ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
№ 2 БЖБ «Этникалық және әлеуметтік процестер»
Тақырып
Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама- қайшылықтары. Әлемнің этникалық картасы: өткен заманда және қазіргі уақытта. Қоғамның әлеуметтік
ұйымдасуының тарихи формалары
Оқумақсаты
10.2.2.1 Тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «ұлтшылдық», «шовинизм», «нәсілдік кемсітушілік» терминдерін қолдану
10.2.1.7 Жаһандану жағдайындағы этникалық және мәдени әртүрлілікті сақтаудың маңыздылығын негіздеу
10.2.3.4 Қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттеу
Бағалаукритерийі
Білімалушы:
«Ұлтшылдық», «шовинизм», «нәсілдік кемсітушілік» терминдерін тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін қолданады
Жаһандану жағдайында этникалық және мәдени әртүрлілікті сақтаудың маңыздылығын көрсетеді
Қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттейді
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындаууақыты
20 минут
Тапсырма
Кестеде берілген ақпараттардың «ақиқат» не «жалған» екендігін ажыратыңыз.
Ақпараттар
Жалған
Ақиқат
Қара нәсілділердің құқықтары үшін «нәсілдік кемсітушілік» саясатқа қарсы күрескен әйгілі американ қайраткері –Адольф Гитлер
Әлемді таза қанды арийлер нәсілі билеуі керек, өзгелер төмен нәсілді адамдар олар немістерге қызмет ету үшін жаралған – деп неміс ұлтшылдығын жолға қойған нацистік партияның
көсемі – Нелсон Мандела
Нәсілдік белгілеріне бола байырғы тұрғындарды арнайы қамауда, оқшауландырып ұстау арқылы саяси, әлеуметтік- экономикалық және азаматтық құқықтарынан айыратын
нәсілдік кемсітушіліктің түрі – апартеид саясаты Оңтүстік Африка Республикасында жүргізілді
«Жаһандану жағдайындағы этникалық және мәдени әртүрлілікті сақтау» тақырыбына SWOT-талдау жасап, сұраққа жауап беріңіз.