Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


«Адам – барлық нәрсенің өлшемі...» — бұл тұжырым қандай философиялық тұжырымдамаға сілтеме жасайды?



бет54/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
10. «Адам – барлық нәрсенің өлшемі...» — бұл тұжырым қандай философиялық тұжырымдамаға сілтеме жасайды?
#Протагор (б.з.д. 485-410жж.) – ежелгі грек философы, софистердің
арасындағы ең көрнекі өкіл. Протагорға: «Адам – барлық нәрсенің өлшемі»
деген тұжырым тиесілі. Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз
барлық нәрсенің өлшемі деген пікір. Бұл тезисті Софист Протагор тұжырымдаған болатын.
Антропоцентрлік көзқарасқа сай, қоршаған орта мен табиғат, егер адам болмаса, өздігінен ешқандай да құндылыққа ие емес. Оны құнды ететін тек адам ғана. Әрі табиғаттың құндылығы тек адамға әкелетін пайдасымен ғана өлшенеді. Тіпті жабайы табиғат сақталған аймақтардың өзі мұндай пікірді
ұстанатындар үшін, бар болғаны, инструментал құндылыққа ие, яғни, олар адамның демалуына, серігуіне қажетті деп саналып, құрылысқа қажетті тас пен ағаш пен жанар-жағармайдың көзі сияқты біздің физикалық мұқтаждықтарымызды қанағаттандыру мақсатында қолданылады. Сол сияқты, көк желек, ағаштар мен өсімдіктер біздің ауамыз бен суымызды тазартатын құрал ретінде құнды саналады. Алайда, кей кездері антропоцентристік көзқарастардың арасында ішкі қайшылықтар туындап жатады. Мысалы, біз сан ғасырдан бері сақталып келе жатқан ормандарды олардың әсемдігі немесе тарихи құндылығы тұрғысынан сақтап қаламыз ба, әлде оларды құрылыс материалдарына жаратып жібереміз бе деген сұраққа келгенде таласып қалатын кездеріміз болады. Әрі әр жақтың мұнда өз уәждері мен дәлелдері келтіріледі.
Антропоцентрлік көзқарас тұрғысынан туындайтын тағы бір проблема – экологиялық шығынадарды есептеуге байланысты. Бұл әлеуметтік және экномикалық әділдік сұрақтарына ұқсас мәселе. Мұндағы басты және ең күрделі сұрақтардың бірі: біздің іс-әрекеттеріміз келешек ұрпаққа қалай әсер етеді. Біз қоршаған ортаны оларға таза күйінше табыстауымыз қажет пе? Болашақ ұрпақ үшін әділеттілік дегеніміз не екенін түсіну қажет. Алайда, қазіргі өмір сүріп отырған адамдар арасында пайда мен зиянды үлестіру
проблемасы одан да өткір болып тұр.
11. ХVII ғасырдағы эмпиристер мен рационалистер арасындағы гносеологиялық тартыстың мәнін түсіндіріңіз.
# Рационализм (лат. Ratio — «разум») — болмыс пен танымның негізі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі:

1) онтологиялық;


2) гносеологиялық;


3) этикалық рационализм.


Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы — «дүниені танып білетін бірден-бір құрал — адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық теология мен схоластикаға қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім — күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімдік тәжірибе жатыр деп сенді («Сезімде болмаған нәрсе — ақылда болуы мүмкін емес»).
Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:

1) ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;


2) ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық аша алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.


«Моральдық — этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм деп аталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет