Dkzh 3210 – деректер қорының ЖҮйелері



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата25.11.2023
өлшемі248,32 Kb.
#126527
  1   2   3   4   5


DKZh 3210 –
 
ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ
пәні бойынша 

6В06102 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері үшін 
курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар 
Құрастырушы: 
Аға оқытушылар _____________ А.Т.Купарова 
Алматы 20
22 
«Ақпараттық жүйелер 
және киберқауіпсіздік» 
кафедрасы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА 
ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС 
УНИВЕРСИТЕТІ


SQL сұраныстары 
Бір немесе бірнеше кестелерден кез келген деректер санын алу үшін 
барлық сұраныстар тек бір SELECT командасы арқылы орындалады. Жалпы 
түрде SELECT командасының жүзеге асырылу нәтижесі ол басқа кесте болып 
табылады. Бұл жаңа (жұмыс) кестесіне тағыда SELECT операциясы 
қолданылуы мүмкін ж т.б., яғни бұндай операциялар бір біріне қабаттасқан 
болуы мүмкін. SELECT командасы келесі түрде қолданылуы мүмкін: 
- жолдар және бағаналардан немесе бірнеше кестелерден (көрсетімдер) 
құрылған кестелер жолын шығару және алу үшін өзіндік команда; 
- WHERE элементі немесе HAVING шарты («қабаттасқан сұраныс» деп 
аталатын сөйлемнің қысқаша түрі); 
- CREATE VIEW, DECLARE CURSOR немесе INSERT 
командаларындағы таңдау фразасы; 
- глобалды айнымалылардың мәндеріне құрылған кестенің (INTO 
фразасы) жазбаларын меншіктеу құралы; 
Бұнда статикалық конструкцияларда келесі белгілер қолданылады: 
- * жұлдызша «барлығы» - деген белгісіне – программалауға 
қолданылады, яғни «анықтаманы қанағаттандыратын барлық жағдайлар»; 
- квадратты жақша ([ ]) – бұл жақшаға алынған конструкциялар міндетті 
емес болып табылады (яғни түсірілуі мүмкін); 
- фигуралық жақша ({}) – бұл жақшаға алынған конструкциялар бүтін 
синтаксистік бірлік ретінде қарастырылуы керек, яғни SQL синтаксисында 
қолданылатын синтаксистік конструкцияның талдау ретін анықтауға 
мүмкіндік 
береді, кәдімгі жақшаларды аустыра отырып; 
- көп нүкте (....) – синтаксистік бірлік, бір немесе бірнеше рет 
қайталанатынына белгі көрсетеді; 
- тура сызық ( | ) – екі немесе одан көп мүмкіндіктердің таңдау 
мүмкіндігін белгілейді. Мысалы ASC|DESC, ASC немесе DESC терминдерінің 
біреуін таңдауға болатынына көрсетеді; егер таңдау элементінің біреуі 
квадратты жақшаға алынған болса, ол үнсіз таңдалатынын белгілейді ([ASC] | 
DESC бұл жерде ASC таңдалады). 
- үтірлі нүкте (;) – SQL командаларының аяқталу элементі; 
- үтір (,) – тізім элементтерін бөлу үшін қолданылады; 
- бос орын ( ) – SQL командаларының кез келген синтаксистік 
конструкциялар арасында көрсетуді ұлғайту үшін енгізіледі
- қалың латын әріптері мен символдары – SQL тілінің конструкцияларын 
жазу үшін қолданылады және қалай көрсетілсе солай жазылу міндет (егер 
арнайы айтылмаса); 
- жолдық әріптер – конструкцияларды жазу үшін қолданылады олар 
пайдаланушы таңдаған нақты мәндермен алмасу керек, және нақтылық үшін 
бұл конструкциялардың бөлек сөздері бір бірімен сызылу символымен ( _ ) 
байланысады; 


- кесте, бағана, ... терминдерін – кесте_аты, бағана_аты терминдерімен 
алмастырады (синтаксистік конструкциялар текстін қысқарту үшін); 
- кесте термині – базалық_кесте, көрсетім немесе псевдоним сияқты 
кестелер түрін жалпылау үшін қолданылады, бұнда псевдоним уақытша 
(сұраныс орындалған кезде) атын өзгерту және (немесе) базалық_кестенің 
(көрсетім) жұмыс көшірмесін құру үшін. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет