Дүниетану қысқа мерзімді жоспары


(Ұ, Ж) Сабақтың соңында қандай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек, қалай ойлайсыңдар?



бет53/160
Дата06.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#11372
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   160
Байланысты:
Дүниетану қысқа мерзімді жоспары

(Ұ, Ж) Сабақтың соңында қандай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек, қалай ойлайсыңдар?

Оқулық Тақта







Оқушылар сабақтың мақсаттарын атайды:

  • спорттың қандай түрлері бар екендігін білеміз;

  • спорттың әр алуан түрлерімен айналысу үшін қажетті физикалық мүмкіндіктерді анықтаймыз.




Жаңа сабақ

Мұғалім: Балалар, келесі сөйлемде қанша спорт түрі жайлы айтылады:

Волейболмен, футболмен, кайтингпен және жүзумен айналыс, ескекпен жарысуға қатыс, велосипед айда, қыста коньки теп, барлық жарыста жеңіске жет!

Мұнда спорттың жеті түрі айтылған, оның ішінде спорттың ерекше түрі – кайтингте бар. Кайтингте спортшы батпырауықтың көмегімен жылжып отырады.

Бүгінде әлемде 200-ден астам спорт түрі бар деп есептелінеді. Осындай көп спорт түрлерін қалай реттеуге болады?

Спорт түрлерін әртүрлі топтарға бөледі. Мысалы, өткізу уақытына қарай қыстық және жаздық болып бөлінеді.



Оқулықтағы тапсырманы орындау: Суреттерге қарап, спорттың қыстық түрлерін таңдап ал. Қыстық спорт түрінің жаздықтан ең басты айырмашылығы неде, қалай ойлайсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Спорттың қыстық түрлерін өткізуге, ең алдымен, қар мен мұз керек. Ал жаздық спорт түрлерінен өтетін жарыстар жылдың кез келген мезгілінде спорт залында немесе стадионда өте береді.



Оқулықтағы «Сен білесің бе?» айдарындағы мәтінді оқимыз.

Балалар! Соңғы Олимпиада ойындары қашан және қайда өтті, кім біледі? Қазақстандық спортшылардан кімдер жүлдегер атанды?

Білетіндерге жарайсыңдар дегім келеді! Ал қалғандарыңа ғаламтор ресурстарына жүгініп, олимпиада жайында ақпарат алуларыңа кеңес беремін.

(Ж) Суреттердегі спорт түрлері қыстық па әлде жаздық па анықта. Алдымен спорттың жаздық түрлерін, сосын қыстық түрлерін ата.

Пантомима: ыммен немесе қозғалыспен қандай да бір спорт түрін бейнеле. Қалғандары жауабын табады.

Мұғалім: Ал енді балалардың спортпен қалай айналысатынын қараймыз.

Электронды қосымшадан «Балалар спорты» бейнеролигін көру (тапсырмаға дейін)



Оқулық

Оқулық

Дәптер


Электронды қосымша







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет