Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Таным шындықты бейнелеу формасы ретінде. Гносеологиялық оптимизм, скептицизм, агностицизм



бет38/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
12 Таным шындықты бейнелеу формасы ретінде. Гносеологиялық оптимизм, скептицизм, агностицизм.
# Таным - шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы , салыстырмалы аққиқаттан нақты ақиқатқа өту, субьекттің обьектке шексіз жақындай түсуін бейнелеу. Таным процесінде дүниені тануға болама, болмай ма деген мәселеге екі түрлә көзқарас бар: Гностицизм - дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп иүсінетіндер ; Агностицизм- дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкіндігі шектелгер деп түсіндіретіндер. Скептицизм - баяғыдан бері жалпв қабылданған , тіпту аксирмаға айналған қағидалардың ақиқаттығына күмән келтіреді. Философия мен мәдениет тарихында тұтастай скептицизм екі жақты рөл атқарады.
Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті шығармашылық қызметке де керек. Таным амалы ретінде скептицизм ақиқатқа жақындау болып табылатын күдік келтіру формасында
көрініс береді. Күдік ғылымда жаңа жетістіктерге бастайтын жемісті нәтиже бере алады. Белгілі үнді ақыны Р.Тагордың ақылды шамға теңегені сияқты, жарың көп болған сайын көлеңке де қою.Оптимизм философиясының негізіне дүниені ғылыми танудың және коғамдық тарихи практиканың барлық тәжірибесі кіреді.
13. Ғылыми танымның мәні мен құрылымы. Мәселе, гипотеза, теория.
# Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан тіреп, рационалды түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі абстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті – мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Ғылыми танымның құрылымдық схемасын төмендегіше беруге болады: модельдік- реалды тәжірибе- бақылау - ғылыми факт - эмпирикалық факт зерттеулер қорытындысын эмпирикалық деңгейде- ойша тәжірибе - тәжірибе - қолда бар теориялық білімді қолдану - эмпирикалық жалпылау - бекіту жаңа түсініктерді- оны тәжірибе арқылы тексеру - гипотеза құру олардың мәнін анықтау - терминдер мен белгілерді енгізу - қалыптастыру қажет- оны тәжірибеде тексеру -теория ойлап шығару - заң шығару болған жағдайда қосымша гипотезалар жасау.Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.Ғылыми танымның негізгі үш формасы бар: мәселе, гипотеза, теория. 1 Мәселе – ғылыми мәселе. Ғылыми мәселе тек логикалық деңгейде пайда болатын таным. Қарапайым сұрақтардан ғылыми мәселе өз затымен, затының мәнділігімен ерекшеленеді Ғылыми мәселе – бұл күрделі қасиеттер, құбылыстар, шындықтың заңдары туралы мәселелер болуы мүмкін. Оларды тану үшін арнайы танымдық ғылыми құралдары қажет , мәселен, түсініктердің ғылыми жүйесі, зерттеу әдістемесі, техникалық жабдықтар және т. б. Ғылыми мәселенің өзінің құрылымы бар: пән туралы алдын ала, ішінара білім және анықталған білмейтін сұрақтар, негізгі танымдық қызметтің бағыты. Сонымен, мәселе – білмеу туралы білім мен білімнің қарама-қайшы бірлігі. 2 Гипотеза – мәселенің болжамды үлгісі, шешімі. Бірде-бір ғылыми проблема дереу қортынды шешім бере алмайды, ол ұзақ уақытты талап етеді. Мұндай шешімді іздеу, гипотезаларды ұсыну, шешім нұсқаларын жасау – ұзақ ізденісті қажет етеді. Гипотезаның маңызды қасиеттерінің бірі – оның көптігі болып табылады, ғылымның әрбір проблемасы толық гипотезаның пайда болуын тудырады, зерттеу жұмысы аяқталғанша ішінен ең ықтимал таңдалып алынады, ары қарай олардың бірін таңдау немесе олардың синтезі жүзеге асырылады. 3 Теория – ғылыми танымның жоғары нысаны.Теорияны құрайтын негіздері: қағидаттар, постулаттар, негізгі логикалары, құрылымы, әдістері мен әдістемесі, эмпирикалық базасы. Теорияның маңызды бөліктері оның сипаттамалық және түсіндірмелік бөліктері болып табылады. Сипаттама – шындыққа сәйкес келетін саланың сипаттамасы. Түсіндіру – сұраққа жауап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет