Тілдік мақсат
|
Оқушылар қоғамда өзін қалай ұстау керектігін үйренеді, тәртіпсіздік жасаудың соңы неге алып келетіндігін түсінеді.
– Пәндік лексика және терминология:
Адам, қоғам, мейірім.
Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы:
Әдептілік – әдемілік белгісі
Талқылауға арналған сұрақтар:
– Адамдардың арасында өзіңді қалай ұстау керек?
Хат:
Берілген тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру.
|
Ой қозғау
|
Мұғалім:
Адамның бақытты ғұмыр кешуі үшін табиғат барлығын жаратты: ағаштар, жарқыраған күн, таза су, құнарлы топырақ, және де бізді – күшті, әдемі, дені сау, саналы адамдарды. Барлық адам бақыт үшін жаралады. Оның жүрегі тек қана мейірімділікке, қайырымдылыққа толы
болуы керек.
Өмір – адамға берілген баға жетпес сый. Өмірдің әрбір сәтіне қуана білу керек. Айналаңдағы табиғаттың әсемділігіне сүйсіне білу керек. Адамдарға жылы сөздер айтып, күлкіңмен қуаныш сыйласаң, сенің де өмірің бақытқа толы болады.
Егер менімен келіссеңдер, «Өмір – бізге берілген бағалы сыйлық!» деп айтыңдар.
Балалар, бүгінгі сабаққа дейін біз сендермен әдептілік жайлы, өзіңді ұстау мәдениеті жайлы көптеген әңгіме жүргіздік. Бүгінгі сабағымыз осы әңгімелердің жалғасы болмақ. Бірінші
сыныптан бастап біз сендермен мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда өз-өзіңді қалай ұстау керек деген мәселелерді оқыдық. Сендерге кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуді, адамдарға қуаныш сыйлауды, қайырымды, мейірімді болуды үйреттік.
Сендер өздеріңді қоғамдық орындарда қалай ұстайсыңдар, үнемі әдептілік танытып
жүресіңдер ме, адамдарға деген қарым-қатынастарың қандай? Осы мәселелерді ойланып көріңдерші. Сендер ештеңе жасырмай, барлығын ашық айтады деп үміттенемін.
|
Слайдтар
|