Мұғалім: Екіден отырып, сабақтың түсінікті болғанын, болмағанын талқылаңдар. Түсінбеген материалдар бойынша бір-бірлеріңе сұрақтар қойыңдар. Осылайша олқылықтардың алдын аласыңдар.
Слайд-презентацияны қарау және электронды қосымшадан тапсырма орындау. Мұғалім: Слайд-презентациядан қыпшақтар жайлы қандай жаңа мәліметтер алдыңдар? Оқушылар:
Елестет. Сен қыпшақтар туралы фильмнің сценарийін құрастырып жатырсың. Қыпшақтардың өміріндегі қандай маңызды сәттерді кадрға енгізер едің? (суретін сал немесе жаз).
Жетістік баспалдағын қарап шық. Сабақтың соңында өзіңнің психологиялық жағдайыңа баға бер.
Үлкендердің көмегіне және қосымша әдебиеттерге жүгініп, қазақтардан басқа тағы қандай халықтар түркілердің қыпшақ тармағынан таралғанын біліп кел. Сен ол халықтар жайында не білесің?