Пәнге қатысты лексика мен терминология
Көтеріліс, азаттық.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі. Азаттық үшін күрес.
Талқыланатын мәселелер:
Неліктен Әбілқайыр хан 1730 жылы Петерборға елшілік жіберді?
Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің қандай жағымсыз жақтары болды? Неліктен қазақтар көтеріліске шықты?
Хат:
Кез келген азаттық үшін күрескендердің атымен шумақ құрастыру.
Алдыңғы білімдер
|
Қазақ хандығы қалай құрылды?
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Ой қозғау
|
Мұғалім: Оқулықтағы иллюстрацияларға назар аударыңдар. Бұл ескерткіштер Орал, Атырау, Астана, Алматы қалаларында орнатылған. Кімнің құрметіне және неліктен орнатылған, қалай ойлайсыңдар?
Оқушылар: Бұлар – батырлар.
Мұғалім: Иә, бұлар – қазақ халқының азаттық үшін күрескен батырлар. Олар халықтың есінде мәңгі сақталады, оларға деген құрмет еш жоғалмайды. Бір ескерткішті болсын таныдыңдар
|
Оқулық
|