Елімізден құт-береке қашпасын деп Жеріміздің шетін жау баспасын деп Найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, Бірақ асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды Анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды Ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп
Отыра алмайтын елміз...
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз...
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – ұрысатын жеріңді айт!
Ежелгі көшпелілер «байлықтан, мал-мүліктен айырылып қалуға болады, бірақ ешқашан туған жеріңнің бір қарыс жерінен айырылуға болмайды» деген шындықты ананың сүтімен
бойларына сіңіріп өсті. Ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді жаулардан қорғап келді. Бабалар үмітін ақтап, ұлан ғайыр жерді сақтау, қорғау – барлығымыздың азаматтық борышымыз.
ХVIII ғасырда қазақтар өз жерін қорғау үшін жоңғарлармен соғысты. Осы соғыста қазақ халқынан өзінің ержүректілігімен, мықтылығымен көзге түскен, атағы бүкіл далаға тараған батырлар шықты.
Балалар, «батыр» сөзін естігенде, көз алдарыңа не келеді? Батыр сөзіне ассоциация құрыңдар
Оқушылардың жауаптары.
Оқулықтағы суретке қарап отырып, батырдың қалай қаруланғанын сипаттап беріңдер. Ол неге сауытпен құрсауланып алған, қалай ойлайсыңдар?
|