Сабақтың соңында жетуіміз керек мақсаттарды атап өтіңдер. Оқушылар:
қазақтың батырлары мен билері жайында мәлімет аламыз;
батырлардың қару-жарақтарын сипаттаймыз, батырлардың өмірінен алынған деректерді
Оқулық
Сөздік (оқулық)
Оқулық
салыстырып, ортақ нәрселер мен айырмашылықтарды табамыз.
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс істейміз.
Оқушылар батырлар жайындағы мәтінді оқиды, иллюстрацияларды қарап шығады, Бөгенбай, Қабанбай және Наурызбай батырлардың қысқаша өмірбаяндарымен танысады.
Тапсырма: Үш батырдың тағдырынан ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тап.
Оқушылар
Ұқсастықтар:
барлық батырлар жоңғарлармен болған соғыстарға қатысқан;
барлығы қолбасшы болған;
Абылай ханның ту көтерушілері болған. Айырмашылықтар:
батырлар әртүрлі жасақтарды басқарған.
1710 жылы Бөгенбай батыр үш жүздің әскерін басқарушы болып сайланған. Қабанбай батыр көптеген шайқастарда қазақ әскерін басқарған.
Наурызбай батыр түменбасы (10 мың әскер) болған.
Бөгенбай 13 жасынан бастап ұрыстарға қатыса бастаған. Көптеген шайқастарға (113) қатысқан.
Қабанбай 54 жекпе-жекте жауды жеңген және «Дарабоз» деген атаққа ие болған.
Тапсырманы орындау:
Батырды таны
«Аңырақай шайқасы» суретін сипаттап бер
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеуді жалғастырамыз. Оқушылар билер туралы мәтінді оқиды (1-азат жол).
Сұрақтарды талқылау:
Кез келген адам би бола ала ма?
Би нені білуі керек және оның қандай қабілеттері болуы керек?
Мұғалімге арналған ақпарат:
Би – дау-жанжалды шешетін, кесімді төрелік айтатын, әділ үкім шығаратын, халық таңдап алған төреші. Шоқан Уәлиханов би туралы былай дейді: «Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, жұрттың
Оқулық
Жаңа сабақ
Дәптер
Оқулық
Оқулық
бәріне мәлім болып отырған». Болашақ билер Хиуаның, Бұхараның, Самарқанның медреселерінде білім алған.
Сонымен:
билерді халық сайлаған;
билер заңдарды білу керек;
билер тілге шешен болу керек.
Оқулықтағы мәтінмен ары қарай жұмыс істейміз. Оқушылар билер туралы мәтінді соңына дейін оқиды. Талқыланатын мәселелер:
Неліктен үш ұлы би тарихта өшпес іс қалдырды?
Оқушылар:
олар «Жеті Жарғы» заңдар жинағын құрастырды;
жоңғар тарапынан қауіп төнген кезде үш жүздің басын біріктірді.
Слайд-презентацияны қарау және электронды қосымшадан тапсырма орындау.
Электронды қосымша
Рефлексия
Мұғалім: Тарихтағы хандардың, билер мен батырлардың бейнесі халық жадында мәңгі сақталады. Олар Отанын сүйді, оны жаудан қорғады, ұрпаққа мирас етіп ұлан байтақ жерді қалдырды.
Олар тарих төрінен орын алды. Ұлт болып сақталғанымыз үшін, тәуелсіздік туын тіккеніміз үшін, біз, қазіргі ұрпақ, оларға қарыздармыз. Оларға бас иеміз!