «Машинамның баллонына біз тығып алсам ба 
екен» деп дәт қылды. «Мына әкім арам қатырар тегі». Ғайнекең кабинаға жайғасып 
үлгеріпті, саусағын безеп тез жүріп кетуді бұйырады. Жауырыны күжірейіп мәшинеге 
отырды, шақұр-шұқыр стартерді басты, ыңырана қозғалып бауырға тырмысты. Осы 
мезет алдындағы айнадан Ғайнекеңнің жүзін көрген, сұмдық аяды. Көзі кіртиіп, 
маңдайы терең әжім сызыпты, әрәдік кірпігін ұйқы үйіреді. «Құдай біледі, Ғайнекең екі-
үш күннен бері ұйықтамаған» деп ойлады. «Екі-үш күннен бері ыстық тамақ ішпеген. 
Ыстық ішпеген кісінің жүзі сарғайып, көзінің асты күлтеленіп кетеді. Жағы 
шодырайып, ерні шыт-шыт жарылған. Сұсты жанары ұңғысына шөгіп әріден 
жылтырайды. Жарты күн рульде отырып, жарым тәулік нәр сызбағанға соншама 
сілелеймін. Әкімнің жаны сірі екен. Үстірт, ұшқары ойлайтынымыз-ай осы! Бір ауданға 
иелік етіп, қырық мыңға жуық халықтың тағдырын толғап, ақ-қарасын айырып отырған 
адамда уайым-қайғы болмайды деп келген. Жер үстіндегі жұмақтың қожасы деп білген. 
Сөйтсе, хатшыекең өзіне ұқсап итырақтап жауын астында қойшыларды аралайды екен, 
садыраға былғанып саулық санайды екен, пісіп тұрған асқа карауға мұғдары 
болмайды-мыс, мөлдіреп тұрған коньякті жұтуға құқы келмейді-міс. Көріп келеді, 
қарапайым қазақтан еш айырмасы жоқ. Қайта науқан кезінде аш қасқырдай анталаған 
бейнетке ұрандап қарсы шығар, күндіз күлкі, түнде ұйқыны ұмытар, тіршілік рахатынан 
баз кешер. Мүлкаман көкең Қосүйеңкіде ферма меңгерушісі болып дәуірлегенде дүниенің 
қызығы сәуірде сырбаз жеп кекірелегенде, шілдеде қымыз сыңғытқанда, қазанда үйіткен 
қойдың төсін кеміргенде, ақпанда арамзадағы туған бағлан сорпасын кенде деп 
ойлайтын. Бақыт деген қарауындағы қойшыларды тықсырып жекігенде, ақшаны оңды-
солды шашып «мырза, сері» атанғанда, басшының көзіне дабырайғанда деп білетін. 
Осы пиғылмен ат басын
 
аңыратты-ай кеп, бала бастық аталды, бір мойын деген лақап 
жамады, ақырында мұрттай ұшты, мойнын үзіп ала жаздады. Әйтсе де Нағанай мен 
Алтынбала секілді сұйық жүрісі жоқ, пара алмады, жең ұшынан жалғаспады, ұжданы – 
таза, ары – ақ. Несібесін адал теріп жеп келеді. Жұрттың наласы мен қарғысына 
ұшырамасам дейді. Адам деген абырой-алғыстан көгерер болса – Ғайнекеңдікі жөн. 
Оңлағаны – елдің, жердің мүддесі, абырой-атағы». Әлі сол түбі терең қиялдың жетегінде 
келеді. Осынау дүрбелеңі, мен дүбірі мол адуын жылдарда алдыңа ұстап пір тұтар, 
сүрлеуіне ілесер, сөзі мен мінезінен дәріс алар ағаның болғаны қандай жақсы! Мына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет