Dkzh 3210 – деректер қорының ЖҮйелері


SELECT (таңдау) командасы келесі пішімге ие



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата25.11.2023
өлшемі248,32 Kb.
#126527
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЕГЖ 2 SQL сұраныстары

SELECT (таңдау) командасы келесі пішімге ие: 
SELECT [DISTINCT] |<псевдоним>.] <өрнек)> [AS <бағана>] 
[,[<псевдоним>]<өрнек> [А8<бағана>]. . . ] 
FORM <кесте_аты1>[<псевдоним 1>] [,<кесте_аты2>[<псевдоним 
2>].] 
[[INTO <қабылдаушы>]/[ТО FILE <файл_аты> [ADDIT1VE]/TO 
PRINTER]] [NOCONSOLE] [PLAIN] [NOWAIT] 
[WHERE <байланыс_шарты> [AND <байланыс_шарты>] 
[AND/OR <байланыс_шарты>]] 
[GROUP BY <бағана> [, <бағана>...]] [HAVING <іріктеу_шарты>] 
[ORDER BY <бағана> [ASC/DESC] [,<бағана> |ASC/DESC]...]] 
Төменде команданың операцияларының тағайындалуы көрсетілген: 
SELECT –көрсетілген бағаналардан деректерді (таңдау) және (егер 
қажет болса) шығару алдында белгіленген функциялар және (немесе) 
өрнектер бойынша түрлендіру жасау; 
DISTINCT – іріктеу кезінде бірдей жолдаржы шығару мүмкіндігін 
болдырмайды; 
FORM – көрсетілген кестелерде осы бағаналар орналасқан
WHERE – (қайда) кестеде көрсетілген жолдар жолдарды талдайтын 
белгіленген шарттарға сәйкес болу керек; 
GROUP BY - әрбір топқа бірлік мәнін алу үшін, SELECT фразасында 
SQL SUM(қосынды), COUNT (саны), MIN (минималды мән), MAX 
(максималды мән) немесе AVG (орташа мән) функцияларын қолданып 
белгіленген топтастырылатын бағаналар бойынша топтау; 
HAVING – нәтижесінде тек белгіленген топтарды талдау шарттарына 
қанағаттандырылатын топтарға (ие болу); 
42 
Салыстырмалы операторлардан (=| <>|<| <=|>|>=) басқа WHERE 
фразасында BETWEEN (арасында), LIKE (ұқсас), IN (оларға жататын), IS 
NULL 
(белгіленбеген), және EXISTS (бар) шарттары қолданылады, олар NOT 
операторымен орындалуы мүмкін. Жолдарды талдау критерилары логикалық 
операторлармен байланысқан бір немесе бірнеше шарттардан құрастырылады: 
AND – қашан AND арқылы бөлінген екі шарт қанағаттандырылса
OR – OR арқылы бөлінген бір шарт қанағаттандырылса; 
AND NOT – бірінші шарт қанағаттандырылса, ал екінші 
қанағаттандырылмау тиіс; 
OR NOT – қашан немесе бірінші шарт орындалу керек немесе шарт 
орындалмау керек, бірақ AND OR үстінде артықшылығы бар (бірінші барлық 


AND операциялары орындалады, содан соң OR операциялары). WHERE 
операцияларының дұрыс нәтижесін алу үшін шарттар дұрыс ретімен 
енгізілу қажет, оны жақша енгізуімен ұйымдастыруға болады. 
Шарттарды өңдеу кезінде сандар алгебралық салыстырылады – кері 
сандар оң шамадан аз болып саналады, олардың абсолютті шамаларына 
қарамастан. Символдар жолы олардың нақты ДҚБЖ қолданылатын 
көрсетілген кодтарына сәйкес салыстырылады, мысалы ASCII кодында. 
Егер ұзындығы әр түрлі екі символдар жолы салыстырылатын болса
олардың ұзындығы бірдей болу үшін салыстыру алдында қысқа жол оң 
жағынан бос орынмен толықтырылады. 
SELECT фразасы тек қана өрнек емес, және бөлек сандық немесе 
мәтіндік константаларды қоса алады. Мәтіндік константалар апострофтарға 
(‘) алыну қажет. 
WHERE фразасының синтаксисінде көрсетілген кестенің қажет 
жолдарынталдау үшін салыстыру операторларын қолдануға болады, =(тең), 
<>(тең емес), < (кем), <= (кем немесе тең), > (көп), >=(көп немесе тең), 
олар NOT операторымен бірігіп «кем емес» және «көп емес» қатынастарды 
құруы мүмкін. 
Белгіленген бағана немесе бағаналарды реттеу үшін ORDER BY 
опциясы қолданылады. Үнсіз сұрыптау көбейтумен (ASC) орындалады, 
бірақ төмендеумен (DESC) белгленуі мүмкін. 
ORDER BY опциясын қолданылатын SELECT командасының 
қысқартылған варианты мынандай түрде көрінеді: 
SELECT <өрнек> FROM <кесте_аты> 
ORDER BY <бағана 1> [ASC/DESC] [,<бағана 2>..] 
Белгіленген бағананың реттелуі бағананың аты немесе номері бойынша 
орындалуы мүмкін. 
ORDER BY опциясында әдетте есептелетін өрнектерді қолдануға 
болмайды. Егер есептелетін мәндерімен бағанада реттеу орындау қажет 
болса онда бағананың номері белгіленеді. 
Таңдалған деректерді объектті белгілеу үшін INTO немесе TO 
опциялары қолданылады. 
Visual Fox Pro –да INTO/TO опцияларын қолданатын SELECT 
командасының қысқартылған варианты төменде көрсетілген: 
SELECT <өрнек> FROM <кесте_аты> 
[INTO TABLE <кесте_аты>] / [INTO CURSOR <меңзер_аты>] / 
[INTO ARRAY <массив_аты>] / 
[TO FILE <файл_аты> [ADDITIVE]] / 
[TO PRINTER] [NOCONSOLE] [PLAIN] [NOWAIT] 
Visual Fox Pro –да таңдау деректерін қабылдай алатын типтері төменде 
көрсетілген: 
TABLE <кесте_аты> - аты белгіленген жаңа кесте қабылдауыш болып 
табылады; 
CURSOR <меңзер_аты> - сұраныс нәтижесі аты белгіленген меңзерге 
орналастырылады. Меңзер – ол уақытша деректер жиынтығы, ол «тек оқуға» 


режимі бар жады аймағы немесе уақытша файл болуы мүмкін. Меңзер 
деректері, мысалы BROWSE командасында көрсетілуі және басылуы мүмкін, 
олардан меню ж т.б. пайда болуы мүмкін. Меңзер басқа SELECT 
командасымен өңделуі мүмкін. Меңзер бағаналарына бағаналардың аты 
бойынша префикспен – бағана аты (нұкте арқылы) қатынау керек. 
ARRAY <массив_аты> - сұраныс нәтижесін қабылдаушы ретінде жаңа 
аты белгіленген екі өлшемді массив қолданылады. 
Сонымен қатар, таңдама деректерін файлға немесе принтерге қайта 
жіберуге болады. Ол үшін командада TO FILE <файл_аты> ADDITIVE /TO 
PRINTER қабылдауышы белгіленеді және таңдама аты анықталған текстілік 
файлға немесе принтерге қайта жіберіледі. Егер ADDITIVE сөзі қолданылатын 
болса, онда таңдама бар файлдың соңына қайта жазылусыз қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет