Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі



бет23/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі

Өзінің философиялық кұрылымын «жаңа философия», «болашақтың философиясы» атаған Фейербах тек қана адамның ойлай алатынын, адамнан тысқары әлемде ешқандай құдайлық парасат өмір сүрмейтінін, бұған барлық жаратылыстану ғылымдарының деректері мысал бола алатынын айтады.
Философияның негізгі сұрағын материалистік тұрғыдан шеше отырып, ол ғаламды танып-білуге болатынына сенеді. Фейербах – сенсуализмнің жақтаушысы, агностицизмнің қарсыласы. Гегельдің ойлау мен болмыстың тепе-теңдігі туралы ойын материалистік негізде шешуге ұмтылып, адамның болмысын шынайы өмір сүретін объективті ақиқат деп қарады. Ол табиғатты барлық ғылымның, адамның шығу тегі деп есептеді.


Л.Фейербах философисының мақсаты — Неміс классикалық идеализмін – Г.Гегельді сынау және АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛИЗМДІ қалыптастыру.
Яғни табиғаттың төл перзенті адам – оның философиясының негізгі субъектісі.
«Біз адам болмысын ойлау үдерісі арқылы анықтаймыз, демек, ойлау мен болмыстың өзара диалектикалық байланысы бар». Фейербах болмысқа осындай анықтама бере отырып, оның ойлаудан тыс өмір сүретіндігін көрсетеді, шындықтың субстраты материя екендігін анықтап, нақтылайды.
Материяның негізгі өмір сүру формалары – уақыт пен кеңістік», – деп, Фейербах олардың объективтілігін көрсетті.
Л.Фейербахтың АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛИЗМІ:
1. Дүниедегі жалғыз реалдылық – адам мен табиғат қана;
2. Адам – табиғаттың бір бөлігі;
3. Адам – материалдылық пен руханилықтың бірлігі;
4. Адам – философияның басты зерттеу мақсаты;
5. Идея өз бетімен емес, адам санасында ғана өмір сүреді;
6. Құдай – адам ойының нәтижесі;
7. Табиғат (материя) мәңгілік және шексіз, ешкіммен де жасалмаған;
8. Бізді қоршаған дүние (заттар, құбылыстар), - материяның әртүрлі көріністері.
Фейербах дін мәселелерінің танымдық, саяси-әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылды.
Фейрбах дінді адамның ойлау қабілетімен байланыстырды. Оның ойынша, адам дүние, ғалам, табиғат, әлем туралы, олардың қайдан пайда болғанын шеше алмай, діни ұғым, тұжырымдарға келді. дін – дүниетанымдық көзқарас, ол адамдардың дүние туралы теріс пікірлерінің, оны тани алмай, ғылымнан тыс жолға түскендігінің айғағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет