Тарихи дереккөзді оқып шығыңыз. Антикалық дәуірден орта ғасырларға өту заңдылығынан кем дегенде 5 факторды анықтаңыз.
Антикалық дәуірден ерте орта ғасырға көшу...
Рим империясының дағдарысына байланысты бұл империяның Рейн мен Дунай өзендерінің ар жағында тұратын варварлық тайпаларымен қарым-қатынасындағы тепе-теңдіктің бұзылуымен байланысты. V ғасырдың басында империя толық құлдырау жағдайына келді, әсіресе оның батыс бөлігі. Осыны пайдаланып, варварлар империяның аумағына өтіп, сол жерде өз мемлекеттерін құрды, ал 476 жылы батыста императорлық билікті жойды. V - VII ғасырларда тайпалардың жетекшілері өз топтарына сүйене отырып, франктер, бургундиктер, англдықтар мен басқа да патшалықтарды құрып, өздері патшаларға айналды. Олар өз иеліктерін кеңейту үшін бір-бірімен үнемі жауласып отырды. 800 жылы көптеген табысты
жеңістерге жеткен Франктердің Королі Ұлы Карл Римде таққа отырды. Рим провинцияларының тұрғындары мен Рим поптары басқарған христиан шіркеуі осы уақытта римдік дәстүрлерді сақтап, жандандыруға кірісті. X ғасырда бұл шіркеу біртіндеп Батыс Еуропа халықтарын өз рухани билік бақылауына алды. Оның ішінде кейбір славян тайпалары (хорваттар, чехтар, словактар, поляктар) және венгрлер. 843 жылы жаңа Рим империясы құлаған, бірақ 962 жылы қайтадан неміс патшалары қалыпқа келтірген болатын. Ерте орта ғасыр аяғына қарай Еуропада ішкі тұрақсыздық, мемлекеттердің ыдырауы, соғыстар, Испаниядан арабтар және Скандинавиядан Викингтер шабуыл жасап жатқан кездер болатын. XI ғасырдың ортасында ортағасырлық Еуропа ұлттық, экономикалық, саяси және мәдени жүйесін әзірледі, оның тәуелсіз христиандық Батыс (Рим-католик) және Шығыс (грек-православ) арасындағы 1054 ж екіге бөлінуі себепкер болды. Бұл дәуірдің мәдениеті, варварлық және римдік элементтерді біріктірген, әлдеқайда Византия мен Араб Шығыстың мәдениеттерінен артта қалды.
40