Дүкенбай Досжан Қазақтың жүз романы



Pdf көрінісі
бет6/29
Дата03.03.2017
өлшемі1,57 Mb.
#7268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Жаманеркек
18
Мақұлбек Ақүйік өзенінің салдырама ақ тасты арнасына түсе беріп еді, шыңғырған 
ащы дауыс селк еткізді. Алдынан топ жабайы қабан салып келеді, астындағы есегін қақпа 
тасқа әрең қайырып үлгерді. Сөзсіз жарып кететін еді, арттан қуғын көрген қабандар 
қаскөй болады. Гүрс етіп мылтық атылды. «Қарап жүріп қаңғырған оққа жазым болам 
ба?.. немістің жаңбырша жауған қорғасынынан аман құтылып келіп ем», деп Мақұлбек 
шын сескенді. Қабандар тұсынан салып өте шықты, құлаған ешқайсысы жоқ. Артынан 
тасырлата шауып аттылы келеді, таныды, адамын емес атын; «ой, жануар-ай, 
Салпаңқұлағы ғой бұл».
Үстіндегі Жаманеркек:
– Қап, құтылып кетті-ау! Қарап жүріп оққа ұша жаздадыңыз ғой. Қабандар жарып 
кетсе қайтесіз? Құдайдың сақтағаны да!
Мақұлбектің көңілі мен көзі Салпаңқұлақта, арсасы шыққан, тұяғы жырым-
жырым, тасырқай басады. Сонда да бұзаутіс қамшы, дарақы тепкі шыдатсын ба, 
салдырамамен салып келгені осы.
– Атты құртыпсың-ау, шырағым!
– Не қылар дейсіз... міністің аты ғой. Ауданда тамыр орысым бар еді, әнеукүні 
келіп: «Капуста жеп қырғұлақ болдым, қабан атып қой, жексенбіде жетем», – деген. Содан 
арам хайуандарға, зәнталақ немелер-ай, күнде ат қосамын. Көздеп-ақ атамын, ұстатар 
емес.
– Тап мына кейпімен Салпаңқұлақ әлгілерге жетпек түгілі, менің мәстегімнен де 
қалып кетер. Ер серігі атқа қысымшылық көрсету күнақарлық қой.
– Қысымшылық келтіріп – көкпар шауыппын ба?
– Тұяғын тағалатпаймысың?!
– Ұстаға баруға қол тимейді.
– Әрине, күнде қабан қуып жүрсең...
– Мақа-ау, көптен көріспей кездескенде аманшылық сұрау жоқ, атты айнала 
бергеніңіз не жөн? Жөн білер кәриялығыңыз қайда?
Мақұлбектің іші удай ашыды. Жаманеркектің қағытып тұрғанында гәп бар...
Осы Жаманеркек әскерге алынды, одан үш жыл әлдебір техникумда оқыды, 
бармаған жері қалмай, қаңғымалап жүргенде әкесі қатты ауырған. Әлдеқалай... Теміртау 

ма, Ақтау ма, Кентау ма, шахтаға түсіп несібе теріп жеп жүрген жерінен, хат жаздырып: 
«Әкең ауыр науқас. Елге кел», – деп шақыртып алған. Сонда елге кежегесі кері тартып 
әрең келген, орысмінез боп қалған қыңыр жігітке Мақұлбек кәриялық ақыл айтқан, 
тоқтатқан. «Күстана неменің есінде сақталыпты. «Кәриялығыңыз қайда?» деп келе 
жатқаны сол».
– Мақа, үйге жүріңіз. Сусаған шығарсыз. Дәм татып, ауылға сосын шығарсыз. 
Қысаң арасында жападан-жалғыз зерігіп өлетін болдық, – деген Жаманеркек.
Мақұлбек есегін Салпаңқұлақтың алдына салды, өзенді өрлеп жөнелді, ойында 
әлгінде ғана есіне түскен ескі әнгіме.
Сонымен, әлдеқайда қаңғымалап кеткен Жаманеркекке хат жолдап, әкесінің дертті 
екенін айтқан, ер елуге келіп өлер, ит қаңғып кетер деген секілді нәсият сөздерді, 
намысына тиер деген мәтелді тізіп тұрып жазған. Әкесін көріп қайтуға ма, әлде елді 
сағынды ма, обалына не керек жігіт келді.
Келгені бар болсын, алдында ғана науқасты әкесі қайтып, оң босағаға салынған еді. 
Жалғыз ұлымен бақұлдаса алмай арманда кетті. Ауыл-аймақ жиылып арулап әкетті. 
Артында жылар жалғыз тұяғы жете алмай жатса да өлікті шалдар жайғастырды. Жуды, 
кебіндеді, енді үйден шығарғалы қозғалған.
Алыстан осы Жаманеркектің қарасы көрінді. 
Ағайындар ақ таяқ ұстап үй алдында тізіліп тұра қалған.
Кәрияның жалғыз тұяғы ғой, жазған арыздасып та үлгіре алмады, шара бар ма, 
пешенесінен болар десіп, шалдар тұрған. Бәрі де Жаманеркек ауылды басына көтеріп, 
қабырға қайыстыра жылап кірер деп жорамалдаған.
Өйтпеді. Жаманеркек үйге жеткенше... жеткенде де дауыс көтерген жоқ. Ақ таяқ 
ұстаған ағайындар айғайлап жылады, жақын жеңгелер жоқтау айтты. Жігітіміздің басында 
кепка, үстінде утюг өткен костюм, бұтында сыптай шалбары бар, көзіне жас алып қана 
үйге кірді.
Жоқтау басылды, құран оқылды, мына тіршілікті көрген ағайын жағы жер жарық 
болса кіріп кеткелі отыр. Көрші ауылдың адамдары шын түңілген: «Қызталақ-ай, 
безбүйрек екен, жалғыз әкесіне де дауыс салмады-ау», – дескен.
Жаманеркек орнынан көтеріліп: «Ағайын, әкемді көрсем қайтеді», – деп жұрттан 
пұрсат сұраған. «Е, көрсең көр, балам. Әкең анау, оң босағадағы ақ ши арасында жатыр», 
– дескен.
Жігітіміз өлік жатқан үйге кіріп, ақ шиді ашып, кебінге ораулы әкесін көрген дейді. 
Сонда қыдиып тұрып айтқан сөзі дейді.
– Уәй, әке, докторға қарал, қарал деп қанша қақсап айтсам да қаралмаушы ең. 
Өліпсің де қалыпсың ә!
Осыны айтып шығып кеткен. Қатындар беттерін шымшыған, еркектер жерге 
қараған...
Әнгіме осылай, айтпақшы Жаманеркек қаза шығару тарқасымен-ақ (Мақұлбектің 
есінде қалмапты) жер қазатын «көп тауынын» біріне «қайтып кетемін» деп әлек салған. 
Кәриялар ақылдасқан.
– Жер көріп, ел көріп келгендегі, ақылға кіргендегі түрі мынау! Қайтеміз? – десті.
– Бұл жаман өстіп кете берсе енді қайтып елге оралмайтын болады, – дескен. 
– Адам болса бір сәрі. Тап осы пиғыл, осы қылығымен шыпана боп кетеді, – десті.
– Қаңғып өледі, – дескен.

– Қой болмас. Тұқымымызды қайтіп қиямыз?! Мен онымен ашыла сөйлесейін. 
Сіздердің осы сөздеріңізді санасына құяйын. Түсінер, тоқтар, –деген сонда Мақұлбек.
Күні бойы Жаманеркектің қасында болып, кәриялардың пиғылын түсіндірген, 
елдің елдігін айтқан, намысына тиген, әйтеуір бар ақылын сарқа санасына құйған. Бұл 
сөздерге де қайрыла қоймаған жігітке: «Осы елден қалаған қызыңды алып береміз. Өз 
алдыңа отау тігеміз. Ағайындар мал атайды. Ешкімнен кем болмай адам құсап өмір 
сүресің», – деген.
Жаманеркек соңғы сөзге тоқтады. «Мақұл, онда мен елде қалайын. Бірақ әлгі 
айтқандарыңыз орындалмаса ауылда жалғыз күн де тұрмаймын, ақшасы көп қалаға 
таямын», – дегені. Есермен ерегісіп жатсын ба, келісті, әйтеурір, көндіргеніне мәз. 
Кәрияларға болған жайды, айтылған әңгімені жеткізді. Олар: «құба-құп» десті.
Содан былай Жаманеркек Мақұлбекті «қария» деп атап кеткен.
Сәл нәрседен мұқтаж болып опынса, өкінсе: «Кәриялығыңыз қайда?», – деп шауып 
келетін. Сойысқа деп қорасындағы малын алаты, қонақ кеп қалды деп қалтасындағы 
ақшасын суыратын.
Қыз әперді, отау көтеріп берді, адам етті. Жұрт енді «пәленшенің үйіне бардық» 
десетінді шығарды, дастарқанынан бір шайнек жылы су ішіп шығатын болды. Сөйтіп аты 
шықты, ел санатына қосылды.
Шалқып жүргенде Жаманеркектің артынан қуғыншы жетті. Бойы сырықтай бір 
эстон әйелі келіп: «Мен Жораның маржасы» деп, кәрияларды жаман қысқаны.
Кәриялар жігітті ортаға алды.
– Зәнталақ-ау, қалада қатыным қалған деп айтпаймысың?
– Тауып алатынын қайдан білейін... Құтылдым ба десем...
– Ажырасып тынбадың ба?!
– Ойбай, сотқа беріп тас-талқанымды шығарсын.
– Қатыннан қайтіп құтыласың енді? Біреудің уылжыған бейкүнә қызын алып тағы 
бүлдірдің!
– Өздеріңіз бірдеме деп...
– Уай, қараң батсын, қараң батқыр!
– Өлтірсендер де елден кетпеймін! – деп, тіресті Жаманеркек.
Көз алдына сырықтай эстон әйелдің қылығын келтірді: «Жора, дүкенге шап! 
Капуста тура! Ақшаң неге аз? Ішіп құртқасың ғой! Поштаға барайық, шешеме бір жәшік 
қақтаған ет салайық. Тағы да ішіп келіпсің ә! Милиция шақыртамын, он бес күндей 
тамағыңды тегін асырап келесің!..»
Көз алдына жакында отасқан уылжыған қара торы келіншектің қылығын келтірді: 
«Батыр, қандай ас пісірейін?! Көңілің хош емес қой, көрші ауылға барып тойшылап қайт. 
Атыңды әкелдім. Көкпарға қызып кетіп жығылып қап жүрме. Батыр, бүгін үйге ерте 
оралсаңшы...»
– Өлтірсеңдер де елден кетпеймін! – деп бажылдады Жаманеркек.
Шалдар бас қосып мәслихат жасады. «Қой, ит болса да тұқымымыз. Қарап отырып 
өлтіреміз бе? Қуғыншы қатынға айып мал төлейік, ақша берейік, көнер, кетер жайына», – 
десті. Сырықтай әйелдің қалтасын ақшаға сықита толтырды, астына ат мінгізді, «сөге 
жамандама, хайыр қош, шырағым», – деп жонға дейін шығарып салды.
Сол Жаманеркегің осы.
Қабан қуып, бәйге Салпаңқұлақты тесік өкпе етіп, Қокаң қорығының қорықшысы 
болып дәурендеп жүр.

– Мақа, үй осы, – деді Жаманеркек.
Келіп те қалған екен, есектен түсіп, ер үстіндегі қоржынын алды, үй іргесіне 
тастады, тағы да қаңтарулы қалған Салпаңқұлақты айналсоқтап қарап өтті. Үйден қара 
торы келіншек шықты. Мақұлбекке сәлем беріп, шалдың қолынан есектің шылбырын 
алды, арқандауға әкетті. Әдепті келіншекке іші жылып жүре берді.
Үйге кірген, оң бұрышта шүпірлеген бала, «уә, садағаң кетейіндер, Жарғақбай 
бишараның тұқымдары ғой бұлар. Байғұстың перзенті өле берген соң, ең соңғы осы 
әкелеріңді Жаманеркек деп атап еді. Атынан ба, аруақтан ба, тірі тұяк қалды ғой әйтеуір» 
деп күбірледі ішінен... Қарап отырса мына балалардың бір-біріне тартқаны жоқ, әкесіне 
ұқсайды-ау дегені шешесіне жоламапты, шешесіне тартқан-ау дегені Жаманеркекке 
сорпасы қосылар емес. Біреуі тіпті жалпиған сары, әке-шешесі кіл шой қара немелер.
«Уә, жаратқан, күнакарларға кешірім ет, пенделеріңді сақтай көр», – деп күбірледі.
– Келін, жамандарың қанша осы?!
– Сегіз ғой, ата! Біреуі – ұл, қалғаны – қыз.
– Бәрекелде-е-е, өркендерің өсе берсін! Жаманеркек келіп кірді, жастыққа 
жантайды.
– Көпшікке қисайыңыз, Мақа! Шайыңды тездет ә! – деп тысқа айқайлады. 
Шүпірлеп отырған балаларына қарады. – Әйда, шығыңдар үйден, далада ойнаңдар!
Балалары дүр етіп шыға жөнелді.
– Мақа, сөйтіп, қорықшылықтан ішқұса болып өлер халге жеттік. Алғашында 
бейнеті аз, жалақысы мол, салқын саяда жататын жұмыс екен деп байқамай келісіп қалып 
едім. Бекер болған тірлік екен. Сізді орныңыздан қозғамауым керек-ті. Енді өкініп жүрмін. 
Айдалада, аңырайған тау ішінде, қатыннан басқа ермегім қалмады. Кино көрмегелі қашан. 
Радио тыңдауды ұмыттық. Газет қағазын иіскемегелі бес ай болды. Сағаты құрғыр 
әлдеқашан тұрып қалған...
Осындай құрдым әңгімені көп айтты.
Мақұлбектің көзі ілініп кеткен екен, шай келгенде барып басын көтерді, еңсесін 
түзеп отырды. Есіктен балалардың басы қылтыңдайды. Қара торы келіншек былтырғыдай 
емес, толысып, майланып қалыпты.
– Күннің батуы мен таңның атуына қарап уақыт айырамыз, сіздердей кәрия 
болмаса, қылшылдаған жігітке қорықшылық қол емес көрінеді...
– Не дерің бар енді?
– Осы жұмыстан босансам деймін. Орталықтан үй салып алсам.
– Маған несін айтасың?
– Сіз ферма меңгерушісінің құлағына ілсеңіз. Өзім де жалынармын. Қорықшылық 
сізге қол. Аң аулайсыз, тазы жүгіртесіз, Салпаңқұлаққа қайта мінесіз.
Алғашында Жаманеркекке: «Баста неге ойламадың? Басшыға пара беріп, 
қорықшылықты менен тартып алған өзің емес пе?!», – деп кейіп, ұрсып тастағалы отыр 
еді, Салпаңқұлақтың атын естіп тоқтап қалды, көңілі босады. Ыстық шайды ұрттай түсті.
– Мен қарсы емеспін. Бірақ өтініш айтып бастықтың алдына бара алмаймаспын. 
Бармаймын.
– Қорықшы боламын деп келіскеніңіз керек. Былайғысын өзім жайғастырамын. 
Мақа-ау, осы күнде жұрттың бәрі орталықтан шыққысы келмейді, онда кызық қой: клубы, 
киносы бар, жұртпен қатынасып, шер тарқатысып тұрасың. Бұл бір ит байласа тұрғысыз 
жер...

– Жетер енді, өстіп артық сөйлеп кетесің. Атам келісті, енді несін жылана бересің? 
– деп қара торы келіншек күйеуін тоқтатып тастады.
– Сенің нең кетті!? Сөйлеймін, қоямын – өз еркім!
– Ендеше кісінің құлағын сарсылт!
– Қатын деген жайына қарап отырмас па!
– Бәтшағар-ай, тоқтам бола ма саған?! 
Жаманеркекке жеки қарап, кесесін төңкере салды. Қисайып көз шырымын алмақ 
болды. Бірақ ұйықтай қою қиынға түсті, тыстағы балалар төбелесті ме, бірін-бірі қуды ма, 
қашып жүргені сүрініп-қабынып үстінен өтті, онысын жайғап, қисайғаны сол еді. 
«Мылтықты әкел!» деген айқай шықты. Артынша ат тұяғының тасыры естілді, басын 
көтеріп еді, жылтырақ көз қыз: «көкем қабан қуып кетті» деп секіріп жүр. «Тұқымың 
өскір-ай», деп кейіді бұл.
«Қан шілденің шаңқай түсінде қайдағы қабан?», – деп Мақұлбек жүресінен 
отырды, бұйырмаған ұйқымен қайыр хош айтысып, тысқа шықты. Сорпаға салғандай боп 
терлеп, тасырқап қайтатын Салпаңқұлақты аяды, «шіркінде ес жоқ-ау өзі» деп түңілді.
Сөйткенше болған жоқ төменгі жақтан партылдаған мылтық даусы құлақ жарды. 
Есегін ерттеп, ілесіп жүрген жылтырақ көз қызға қоржыннан екі кекілік алып беріп, 
жөнеле берген.
Қара торы келіншек ошақ басында күйбеңдеп жүрген, жетіп келді.
– Ата, ауқат істеп жатырмын... – деді.
– Алла разы болсын, келін. Ертерек ауылға жетейін.
– Қап, әкеңнің... ұстатпай кетті! – деп Жаманеркек оралды. – Орыс досыма өтірікші 
болармын сірә. Уәдем бар еді. Ол байғұс үміт етіп кеткен. Қосыла ауламасақ қолға түсер 
емес. Қайттыңыз ба, Мақа!? Ертең орталыққа түсем, басшыға жолығам, қорықшылықты 
өзіңізге тапсырамын, уәде осы! Әбден зықым шықты. Қазіргі қабандар да безер боп 
біткен. Қашқанда бөкеннен бетер зытады. Оқ қағар киесі бар ма, көздеп-ақ атам, дарымай 
қойды. Дүрбісі бар мылтық керек-ау өзіне. Атаңа нәлет-ай...
19
Далабай елге келе алған жоқ.
Күткен көз, алаң көңіл көбейді, әке қапалы: жалғыз ұлға деген өкпе, реніш, наз, 
сағыныш, арман – күллісі ащы запыранға айналып жүрек түбіне шөккен. Ел де ұмыта 
бастағандай. Кәриялар: «Бір шүйке басқа жем болып кеткені де. Мына Жаманеркектен 
көш кейін болғаны ғой. Ақылды бала ма десек, бұл қай қылғаны?.. Кәрі әкесін тірідей 
көрге тыққаны ма?..» десіп ілкіде бір айтқаны болмаса, бұрынғыдай, осындағы көрінген 
қара сираққа Далабайды сырттай мақтап үлгі тұтуды қойған. Қара сирақтың өзі: 
«Алматыда Далабай деген оқыған ағамыз бар-тұғын. Миы ашып, елді ұмытып кетіпті», – 
дейтінді шығарған.
Сол Далабайдан бүгін хат келді. Хатта өлі аруақ, тірі аруақтардан кешірім өтініп, 
дұғай сәлем жолдапты, пендешілікпен бас бұра алмай жүргенін, жұмыстың шаштан 
асатынын айтқан. Қуанышты хабар артында: келіншегі шекесі торсықтай ұл туыпты. 
Шешесін, әкесін «тойға келіңіздер» депті. Сосынғысы таныс гөй-гөй: сағынып жүргенін, 
келіншегінің оқуды жаңа бастағанын, шаруа басты болып кеткенін мағлұм қылған. Әкесін, 
шешесін жылағандай, аяғына жығылғандай боп қалаға шақырып жазыпты...
– Уәй, пәлі– ай! – деді хатты кекілі кірпідей тікірейген балаға оқытып тыңдап 
отырған Доскей. Шыдамай кетті, жаратпағаны ма, қуанғаны ма ешкім ұғынған жоқ. – 
Әкел хатты! 

Бүктеп қалтасына салып алды. 
Атына мінді де кеңсе жаққа тартып отырды. Келсе, бәз баяғыдай төрде Мүлкаман 
әлдебір қағаздарды сапырыстырып отыр, босаға жақта Нағанай шотын шарт-шұрт қағады. 
ЬІлдиға сирек түсетін шалды көрді де күллісі өре түрегеліп сәлем берді. Мүлкаман жұмсақ 
орындық ұсынды, «ыссыласаңыз шешініңіз, ілгек әне», деп есепші жаны қалмай елпектеп 
барады. «Бұлардың мұнысы қалай... әлде біреуі қарызға батса, өстіп жорғалап, жүрсе – 
көлік, жатса – жастық болушы еді...» деп ішінен ойлап, терін сүртті, шүкіршілік айтты.
Мүлкаман: «Кімді айтсаң сол келер деген. Жаңа ғана өзінізге, түу-у... тауға 
лөккебай машина жіберіп, алдыртқалы отыр едік», – дейді.
Доскей ішінен: «дәл солай... бір қуың қарызданып қалған. Ағайыннан ақша жинап 
алу керек, соған айтар ауыз, шабар атойшы қажет болғаны» деп қаупайлады.
– Досеке, құттықтаймыз сізді! Тілекші екеніміз белгілі ғой. Көктемде, әр жүз 
биеден жүз құлын алған кезіңізде, Нағанай екеуміз тасқа салып есептедік те: «Досекеңнің 
баққан жылқысынан ұжым пәлен пайда тауып отыр» деп, жоғары жаққа жазып 
жібергенбіз. Жоғары жақ орденге ұсыныпты. Мінекей, мына газетте сіздің фамилияңыз, 
есіміңіз жүр! Мінекей!
– Қандай қуандық десеңізші! Шіркін-ай, Досекеңдей шалымыз Еңбек Ері болып, 
Кремльге алшаңдай басып кіріп бара жатса мұнан артық бақ бар ма?! Міне бақыт, міне 
абырой!
Ура!
– Қосүйеңкіден де данқты адам шығып, қыдыр айналғаны да, – деп мына бұрыштан 
Нағанай жүгірді, нақ бір көрісетін кісі секілді, келе құшақтай алғаны. Шалың қысылайын 
деді, қалтасынан құлаштай ақ орамалын суырып алып, бетін, желкесін сүртті. «Иә, пірім» 
деп қалды.
Қараса, ауыз бөлме жұртқа лықа толған, шалды құттықтауға созған білектері 
жетпей, әлгі туырлыктай газетті тұмардай қып қолдан-қолға өткізіп жатыр.
– Балалар, сәл пайыз етіңдерші, – деді Доскен. Жұрт тына қалған: «шалың қазір бұл 
қуанышқа той атар, өкіметке мың да бір алғысын жаудырар» дескен сыңай бұл.
– Далабай шырағымның келіншегі ұл туыпты! Әлгінде хат алғам, қойнымда тұр.
Жұрт манағыдан бетер гуілдесті. Мүлкаман Құлшығаш дүкеншіге бала жүгіртіп 
жіберді. «Шалдың немересіне шашуым болсын! Әнеукүнгі тықтырып қойған жәшік 
шампанды әкелсін. Мен айтты де» деп, соңынан айқайлап жатыр. Әлгінде ғана 
қарлығаштың шиқылы мен есепшоттың тықылынан өзге дыбыс болмай тұрған кеңсе үйі 
қазір араның ұясы ма, әлде жаңа ашылған мектеп пе дерсің, дуылға толған.
– Балалар, сәл пайыз етіндерші! – деді Доскей.
– Естулерің бар шығар Шіркінбай бабамыз батыр болған кісі екен...
Жұрт шалдың аузындағы сөзін әрі қарай айтқызбай кеу-кеулеп, қақпақылдап 
әкетті.
– Жолбарыс соққан батыр да! 
– Сол бабасына тартқан шалың!
– Шірекең о заманның батыры, Досекең бұл заманның батыры!
– Пай-пай деген! Тұқымың асыл ағайыным-ай! 
Доскей шалдың айтпағы бұл емес сияқты, тыжырынып орнынан көтерілді, гуілдек 
жұртқа қабақ шыта қарады.
– Уәй, халайық, сөз берсеңдерші шалға! Ішпей-жемей мас болғансыңдар ма, немене 
түге?!

– Шіркінбай бабамыз батыр болған кісі екен, – деді Доскей қайталап. – Жаңа 
біреулерің жаман шалды сол бабамызға тартқан деп қолпаштау айттындар. Батыр болу 
қайда бізге? Батыр, ер біз секілді кирелең шал болмайды! Еңбегімізді ескеріп, айналайын 
өкімет атымызды қазитке ілген екен, онысына рақмет. Шалың аттан әзір түспейді, істесе – 
ата кәсібін күйіттеп жүргені де. Бірақ сөз бұл емес. Шірекең бабамыз айтқан екен: «Маған 
жетінші тұяғым тартады» деп. Әлгіде Далабайдың келіншегі шекесі торсықтай ұл 
тапқанын естідіңдер. Сол неме есептей келсек Шірекеңнің жетінші тұяғы екен. Қазақта: 
«батыр тұқымына тартпайды, тұяғына тартады» деген сөз бар. Бабамның ерлігін 
естігенімде; «жетінші тұяқ Далабайдан туар ұл екен! Көзім тіріде Шірекеңе тартқан 
тұяқты көрер күн болса даланы күңірентіп той жасаймын, батырдың аруағын 
жаңғыртамын» деп, өзіме-өзім серт еткен едім. Сол сертім мойнымда.
– Шірекеңнің жетінші тұяғына тойым бар, осы Қаратауды қақ жарып салым 
беремін! – деді Доскей.
Жұрт сілтідей тұнып тыңдап қалыпты. «Сөз осы, біздікі әншейін дақпырт екен» 
десті. «Шалың әріге сілтеді» десті. «Күшті болсаң күллі Қаратауды күңірентіп той жаса!» 
десті.
Мүлкаманның тықтырып қойған жәшік шампаны келді. Жұрттың бәрі шүпірлесіп 
бір-біріне шампан құйысып, қағысып ішіп жатты...
... Доскей шал тысқа шығып, қашан жастар шампанды тауысып, «енді не болар 
екен» деп жайғасқанша, атының қасында жүрді, қасқаның жалқұйрығын сүзді. Шампан 
шашу аяқталды. Доскей ішке кірді.
– Шырақтарым, той жабдығы өзімнен. Үй жабдығы ағайыннан. Шақырушы болу 
осы отырған балалардың мойнында. Ал – өздеріңнен өтінішім – күнін белгілеп беріңдер. 
Ақылдасыңдар, ойласыңдар. Басшылармен сөйлесіңдер, өкіметтің науқан жұмысына залал 
келтіретін болмасын. Мен мәміле сөзді таудан күтемін, – деді. Сөйтіп аттанып кетті.
Ортақ іс, ортақ шаруаға Мүлкаманның майлық-сулығы бірдей еді. Ойға-қырға өзі 
шапты, аупарткомге кірді, мән-жайды мағлұм қылды, шалымыздың өрлегенін айтты, 
әйтеуір рұқсат қағаз алды. Өзі осы тойды атқарысу үшін жарты айлық демалысқа босанды. 
Ұжым басшыларына басшыларына барып күш көлікке, той жасар мерзімге келіс сөз 
жүргізді. Сонымен, шілде қайтар, тамыздың аяғында (мың тоғыз жүз алпыс жетінші 
жұлдыз) мизам түсер мезетке уәде жасалды. Кәриялар да «салым беретін болса, шілде 
қайтқан, мизам түскен, күні ұзақ кез – тамыздың аяғы дұрыс» дескен.
Талтүсте, ұжымның жеңіл мәшинесімен Мүлкаман мен Нағанай Қаратауға, Доскей 
шалдың отауы отырған Сопаздың сазына келіп жетті.
Сопаздың сазы – айналасы ат шаптырым келетіп, екі тау арасына орналасқан үлкен 
жазық, шалғынды кеңіс болатын. Әр тұсында қара тасты тесіп шығып жатқан қайнар 
бұлақтары бар. Балаусасы белуардан. Ертеңгілік, кешкілік лықылдап жібек самал соғады. 
Маса, сона сынды мұндар мақұлығыңыз атымен табылмайды. Қымызы шарбат, ауасы 
дару.
– Әдейі той істеуге жасалғандай екен, – деп тамсанды сазды аралап көріп шыққан 
Мүлкаман.
– Өмір-өмірге жыр боп тыңдалар, аңыз боп айтылар той болады бұл, – деді 
Нағанай.
Салым
20

Ата қазақтың атой салып, аруақты тірілтер, даланың тулақша шаңын қағар, адырды 
ат тұяғымен тілер, ғасырлар бойы қызықтап келген әйгілі үш ойынының бірі. Біріншісі – 
бәйгені, желаяқ жүйріктер қыздырар; қыздырар да көзден бұлбұл ұшырып, сағым боп 
жоғалар; екінші ойын – көкпар, қашқыр ат пен қайыс білекке сын салар, сын салар да 
даңғой қазақтың жынын алар; үшінші ойын – салым. Алғашқы екеуінен қызығы артық 
болмаса кем емес, жігіт пен жылқының белдісі шыдайтын, қиқудан көрі «сауға сұрары» 
көп, тартыстан көрі додасы мол ойын. Көкпар тартыс пен додадан, сосын алып қашудан 
тұрады; бәйге – шабудан тұрады, ал салым – дода, және ит жұлқыстан құралған. Осы 
жерден берілген серке көкпарды түу сонау көз ұшында, төбе басына қадаған қарауыл 
меже түбіне апарып салу керек: жолда не майталман қақтығыс, жұлқып өтер білек бар, 
сауырдан соғар атқағар бар...
Уәй.
Уақытысында ұстасармыз.
Салымшылар жиналып жатыр.
Түркстанның түйе палуандары Емен, Семен – ағайынды екі жігіт жеткен, жетегінде 
шашуға әкелген құлынды биесі бар: Келес бойын жайлаған Көктің ұлдары бір төбе, он 
қанаттан тігілген қос үй соларды жайғауға кетті; сосынғы Кентау, Мырғалымсай, Созақ 
жерінің малшы, егіншілері, еріккен шахтер – әлгі тас ойғыштар ше – олар да жеткен – 
бұлар Көтенші балалары еді: Сүпіден тарағандар – Жетімдер, Саңғыл, Божбан, Маңғытай; 
Қара Құдайбердіден тараған Қошқарбай, Сүттібай, Аққошқар, Аманбай, Жаулыбай, 
Суынбай бар. Күллісі ел жобасын, той жоралғысын ала келген, жетектерінде салымға 
шабар төрт тұяқтының төрелері – Қаратауға әйгілі болған – Жартыбас, Ақалтеке, Аққоян, 
Текті торы деген тұлпарлары бар. Кілең кекілін қиған, шомбал аяқты, күдері жалды, 
қараған көзді суырып жейтін жылқылар.
Иелері де жұрт таңырқай түссін дегендей, жалпуыштап ала жабулап, үкі тағып, 
үстіне титімдей бала мінгізіп алған. Келгендерге қол беріп сәлемдесіп, қастарына әр үйге 
жайғастырар жігіт қосып жіберіп тұрған Доскей ішінен: «Далабай салымға жетіп үлгерсе 
жарар еді» деп күбірлеген.
Мына жеті қара Сауран бойын қыстап, Мыңжылқыны жайлаған жылқышылар – 
Аңсай, Самай, Нұрсай, Айеке, Жай, Шуақ, Борай; думан десе ішкен асын жерге қойған, 
сері көңілді, жұмыстың пірі, тірі құйындар өншең. Шетінен қара, шетінен ірі, дөң 
сөйлейді.
Доскей қол қусырып сәлем беріп, қарқылдақ қапсағайдың тізгінін ұстаған.
– Жөн айтасыз, ақсақал! Бұл Шіркінбай батырдың тойы, соның жетінші тұяғының 
қуанышы!
– Бәрекелде, батырдың тұяғы де! Амал жоқ енді түсеміз. Батырдың атына ақылды 
жығылады деген.
Бұлар төменгі жақтың жұрты. Аттары майда, шалдары шақылдақ, балалары шакпақ 
тас келеді. Міне, Құйысқансыз, Бекболат, Ақболат, Қайрақ, Ноғай шегір, Бекбаулы, Жәни 
деген жігіттер. Салымның жындары өңшең. Қыстауы – Сыр бойы, өрісі Сарысу пұшпағы, 
жайлауы Қаратаудың құйымшағы болып кететін қырлықтар. Ерге мықты, әзілқой, 
сосынғы өнері – кілең жыршы, тақпақшыл келеді.
Дүние тіршілігінде кісінің мейманасы тасып бақытты болып жүруі үшін не керек?
Ең әуелі көңілі тыныш болғаны жөн. Көңілі тыныш болуы үшін не керек? Тұрмыс-
тіршілігі уәйімсіз, қамсыз болмағы ләзім. Тұрмыс-тіршілігі, қам-қарекеті жөнімен жүріп 
жатуы үшін не қажет? Тағы да алдына қойған, көздеген мақсаты орындалып жатқаны жөн. 

Табысы жетерлік, отбасы аман, саушылығы жақсы болса ғана көздеген мақсаты бірте-
бірте орындалып жатады. Мінекей, диірменнің бақалағы секілді дөңгеленіп, айналып келе 
беретін кісіге қажетті мүдделер – бір-бірімен тығыз байланысты, бірі бар боп, келесісі жоқ 
боп жатса – кісі ойлғанындай қисынымен тағы жүріп болмайды. 
Осылардың бәрі біріне-бірі себепші, біріне-бірі итермеші; айналып келгенде адам 
бақытына апарар сатының аяқ салар басқышы секілді.
Енді осы қазақты өзгелермен, алыс-жақын ағайындармен салыстырып көрелік. 
Жұлқынып жұмыс істеймін деген кісіге – ауыл аймағында нан табар қарекеті 
болмай, жұмыс іздеп, ел-елді шығандап кезіп, шақшадай басын шарадай етіп жүрген 
өзбекті көреміз. Иығына ала қап арқалап Қытай асып, Ресей басып, сауда жасап нәпақа 
айырып жүрген қырғыз, тәжік ағайынға жанымыз ашиды. Тас төбесінен құдай берген 
табиғаттың көл-көсір құлама суы, сол судың қуат көзі тұрғанда маңайын сипалап, жарық 
бер... жылу бер... жанармай бер... деп қоңсыға қол жайған көрші ағайынға қайранбыз. 
Алыстағы алпауыттан күреп ақша табамыз деп есек дәмемен – басын дау-шарға байлаған 
гүржістан, украин ағайындарға қарап – қарадай қайран қаласыз. Кешегі күндері ішкені 
алдында, ішпегені артында дегендей, әрісі терістіктегі кәріс, берісі түстіктегі түрік 
ағайындар бізге ұқсап бабадан қалған мұрасын түгендемек түгілі – дүниені кезіп, көжесін 
әзер тауып ішіп жүр. Орақ науқаны аяқтала астық сұрап үйіліп жететін алыс-жақын 
ағайындардың қарасы мол-ақ!
Мұның керісінше, жылдан-жылға егіні ойылып бітіп, малының басы көбейіп, 
шаруа жайы түзеле бастаған қазекемнің ертеңгі күннен уәйімі жоқ. Көңілі тыныш, ұйқысы 
қалың. Жылма-жыл ішкі жалпы өнім үлесі ұлғайып келеді. Мыңға жуық алғыр, зерек, 
ғылымға икем жастарымыз шетелде Болашақ бағдарламасымен білім алуда. Білім аламын, 
жетілемін деген кісіге мүмкіндік теңіз. Өз ісінің шеберіне – ауыл, қаланың төрінен 
баспана берілуде, көп балалы отбасына жәрдемақы, жалақы, зейнетақы мөлшері жылма-
жыл артып келеді. «Ертеңім не боп қалады» деп күпті көңілмен жүрген кісі сирек. Ойы 
орнында. 
Ойы орнында адам қай қиынға салсаң да – жарып шығады. Осыны ойлаған Доскей 
шал үлкен серкенің бауыздау қанын әбден ағызып болды да басын, төрт аяғын тізеліктен 
кесіп тастады. Тілерсекті тесіп, сол тесіктен кендір жіп өткізді, алдыңғы қос аяқты бір, 
артқы қос аяқты бір қоржындай байлады. Бұл ұстауға ыңғайлы болсын дегені.
Белін жазып, ат үстінде анталап тұрған салымкештерге тіл қатты:
– Немеремнің тойына арнаған салым үшеу: бас салым, орта салым, соңғы салым! – 
деп дауыстады.
– Пәлі шабаз!
– Бата бердік, қолыңды жай!
– Тігері не? – деп шуласты ағайындар. Доскей шал соңғы сауалға жауап берді.
– Бас салымды салған кісіге құлынды бие! Ортаңғы салымға – қысыр қашар; соңғы 
салымға – жеті тоғыз жыртыс!
– Бәрекелде-е-е-е! – деп дуылдасты қаны қызған салымкештер.
Доскей шал екпіндей келген Еменнің қолына қайыстай созылған серкені ұстатып 
жіберді.
– Тарт!
Салым басталып кетті.
Доскей шал артына бұрылды. Ақбоз үйдің іргесінде тұяғымен шым ойып, шатынап 
тұрған Кертөбел атқа келді. Бұл баяғы ауданда өтетін Октябрь тойында бәйгеден бірінші 

болып келіп масаты жабу алған Қоянкөктің баласы. Кертөбел – қазір ат, алты жасар. Нақ 
шабар шағы. Доскей шал мизам түскелі суытып, баптап жүрген. Астанада даңғаза 
шығарып кәсіп қып жүрген жалғыз ұлы Далабай келсе, «ат қып мінер еді, салымға салар 
еді» деп ойлаған. «Қазір жақсы ат қалмай барады, көбі дыз етпе шабыстан артылмайтын 
текежәуміт түге» деп қинала күрсінетін. Бірақ астанадағы жалғыз ұлы осы тойға да келе 
алмады. Қарасы батты.
«Тәуекел! Немеремнің жолына бағыштадым! Далабай шаппаса да, Кертөбелдің 
бүгінгі өнерін өзім көрейін» деп қатайды шалың.
Аз-кем кідірістен соң:
– Жаманеркек, ау, Жаманеркек, – деп дауыстады. Өзге жігіттің қолайы келмегені. 
Шет ағайынды мінгізу ұят. Өз ішінен, Қырғызалы түтінінен аяқ-қолы серейген, екі-үш 
жігітті қарпыр қауқары бар осы Жаманеркек қана. Нағанай болса ішуге салынып қазан-
ошақ маңын шырғалап жүр. Құлшығаш неме қарулы еді, не пайда, тақауда келіншек алып 
үйкүшік болып кетті, жігіттің беліне сенбейді. Сосынғы бірер бала жас, тәжірибесіз, 
додаға бір түскеннен түтіліп шығады.
Сонымен Кертөбелге Жаманеркек мінді.
Үстінде желең көйлек, оның сыртынан күн жеп оңып кеткен гимнастерка киген, 
қайыс белбеумен буынып алған. Аяғында керзі етік. Бұл да жақсы, үзеңгі башпайды 
жемейді. Басын қызыл орамалмен шартта таңған. Сол білегі түрулі.
– Мен салым салар Қарауыл төбеде, сайыпкер шалдардың қасында боламын, – деді 
Доскей шал.
– Күшінді сарқып алма. Кертөбел қамшыны көтермейді. Сауырмен атты ұра 
білмейді, көбін кеудемен қағар. Жазым боп жүрме. Немеремнің жолына бағыштадым!
Доскей Кертөбел атты сауырдан қағып қалды. Ат жұлқып алып жөнеле берді...
... Кертөбел ат үстіне бөгде кісі мінгенде шамданып қалған. Аяғын тарпаң тастап 
келеді. Ылғи көкпар болса, додаға түссе Доскейдің өзі мінетін, өзі шабатын. Ылдиға қарай 
салып келе жатып Кертөбел: «шалдың мұнысы несі» деп ойлаған. «Әлде ендігі ием мына 
үстімдегі сырықтай сорайған неме ме? Бөтенге барымды салып шабар текежәуміт дей ме 
мені?» деп ренжіді, басын шұлғып қатты пысқырды. Аяғын бос тастап көңілсіз шапты.
Дода қызған екен. Қырындап кеп кірді.
Кертөбел ортаға еркін жете алмады. Жолды кіл қасқалар бөгеп барлықтырып 
барады. Тайқып топтан шықты. Үстіндегі сорайған неме өзіне ұрысып жүр. Бір рет 
қамшымен тартып та жіберді. «Осындай ит екеніңді біліп едім-ау», – деп ойлады жылқы.
Кертөбел додаға тағы түсті. Серке ортада, кіл қасқа жылқылар қаумалап жіберер 
болмады. «Осылардан қай жерім кем» деп ойлады Кертөбел. «Кімге өкпелеймін осы! 
Сорайған неме ит-ақ болсын, Доскей шалың салымға менің сауырымды қағып жіберді 
емес пе?! Бос арамтер боп қайтқаным жарамас».
Кертөбел қасқа жылқының біреуін кеудемен қиыс кеп соқты.
Қасқа лықсып кетті, енді қайтып додаға кірместей боп, соққы жеп жасып 
жөнелгенін білді.
Келесісін кеудемен соға алмады, қу жылқы бұлт етіп, үзеңгілікке тайқыды.
Серкеге ілігіпті. Жерде жатыр. Үзеңгілік бүйірімен кіл қасқаларды сыпыра соғып 
қиыстап кеп өтті. «Өй, осынша қабырға кайыстырып, бейнетпен серкеге жеткізгенде... 
үстіндегі Сорайған ұстап үлгермеді... серке жерде қалды. Алда, ит-ай. Көкпар іліп әкете 
алмасың бар, иығымды жаншып, еркек боп неге отырсың?!» Кертөбел додадан сытылып 
шығып қайқаңдап кете барды. Үстіндегі сорайғаны қатты ашуланды.

«Ашуланса мейлі. Серкені іліп кете алмаған қолапайсыздығынан көрсін. Жүдә мен 
көкпарды тісіммен тістеп алдына алып беруім керек пе осының?..»
Кертөбел қайта қайрылғанша дода бұзылды.
Бұзған әйгілі Жартыбас деген, Кертөбелдің ағайыны.
Жартыбас тұлпардың соңынан салған, алдынан қарсы шапқан көптің түрі жаман. 
Солқылдақ шымнан шаң шықты. Кертөбел Жартыбасты аяды. Бір салымға татитын дода 
бұзған еңбегі неге тұрарлық! Сұрапыл күш қой шабаз!
Кертөбел де қызына бастады. Ағызып артынан салды. Салым межелі төбеге 
жақындап қалыпты. Жартыбаспен құйрық тістесті. Бұл жануардың шын аты әуелгіде Құла 
болатын, үйірде жүргенде, жылқыға қасқыр шауып, арланменен жалғыз алысқан. 
Сағағына шапшыған арлан қасқыр мүлт кетіп Құланың сол шекесіне ауыз салыпты. Құлақ 
шекесін алақандай қып жұлып әкеткен. Ат арланды алдыңғы аяғымен қағып өлтіріпті. 
Шекесі тыртық боп, орнына ақ жүн шығып жазылды. Енді бұрынғы Құла деген есімі 
ұмытылып, содан Жартыбас атанған. Жануар жойқын күшке ие, арыны сұрапыл. Осыны 
ойлап келе жатқан Кертөбел Жартыбаспен қатарласа сауыр сипасып шапты.
Кертөбелдің үстіндегі Сорайған Жартыбастың иесінен серкені жұлып алмақ боп 
арпалысып келеді.
Кертөбел өзінсіз ол серкенің ешуақытта жұлынбасын біледі.
Қайта қанатқа кеп қапталдасқан аттарды Кертөбел ыдыратып, тоздыра берді. Бұл 
Жартыбас үшін зор қолқабыс еді.
«Үстіндегі Сорайғаны бар пәле астындағы Керекеңнен екенін сезер емес. Ит 
талағандай боп алысты, тартысып барады. Дәл осы сәтте иесі серкені тақымға басса ғой, 
Керекең жалт бұрылып тартса ғой, жұлып әкетер еді. Мейлі де. Қадірді білмес жанға 
жақсылық жасағанша, мына кәрі Жартыбасқа кемектесейін. Жануардың қартайғанда 
мерейі тассын, абыройы артсын»... деп ойлаған Кертөбел.
Салым салар межеге Жартыбас пен Кертөбел қатар келді.
Бас салым Жартыбасқа, оның үстіндегі қолы қарысқан жігітке тиді.
Жартыбасты жүрт кеу-кеулеп, көтермелеп, тізгінінен сүйіп, сауырынан сипап, 
құйрығын тарап әкетіп барады.
Сүйініп, сүйсініп Кертөбел қалған.
Иесі Доскей шал жетіп келді, мұның тізгінін жұлқи тартты.
– Бәтшағар-ау, жылқы мінезін неге білмейсің?! Тізгінді бұрып әкетпеймісің? Сонда 
қолы қарысқан жігіттен жұлып алар едің! Жұлмақ түгілі қапталдан қосылған аттарды 
қағып, көмектесіп, салымды әкелісіп салдың ғой!..
– Білмедім ғой, Досеке, – деп міңгірлейді Сорайған.
– Жартыбасқа салым салуға көмектестің! Сен қапталдай шаппағанда жұрт серкені 
жолай жұлып ап қалар еді!
– Қайдан білейін, Досеке, – дейді үстіндегі Сорайғаны.
Сол Сорайған үшін Кертөбел ұялды.
«Иемнің намысы жолында шапқанымды білсемші жазған басым. Шалдың бір 
көңілі үшін неге мерт болмаймын тегі. Тісіммен тістесем де серкені өзім салатын едім 
ғой» деп Кертөбел қатты қорланды, үстіндегі Сорайғаннан бетер ұялды. Доскейдің 
алдында жер боп жер тарпыды.
– Бар, ортаңғы салымға! Тарта алмасаң қайтып кел, өзім шабамын!
Доскей ақырғы рет қарайып шаң жұтып қала берді. Кертөбел ышқына шапты, 
екінші мәрте тартуға тасталған серкені іздеп келеді. Додаға килікті.

Омыраумен Ақалтекені ұрды, ол жануар кілт етіп бұрылып кетті, қарсы киліккен 
Аққоян болар, сауыры аппақ, соққызар емес, сынаптай сырғиды, бұл мезетте серкені 
Тектіторы ілген еді. Күллісі соған жабылды. Біреуі сирақтан ұрды, біреуі тұмсықтан 
қақты, шаң мен қан жұтқан жануар лезде болдырып бітті.
Кертөбел жанамалай берді, үстіндегі Сорайғаны серкені жұлып алды, салмақтан 
шабысы ауырлай түсті. Серке ту екен. Мұндай салмақты көтеріп ешуақытта шаппаған еді. 
Оның үстіне Сорайғаны серкені қос бүйірге кезек салып, келіп ұстаған шабандозды 
алдаусыратпайды; тақымға шірей басты да, қақиып отырып нақа шабысқа қарап қалғандай 
өзін бұзаутіспен өрді дейсің. Сауыры удай ашып, шаңнан өзегі өртенген Кертөбел тұрып 
қалғысы келді.
Бірақ көзіне Доскей шалдың қатыңқы жүзі елестеді. Ышқынып берді. Барша күш 
беліне түсті, алдынан тосқан тоқпақтай білектер серкені жерге қарай лықыта тартқанда 
жұлыны үзіліп кеткендей болады. Көзін тер басып, меженің қай шамада екенін 
бағдарлаудан қалған. Келесі топтан сытыла бергені сол еді, қапталдығынан кеп ат ұрды. 
Ұрғызса сауырдан, яки омыраудан ұрғызатын, тап белді кесе көлденең қия соққанды 
көргені осы. Жығылған жоқ, толқып барып түзеліп кетті, оның есесіне өзіне кеп соққан ат 
омырауын алдырып, тұралап қала берді. Қапталдығы ыстық су тигендей дызылдады, 
үстіндегі Сорайған серкесімен қоса арқасынан сыпырылып түсіп қалғаны ма, бұрынғыдай 
белі сыздап ауырмайды, салмақты да сезбейтін секілді.
Кертөбелдің көзін ащы тер тұтты.
Жанарына Доскей елестеді. Қабағы қатыңқы. Бұлт арасынан бұтағы мен 
жапырағын жай оты күйдірген қара ағаштай қарайып қана көрінеді. «Осы салым салу 
деген пәлені қай жұмыр бас екен ойлап тапқан?! Белді кесіп, борбайды суырып әкететін 
жаман тіршілік бір. Талай тұлпар осындай салымда мерт болған. Талай күш-қайрат ат 
тұяғының арасында құрдымға кеткен».
Бұл кезде Кертөбел межелі төбеге жақындап қалғанын сезді. Өйткені, салымда 
«арамза» деп аталатын қақпақыл шабандоздар додадан өкпесі күйіп құтылып келе жатқан 
салымшының алдын тосады. Межеге әбден жақындатып алып «жұлқа тарту», «ат қағу» 
деген тәсілдерін қолданады. Талай топты артқа салған жылқыдан әл кететіні белгілі. 
Үстіндегі салымшы жігіттің де үздіксіз тартыстан қарына қан ұйып, қарысып қалады, 
бұрынғыдай бұлтылдап айла жасай алмайды.
«Арамзалар» анталап ат қойды. Қиыстай шапты, Кертөбел басын жерге салып, ат 
тұяғының арасынан саңылау іздеген. Жылқының жүрегі шайлықты; көз алдындағы сеңдей 
тоғысқан ат тұяқтары теңізге айналып, толқын атып, шапшып жатты. Тұяқ теңізіне батып 
кетпеу үшін Кертөбел малти жүзді, қайқаңдай қашты. Әне бір жылы Сырға түсіп, 
Сырдариядан өтерде жүзуді үйренген. Бұйра толқындарға қарсы салып, күллі күшін қатты 
ағысты жеңуге жұмсаған еді. Сол тәжірибе есіне түсті, тұяқ теңізіне қарсы жүзді, тас 
тұяқтар омырауын, бүйірін, сауырын жалап қалып жатты.
Ат тұяғы теңізге айналса, ешбір мұхит толқынына бергісіз сұрапыл сойқан 
туғызады.
Бұл сұрапыл сойқан қалаларды құртқан, ұшы-қиырсыз далада селдей сайран 
салған. Осы ат тұяғынын теңізімен Шыңғысхан дүлей болып дүниені жалмады. Осы тұяқ 
теңізінің толқыны астында Отырар, Сауран, Сығанақ сынды әйгілі қалаларымыз қалып, 
қан, сонан соң шаң жұтқан. Дәл осы тұяқ теңізі бүгін Кертөбелдің жолын бөгеді, күшін 
тұңғиыққа тартты, тұншықтырып әкетті.
Теңіз толқыны басылып қалды.

Бұл ат тұяғының сирегені еді.
Енді «жұлқа тартқыштар» үстіндегі Сорайғанды жәукемдеп жатыр. Кертөбел: 
«Айрылып қалмаса жарар еді», – деп уайым жеп келеді. Қашыртқыға салды. Үстіндегі 
Сорайғанның беліне соққы тиген-ау шамасы, қазықтай боп қаздиып қалған, жалға жатып 
жұлқығыштардың бетін тойтармайды. Күллі күш ат беліне түсіп келеді: біреу сылқ еткізіп 
серкені жұлкып өтсе, лық еткен соққы беліне ұрады. «Айрылып қалмаса жарар еді» деп 
ішінен қаупайлады Кертөбел.
Меже. Ту тіккен төбе. Мың атойдың тоғысар жері. Жетті!
Әлдекімнің қарулы қолы Кертөбелдің тізгінін іліп әкетті.
Дақпырт ду жер жарады. Бәрі де өзіне істеліп жатқан қошемет екенін Кертөбел 
түсінді. Көзін әлде бір алақан сүртіп өтті, жанары шырадай жанды... Доскей!.. жүзінде 
тарам-тарам аққан жас, Кертөбел оқыранып барып шалдың омырауын иіскеді.
Екі жігіт кеп Сорайғанның аяқ-қолын серейтіп, үстінен түсіріп әкетті...
Еңісте, үлкен сазда соңғы салымның жұлқысы басталған.
– Досеке! – деп, айқайлап Нағанай жетті. – Кісілер отырған отауға жүріңіз! Күтіп 
отыр! Райкомның мықтылары сонда! Пәлі-ай, атты сізсіз-ақ суытып алар, ана балаға 
беріңіз, мінсін де салым көрсін, сөйтіп жүргенде терін үгеді, суйды. Жүре қалыңыз!
Өстіп желпілдеп кететін әдеті. Кертөбелдің тізгінін маңынан айналшықтап шықпай 
жүрген Мақұлбектің «оқымыстысына» ұстатты: «Осы маңда, жайлап, күн батқанша 
жетеле, терін үксін, сосын өзім келіп жайғаймын», – деді.
Отауға келіп кірді.
– Уә-ә-ә! Әссалам, мәссалам!
«Қызып қалған балалар өстіп сәлемдесетін» деп ойлады ішінен Доскей.
Жалпақ төрдегі шүйделі жігіт сөз бастады:
– Кәрия, отырыңыз. Есептеп көрсек отыз жыл үзбей жылқы бағыпсыз. Мыңдаған 
құлын қолыңыздан өріпті, жүздеген сәйгүлігіңіз кешегі Ұлы Отан соғысында жаудың 
етегін түре қуыпты. Ұжымның, сонан соң ауылдың ең ауыр тіршілігін Сіздің жылқылар 
атқарған. Еттің жоспарын орындауда үлесіңіз орасан зор. «Но», – деп алды. Отырғандар 
оның жоғары көтерілген саусағына қарады.
– Кейінгі кезде жылқы малына қырымыз болмай кетті. Етке өткіздік, сойысқа 
тараттық, шошқаға айырбастадық. Мәселенки, алдыңыздағы жылқы елуінші жылдар 
басында қанша еді, кәрия?
– Ұжым бойынша екі мыңдай тұғын. Онда көп кісі боп бағатынбыз.
– Жылқыны мүлде кұртып алмағанымызға сіз көмектестіңіз. Өкімет пен партия 
еңбегіңізді елеп Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттап отыр. Бұл үлкен данқ, биік 
абырой, шын бақыт! – деп, әлдебір қалың қобдишадан алқызыл жұлдызды алып 
Доскейдің омырауына тақты.
Шалды отырғандар құттықтап, қолын қысып, қақпақылдап әкетті. Доскей тамағын 
кенеді.
– Жылқыға көңілдерің түсе қалған екен, жалғыз-ақ өтінішім бар?..
– Бүгінгі сөзге сіз ие, айтыңыз, ақсақал!
– Алдымдағы жүз елу жылқы да қазір азып-тозып барады. Жалғыз-ақ себеп: СЖК-
ға деп шөлмектеп қанын сорып жатыр... Осы пәлені қойғызсаңыздар екен...
Доскейдің даусы дірілдеп кетті. Шүйделі жігіт ойланып қалды.
– Жоғарғылардың құлағына жеткізіп көрейін, – деп қана... осы үйдің 
табалдырығынан аттап шықса үзіліп кетер үміт жібін ұстатты.

21
Балаларды балапандай баулып келіп, ұядан ұшырарда: «Өндірістік мінездемені 
оқушылардың еңбегін емген ұжым басшылары жазсын, жоғарғы оқу орнына өтімдірек 
болады» деген пікір туған. Сол пікір құлағына жаққан мектеп директоры көктем шыға 
Мүлкаманды мүжи бастады. «Биыл оныншы сынып бітірер іні-қарындастарыңа мінездеме 
сүйкеп бер», - деп өтініп жүрген. Қосүйеңкі қарбаласы кімге болса да белгілі, арбаның 
қамыты секілді, мойныңа ілсең, тесік өкпе етіп әзер шығарады. Сол тесік өкпенің бірі 
Мүлкаман, қолы босағаны бүгін.
Таң әлетінен мектепке келген. Мектеп директорының кеңсесіне жайғасып қалам 
шиқылдатып, қағаз судырлатқалы қашан. «Пәленше-е-ев» деп бастайды да, «көзі еңбекпен 
ашылды, күріштің отағын жұлды, қой қырықты, кесек құйды, отын шапты», – деп жосыта 
жөнеледі... көзі қарауытқандай болады... костюмін іліп кеп кайта кіріскені сол еді.
Коридордан күміс күлкі сыңғыр ете қалды, кәусар қыз күлкісі. Мүлкаман елең етіп 
басын қағаздан көтеріп алды. «Бұл қарлар қайтеді-ей?» – деп, іштей кейіген боп, 
түрегеліп, есікке жетті. Залдың келесі пұшпағында, терезе алдында екі қыз сөйлесіп тұр, 
күлкі солардікі, өрімдей жас.
Қапелімде не дерін білмей, қатты, құрғақ жөткірінді. Қыздар қарады. Мүлкаман сұқ 
саусағын шошайтып «мұнда келіндер» деген ым жасады. Екі қыз директордың кеңсесіне 
үркектей кірді. Таныды, бірі – таудағы диірменшінің қызы, екіншісі – Сырдағы 
түйекештің қызы. Екеуі де оныншыны бітіреді. «Құрғырлар, бойжетіп қалыпты» деп 
ойлады Мүлкаман. «Әсіресе диірменшінің қызы сұлу көрінді, екі бетінде шұқанағы бар, 
еріні үлбіреп тұр, күзгі бақшада мөлдіреп толып піскен жүзімдер болушы еді, мына қыз 
соның нақ өзі. Жүзім ғой бұлар».
– Иә, – деп ежірейді Мүлкаман. Қыздар қысыла түсті.
– Емтихан кезінде бұл не күлкі, не қаңку?!
– Консультацияға келіп едік, ағайымыз ауырып қалыпты, – деді Балзия, бұл 
диірменшінің қызы.
– Ауырған дәнеңесі жоқ. Таңертең тазысын ертіп Сырға қоян қууға кеткен...
Қыздар бір-біріне қарасты, сенбегендей сыңай танытты.
– Көрдім... далақтап қыр асып бара жатқанын... Математиктерің малына жоңышқа 
шауып жүр... Физругтерің базаршылап кетті...
Мүлкаман «енді қайсысы қалды?» дегендей аздап үнсіз отырды. Қыздарға 
«отырыңдар» деп ишара етті.
– Қалғандарың қайда?
– Ұжымның қауын бақшасын көруге кетті, – деді Динара, бұл сол Сырдағы 
түйекештің қызы.
«Қалай ғана қапы қалдым» деп опынды Мүлкаман ішінен. «Бір сыныптың 
балаларын түске дейін қаңғытып қоймас едім, жақын маңдағы қой қораларына апарып 
сарыөңез боп жатқан көңін ойғызар едім. Қала берді, таудағы баудан ағаш кестірсем; 
«мектепке қысқы отын даярлауға» деп аудандық оқу бөлімінен бөлінген қаражат қалтада 
қалады. Жұмсай білгенге – балалар күші су тегін пайда ғой. Бұларың дуылдаған 
қараторғаймен парапар. Қолыма бір ай беріп алса, дән тергіш тауқк қып шығарар ем 
шетінен».
Диірменшінің қызына сұқтанды.
– Староста емеспісің... не бағып жүрсің?.. Әлде қауын ұрлауға өзің жіберген 
боларсың?.. Қарауылдан сез естиміз енді...

– Бағынбайды.
– Бағындыратын фәшіс тұткыны емес. Түсіндір... 
«Піскен жүзім бұлар. Үзіп ап ауызға салар ма еді. Мүғалімдер де бапкер диқан 
секілді, балаларды тәрбиелейді, күтеді, ұғындырады, содан толысып піседі, сөйткенде, 
аузымызды аңқитып қойып әлдебір жүгермек қағып әкетеді. Саяны да сөйткен. Әйтпесе, 
Сая кім, Құлшығаш кім... Сая – гауһар тас та, Құлшығаш – сор балшық қой».
– Динара, кім болғың келеді?
– Бір тоқтамға келе алмай жүрмін.
– Қабырғаңмен кеңес, енді жарым айдан соң кәмелетке толасың, қазақша айтқанда, 
бойжетесің. Үлкен өмір жолына ұзатып салар күн туады.
– Математиканы ұнатамын.
– Техникалық ВУЗ– дарға ма сонда?..
– Иә, ағай.
– Техника дегенің ер балаларға қол емес пе? Қыздың шахтаға түсіп, тасқа өрмелеп, 
машинаның моторына кіріп жүргені ерсілеу де. Артист, не мұғалім болсаң жөн басқа. 
Сызылған дауысың бар. Кім біледі, күндердің күнінде Бибігүлден көш ілгері әнші 
боларсың. Әлде біреу қағып әкетпесе...
Қыздар қызарып төмен қарады.
«Жүзім ғой бұлар. Дайын тұрған шарап, сімірсең сусының қанбайды. Кішкентай 
кезінде тіпті елеусіз жүреді. Сәл күн көзіне тиіп, он жетіден асса болды, аузыңды аш та 
қарап отыр. Ару боп шыға келеді. Қыздарды оқытқан лазым. Ауылда жүре берсе мұндай 
гауһар тастар саз балшыққа араласып кетуі ықтимал. Оқысын, тоқысын. Бірақ бұл 
құрғырларды аңдушылар көп қой. Қалада сирақтары сықырлап студент деген пәлесі де 
жүрген шығар. Олар қоймайды, қағып түседі. Бір ертегіде «сүтімді тал түбіне қойсам түлкі 
ішті, тал басына қойсам қарға ішті» дегеніндей болып тұр-ау».
– Балзия, сенің кім болғың келеді?
– Киноактриса...
Құлағына тосындау естілді білем.
– Артист деймісің?
– Жоқ, ағай, киноактриса, кинода ойнасам деймін.
– Бұл жөн екен. Бірақ құрғыр қашан киноға түсем дегенше жас қыз кемпір боп 
үлгереді дейді ғой. Оқуы көп пе, әлде бейнеті мол ма, кім білсін...
– Бағымды сынағым келеді.
– Кино дегенің қызық қой өзі. Қыз жігіттің жағынан шапалақтап жатады, ал жігіт 
байғұс «сүйдім, жандым» деп ынтыға түседі. Кино деп Үндінікін айт. Әлгіндей 
шартылдаған шапалақ та, үздіккен жігіт те жоқ, әні бар, әуені бар. Көніліңді босатады. 
Динара, мына қағазды мектеп директорына апарып берші, клубта жүрген.
«Жүзім ғой бұлар. Ата– анасы қарапайым қазақ: түйекеш, диірменші. Сол да сөз 
болып па? «Түйекеш. Диірменші». Мүлкаман ішінен кекей күлді. «Пәлі, қарекетіңе 
болайын! Сөйте тұра бұларыңнан ақын да, батыр да, ару да, ақылды да туады, тамыры 
тереңге кеткен дарақтай тегі. Байқап отырсаң осы Алматыдағы ақын, жазушылардың 
ешқайсысы қаладан шықпаған. Бәрі де әлгіндей – бірі түйекештің баласы, бірі – 
диірменшінің қызы. Бажайлап, ойласа мұның өзінде үлкен генетика заңдылығы жатыр».
Динара мектеп директорына қағазды апарып беріп келді.
– Ал, былай, қыздар. Айтқан ойларыңның бәріне қосыламын. Тағы бірде жайласып 
отырып әңгімелесерміз. Күллі күшті емтиханға салыңдар. Әлгі, кешке қарай бір үйге 

жиналып алып, әндететін «кеш» дегенді ұмытыңдар. Сондай бір пәлеге барғандарыңды 
естісем, өкпелемеңдер, әкелеріңе жеткізем. Шалдардың мінезі өздеріңе белгілі, күн жоқ 
сосын. Хош боп тұрыңдар!
Осы мезетте коридордан аяқ тықыры естілген, ақырын келіп тындап тұр екен, қара 
торы келіншек – Жаманеркектің әйелі – шыға берген қыздарға қақтығысып қалды.
– Мына қарлар қайтеді-ей?! – деп бажылдады. Ішінен: «Басшымыздың сырын 
білдік. Жұмыс біткенді ұмытып сойталдай қыздарды шақырып алып, есігін ішінен іліп, 
қылжақтасып отырғаны мынау. Оңдырмас» деп ойлаған...
Осы мезетте сырттан мектеп директоры келіп кірген. Қара торы келіншек 
қымсынған жоқ, қалтарыстан шыға кеп, тісінің арасынан: «сәлеметс-ссіз!» деп сызданды 
да кеңсеге ілесе енді. Директор нұсқаған орындыққа оң иықтай келіп отырды. Қос білегін 
алдына айқастырды.
Мүлкаман ежірейе үңілді, «ізгілікті іс» жайына қалған.
Жеңіл көйлектің омырауын келіншектің кос анары тіреп тұр, қимылдаса тесіп 
шығар деп ойларсың.
– Сізді шақырғанымыз былай, – деді мектеп директоры нығыздап, көзін 
келіншектің төсінен айырмай. – Үлкен қызыңыз жаман оқиды. Сонымен қоса – тәртібі 
нашар. Сабақ кезінде тыныш отырмайды...
– Оны несіне маған айтасыз? Мұғалімі емеспін. Бала үйде момақан.
– Сөз тыңдаңыз, өзімен сөйлесіп көргенде, қызыңыз: «Үйде көп жұмсайды», – 
дегенді айтты. Өзіңіз жассыз, күйеуіңіз де тау аударғандай жігіт. Жас балаға ығыр бермей-
ақ сабағын әзірлеуге жағдай туғызсаңдар етті.
– Не істеп жапырған екен? Үйде жұмыс та жоқ қой. Тек, кешке бес-алты қойды 
жайғаған болады. Жер қаздырмаймыз, тас ойдырмаймыз.
– Көрдіңіз бе, бес-алты қойды жайғайды дейсіз. Санайық: мал келер алдында бала 
алаңдайды, қозыларды жамыратып алмасам дейді, өйткені, жамыраса – құлағына күн жоқ. 
Бұл – бір. Енді әкеліп қозыларды қамайды. Бұл – екі. Қырдан мал түседі, алдынан шығып, 
қойларды түгендеп, қайтарып әкелуі керек, өйткені, бір қой кем болса жер-жебіріне жете 
шаңқылдайсыз. Қойды бөліп әкеледі. Бұл – үш. Қой сауылғанша басында қадалып тұруы 
керек. Бұл – төрт. Енді қозыны енесіне жамыратып күллісін қорадан шығарып суға қарай 
айдап жібергені жөн. Осымен – бес дейміз. Күн батады, қойларды қайта қайырып әкеледі, 
қозысын енесінен ажыратып қораға қамайды. Мұнымен – алты дейміз. Енді қойларды 
қорадан шығарып мал жататын тоғанның басына айдап салуы керек, өйтпесе таңертең 
бақташыдан қалып кетеді, осымен – жеті дейміз... Міне, жалғыз ауыз «қой жайғау» деген 
шаруаңыз жеті түрлі жұмыстан тұрады. Айта салуға оңай. Сырт көзге тіпті жеңіл шаруа, 
«жүгіріп қайтара салғанда не тұр дейсіз». Ал, осы тіршілік оқушының қанша уақытын зая 
жібереді? Есептесек – бақандай үш сағатын жейді! Ал төртінші класс оқушысы үшін үш 
сағат дегеніңіз алтынмен парапар. Үйге берілген қаншама тапсырманы орындаған болар 
еді...
Көзінің қиығымен қара торы келіншектің омырауына, тіпті айқын білініп, көзге 
ұрып тұрған анарына қарады.
– Жаманеркек не істеп жүр?
– Қой қорасын жөндеседі. Қорашыдан қорықшы болғаны жақсы екен. Тау 
арасында, салқын-саяда, өз билігі өзінде шалқып жүруші еді. Мұнда ертемен кетеді, қас 
қарая титықтап жетеді, келе төсекке құлайды. Үй шаруасына «өлдім» десең де қарамайды.
– Үй шаруасына өзіңіз жетесіз ғой. Жассыз.

Тағы да қарағысы келді. Жанарын келіншектің сол бір жері магниттеп қойғандай.
– Басқа балаларды жұмсармын...
– Сөйтіңіз. Жассыз!
«Жассыз» деген сөзді нығыздаңқырап айтты, тұрып бара жатып келіншектің қолын 
қысты. Тағы да көзімен ішіп-жеп есікке дейін шығарып салды.
Мүлкаман да орнынан көтерілді, «қалғанын ертең жазармын» деп күңк етті. Ойы 
алакүлік, Үрбаланың қатыңқы қабағын, қусырылған танауын көз алдына келтірді. Тезірек 
үйіне жетуге асықты. Келіншегінің ертеңгілік неге ашуланғанын есіне түсіргісі келді. 
«Ұмытып қалыпты құрғыр».
Қоңырау сылдырады.
Мектеп директоры шегеде ілулі тұрған шляпасын алып тысқа шықты. Кеш болып 
қалған. Үйіне қайтқысы келмей сәл кідірді. Мұғалімдерден өзін конаққа шақыра қоятып 
ешкім көрінбейді. Жайлап басып жолдағы дүкенге кіре кеткісі келді. Сатып алатын 
дәнеңесі жоқ, бірақ Құлшығаш ақкөңіл бала, жақсы сауданың құрметіне емеурін білдіре 
салуы ықтимал. Келді, кірді.
Құлшығаш бүгінгі саудадан түскен ақшаны санап, жайғап дүкенін жапқалы тұр 
екен. Салқын сәлемдесті.
– Құлаш-ау, неге көңілсізсің? Жоспарың орындалмай жүр ме? Еһе, еһе, ха, ха!
– Жо-ға!
– Тіпті қабағын салбырап түсіп кетті ғой! Әлде келіншегіңмен шатақтасып...
– Жо-ға!
«Жо-ға!» дегенімен Құлшығаштың іші қылп ете қалды. Мектеп директоры әзілдеп 
айтса да мәселенің дөп үстінен түскен. Құлшығаш: «Сырымды ашып не қылам? Елге 
жайып жүрер» деп ойлады ішінен. Директор ойдан-қырдан қағыстырып көп жылы сөз 
айтты, жібімеді, дүкеншіден дұрыс қабақ танымаған соң, ол шығып, шляпасы қайқайып 
үйіне тартты.
Құлшығаш дүкенін жауып, жаяулатып, басқы ауылдағы отауына аяңдады.
Жігіттің жан дүниесі алай-түлей, сапырылысқан ой, бүгін сауда жасап тұрып үш 
рет есептеп жаңылды, бұрын өйтпейтін. Дәл осы күй Саяны алғалы бері қыр соңынан 
көлеңкедей қалған емес. Бүйте берсем, қияли боп, жындыханаға бір-ақ жөнелем бе деп 
қаупайлайды.
Ойлайды...
Сая өз қолына күнадан пәк, періштедей қыз қалпымен келіп түсті. Сол бір той 
тарқар түнгі Үрбала ұйтқытқан қырыс оқиға, Саяны оң жағына салып, жар еткен соң, 
қалыңдықпен дұрыстап тілдескен соң ұмытылған. Келіншегінің шүбасыз адалдығына 
сенген. Риясыз ықыласына мас болған. Әйтсе де, сол той тарқар түнгі оқиға күн ауа 
жоғалар ірге көлеңкесіндей көнілден ұмытылса да Құлшығаш көкейіне салқын сызын 
қалдырған. Ол сыздың аты – қызғаныш еді. Күн өткен сайын меңдеп, тұла бойын билеп, 
ақылын жеңіп бара жатқан ауруға айналды.
Халық арасында: «Қымыз жақпаған ауру өледі» деген мың жылдық тәжірибеден 
туған ақиқат бар. Сол ақиқатты айтқан халық – қызғанышты да дертке қосады. 
«Қызғаныш – қырып бітеді, не қырық етеді» дейді. Ол әуелі көңілге кеп қонақтайды. 
Содан жүрекке тамыр жая бастайды, жүрек – ой алдында әлсіз – тез дерттенгіш, тез 
алқынғыш пендедей. Енді жүрекке бойлап сіңген қызғаныш тамыры ыстық қанға 
араласады, сонан соң қан арқылы ғана сыртқа шығатын күйге келеді. Оған дейін алау 

болып тұла бойды мың күйдіріп, сан суытып, ақылды жеп тауысып, кісіні шаршатады, 
қажытады.
Құлшығаштың басындағы осы күй.
Кейде барша тіршілікті қойып үйде тас бүркеніп жатып алғысы келеді.
Сая болса мүлде басқа ойда, «болар іс – болды, жерге қаратып кеткен әкесінің, 
жылап қалған аурулы шешесінің ақ батасын алсам» деп армандайды, ағайынмен адал 
аралассам дейді, көлеңке үйдегі жапырақтай сарғаймай, өмірге өр қарасам, жастығымды 
саялы бақ, бұлбұл сайрар бақыт етсем деп талпынады. Саянікі – қапияда қанатын 
сындырып алып, сол қанаттың жазылуын күтіп, қайта бір самғар, қайта бір шырқар шақты 
күткен қарлығаш күйіндей күн еді.
Ұнатып, жақсы көріп қосылдым деген Құлшығаштан күн сайын суып сырғақтап 
бара жатқандай.
Сая әлгідей бір арманын айтып, қиялға батса, бейне түу сонау көкке шырқап 
шығып, жерде көзі бақырайып қалған Құлшығашқа қолын созғандай болса:
– Ол бақытың құрып кетсін! Ағайынмен араласпа да, күле қарама да?! – деп 
бажылдайды Құлшығаш.
– Бұл не дегенің?!
– Керегі жоқ ешкімнің, ештемесінің! Нанды өзім табамын, алақаныма салып 
отырамын.
– Сыз үйде алтынның да шіріп мысқа айналарын білсең!
– Жаның тыныш! Жат та ұйықта! Есікті тарс бекіт!
– Аудандағы Сауранбайға да жібермеймісің? 
– Жібермеймін!
– Қітапханадан жаңа кітаптар әкеліп бер! Институтқа сырттан түсуге даярланайын.
Құлшығаш шоқ басқандай болады.
– Ойбай, өлтіремісің! Дүкенші дегенің ғой, ішеді дегенің ғой!
Сая теріс қарап, көзінің жасын сығып алады.
Құлшығаш жігіжапар күйге түседі.
– Айналайын, алтыным! Сенсіз бір күн де, бір минут те тұра алмайтынымды 
білесің. Сен үшін тауды да бұзам, тасты да шайнаймын. Албыраған жүзіңе қарап отыра 
бергім бар... Көз айырғым келмейді. Кеудемді қызғаныш күйдіреді.
Құшақтайды, тәтті ләззатқа қарқ еткен болады, «ішейікші» деп, таудағы 
жылқышыдан меске ашытып, ішіне шикі құйрық салған сары қымыз әкеледі. Сая ауыз 
тиеді де қояды. Құлшығаш қылғытады, көз жұмып сіміреді, ақырында месті сарқып 
санасы бұлыңғырлана бастайды. Саяға килігеді; «той тарқар түні әне бір ұры күшіктей 
шофер қалай аймалады?» дейді ежіктеп... «Мені сүймейсің...» деп өкпелеп тынады.
Құлшығаш осыны ойлап үйіне де келіп жетті.
Сая шай әзірлеп, дастарқан жайып қойыпты. Табалдырықтан аттай бере 
келіншегінін жүзіне көзі түскен Құлшығаш дір ете қалды... Дүкеніне түсі құлпырып, 
жанарды жеп тұратын масаты маталар түсетін. Сипасаң алақанға жұп-жұмсақ тиеді. Іліп 
қойсаң көзіңді еріксіз қыздырады, сол матаны әркімдер көре-көре, ұстай-ұстай умаждап 
тастайтын, әрін түсіретін. Сөйтіп, дүкенші сатуға қимай жүргенде, әлгі әдемі матаның түгі 
қырылып, алқызыл өңіне қыртыс түсіп, оңа бастайтын... Саяның жүзі дәл сондай... 
умаждалған, шаң тұтқан құнды мата секілді еді. Құлшығаш есеңгіреп қалғандай 
тәлтіректеп кеп отырды.

«Алтыным, асылым», - деп әлпештеп мен жүрмін. «Мұнікі не, қайғы ма, қапа ма?» 
деп содан түні бойы ойланды. Саямен танысқалы бергі күндерін тәспінің тасындай көз 
алдынан тізіп өткеріп шықты.
Құлшығаш әйел затын жаңа көргендей, өңмендей, уһілей ұмтылған мезетте, 
келіншегінің езуіне күлкі үйірілсе, ішінен тоғайып: «Сүйеді екен» деп күпінетін. Ендігіде 
қабағына кірбің қалқыса «сүймейді» деп еңсесі түсетін. Задында Құлшығаш «сүю» мен 
«сүймеудің» арасын алыстатпайтын, бір-біріне туысқан, аталас сезім деп топшылады. 
Қайдан парықтасын?!
Сүю де арман секілді.
Арманның не қилысы, не қанаттысы, қызығы мен азабы болатыны тәрізді, сүю де 
үлкен өмір, зор хикаят. Махаббат мінез секілді, адамда әрқилы қалыптасқан. Біреу – 
жақсы сыйластықты, достықты сүю деп үғады, келесі – от құшақ, бал ерінді ғана 
ғашықтар куәсі деп мақұлдайды, енді біреулер – махаббат деген қиял ғана, оны 
оқушыларды шатастыру үшін ақындар мен жазушылар ойлап тапқан пәлекет деп түсінеді, 
расыңда, осының бәрінен де шындық ұшқыны табылады. Сол арқылы мінезін танытады, 
әркім өз деңгейімен парықтайды, өз ойының жеткен жерімен өлшейді.
Содан да саф махаббат сирек ұшырасады.
Құлшығаш дүниедегі тіршілік біткенді, ой, арман атаулыны өз деңгейімен өлшеп 
үйренген жан. Онша биіктемей-ақ, осы өңірдің молда торғайы секілденіп, тәтті де түйсікті 
өмірді қанағаттаушы еді. Тәнді қадірлеп, жанды қинамасам дейтін. Тек түсінбейтіні – Сая-
ның «жастық», «арман», «шарықтай ұшу» деген секілді сөздері. Молда торғайға пәлендей 
шырқай ұшудың қажеті қанша?! Онсыз да жер бетінде ырзық мол, шетінен теріп ал да жей 
бер, өмір сүре бер.
Сая теріс қарап жатып тарс бүркеніп ұйықтап қалыпты.
Осы түн түстіктен нөсер келді. Аспан жарылғандай болып шартылдап кетті. 
Ауылдың шырт ұйқыда жатқан баласы шошып оянды, шыр етіп жылап, әжесінің 
бауырына барып тығылды. Ару қыз әлденеден денесі түршігіп, онсыз да ұйқысыз жатқан 
көзіне жас толып, жарқ та жұрқ шытынап жатқан көктен «әлдебір бейбаққа жай түспесе 
игі еді» деп, іштей күбірлеп, көрпесін қымтана түсті. Мазасыз шал кебісін киіп, таяғын 
алып тысқа беттеді. «Осындайда қораға қасқыр айналады. Сақ болған ләзім. Айтақ-ау-у!» 
деп, тарғыл дауысымен қой үркітеді. Жігіт болса ояна келіп, жанын сипалап келіншегін 
іздейді...
«Құранда» дәл осы нөсер туралы қызық сүре бар: «Нөсер – көктегі күнакарлардың 
көз жасы, ол жерге ырзық болып тамып, ырыс боп қайта өнеді. Оны жердегі пенделер 
несібе қып тереді, көктегі күнакарлар тағы да жылай түссін деп дұға оқиды». Жер сүйген 
жұрт жауынды қадірлеп өткен. Осы нөсер Қаратау етегіндегі Қосүйеңкі деп аталатын 
жалпақ өңірге керек-ақ еді. Ырзық боп жауып, ырыс боп өнері анық-тұғын. Қуаң топырақ 
құныға жұтып, қаңсыған ауаға жусан исін жұпар қып шашып, дүр сілкініп тазарынып 
қалды. Керімсал боп соғатын ыстық құйындар сай-сайға тығылды.
Күн шыға кетпенін иығына салып Мақұлбек бақшасына беттеген. Қартайған.
Бұрын да қылшылдап тұрғаны шамалы еді. Бұл жолы – тасқа шабылған, жүзі 
майрылып, кирелеңдеп, сабы босап қалған кетпен болатын, сол секілді. Еңгезердей еді, 
шөккен тәрізді, сақалы ұзарған. Кішірейіп кеп бақшаға кірді.
Бақша бусанып жатыр екен.
Бақшалықтың жартысы қауын, жартысы қарбыз, қарайып-қарайып әр жерден 
көрініп қалған. Қауынның көбі күләба – көлемі шағын, иісті, етті, пәлектерге тұмсығын 

тығып алып бөксесін күнге қыздырып жатыр. Мақұлбек: «Бүгін суармайын» деп ойлады. 
«Жауын суы дәм кіргізеді. Сол сіңсін, сосын суарармын». Шетінен аралап көріп келеді, 
мынау – Бұқар қарбызы, тұқымын сол жаққа барып ыстық суға түсіп қайтқан түйекеш 
әкелген, мынасы – Сырдың Қазанқарасы – жылда егіп, жылда рақатын көріп жүрген 
майталманы. Бұл – түу Отырар бойының Сірнесуы – жарып жіберсең орта қазан шырын 
су ақтарылады, сол суды сәл қайнатып, үстіне ұн сепсең тіл үйірер, тандайды сорар сірне 
пайда болады. Кептір де қапқа сала бер. «Сауранбай қарағым, оқудан босаса, ішін аралап, 
қолымен үзіп жеп, қарнын қабақтай етер еді. Есінен шықпастай болып тойынар еді». Дәл 
осы домаланған қарбыз секілді қара неме болатын. Өзінің жанында домаланып жүретін.
Кейде Мақұлбек сол қарадомалақ ұлды өзімен бірге бақшада су суарып, кетпен 
шауып жүргендей сезінеді, кейде көзіне қара қарбыздар пәлек арасында тығылмашақ 
ойнаған Сауранбайы боп елестеп кетеді.
«Қайда жүр екен» деп ойлайды.
Жаңа ғана әйелімен ұрсысып шыққан. Ол байғұстың гөй-гөйі белгілі: 
«Сауранбайымды Сырдағы күрішке жіберетін болыпты... Сауранбайымды «қойшы бол» 
деп зорлап облыстық слетке әкетіпті... Интернаттың тамағы жақпай жүр-ау...» деп 
пошташы балаға хат оқытып келген сайын құлақты жейді.
Мақұлбектің гөй–гөй әнгімені жаратпайтын әдеті.
– Сен Сауранбайды әлі өз балам деп жүр екенсің ғой. Енді бала сенікі емес. 
Өкіметтікі, – деп қойып қалды.
Әйелі көзін жаулығының ұшымен сүртіп, сағынған Сауранбайын әлгідей сөзбен 
мұқатқанға – көкірегінен әлдекім қатты нұқып қалғандай сезінді де, іштей тынып отырып 
қалған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет