Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Қоғам туралы түсінік. Қоғамның мәні мен шығу тегі



бет40/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58
15. Қоғам туралы түсінік. Қоғамның мәні мен шығу тегі.
# Қоғам - жалпы мағынасында, мəдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын жəне өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым əлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану əсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық жəне саяси институттары мен анық шекаралары бар əйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану бірқатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр. Қоғам - өте нəзік əрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет. Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын жəне олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тəсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кəсіподақ, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.\ Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы жəне оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - əлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тəсілі жəне бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
16. Қоғам және табиғат. «Биосфера», «ноосфера», «географиялық детерминизм» ұғымдары.
# Философиядаңы табиғат дегеніміз жаратылыстану ғылымдарының әдістерімен зерттеуге жататын бүкіл әлем деп түсініледі. Қоғам бұл адам қызметінің формасы мен өнімі ретінде ерекшеленетін табиғаттың ерекше бөлігі. Философиялық тұрғыда табиғат ең алдымее қоғаммен байланысты,өйткені бұл адамдардың тіршілік етуінің табиғи шарты. Қоғам табиғаттың жеке бөлігі, адам қызметінің шарты және өнімі ретінде пайда болады. Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс бұл философияның және барлық гуманитарлық білімнің мәңгілік және әрқашар өзекті мәселесі. Қоғам мен табиғат органикалық байланыста және бірлікте. Бұл біріншіден қоғам табиғаттың жемісі ретінде, оның ұзақ эволюциясы нәтижесінде пайда болғандығында көрінеді. 2 шіден қоғам табиғатиан бөлек жәнне тәуелсіз өмір сүре алмайды. Адам табиғатында өмір сүреді ол оның бір бөлігі. 3 шідер табиғат пер қоғамның бірлігі олардың материалдылығында. Материалдық өз көрінісін процестеп мен обьектілердің жалпы байланысынан табады. географиялық детерминизм қоғамдық дамудағы, әр халықтың тарихындағы өзгешеліктерді географиялық ортаның әсерімен түсіндіруге тырысады, яғни бұл ағым қоғам дамуының басты себебін қоғамның өз ішінен емес, сыртынан іздейді. Адамның, бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи ортасы, әрине, көп. Ол биосфера деп аталады. Биосфера жер шарының тіршілік тараған аймағы. Оған тірі организмдер мекендейтін, жер қыртысының жоғарғы қабаты, өзендер мен көлдер, теңіздер мен мұхиттар, сондай – ақ атмосфераның төменгі қабаты жатады. Басқаша айтқанда, биосфера – адамдардың тыныс – тіршілігін, өмір сүруін қамтамасыз ететін орта. Биосфераның құрамына өмімдіктерден, тірі организмдер мен жануарлардан басқа адамның өзі де кіреді, яғни адамзат – биосфераның бір бөлігі. Адамның іс - әрекеті, ғылым мен техника дамыған сайын биосфераның өзгеруі жылдамдай түседі. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаушы орыс ғылымы В. И. Вернадскийдің (1863 – 1945) пікірінше, ноосфера –адамның ақыл – ой өрісі, ойланып істеген әрі дәйекі басқарып отыратын әрекетінің көрінісі, табиғатты жоспарлы, жүйелі әрі саналы түрде пайдалануының, өзгертіп, түрлендіруінің жемісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет