(Ұ, Ж) Сабақтың соңында қандай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек, қалай ойлайсыңдар? Оқушылар:
– түркілердің өмір сүру салты жайында білетінболамыз.
Мұғалім (толықтырады): сонымен қатар, сендер түркі әлемінің жеткен жетістіктері жайында да білетін боласыңдар.
Тақта
(Н.Ә. Назарбаев сөзі)
Оқулық.
Карта, түрлі
қосымша суреттер
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс жасаймыз. Алдарыңдағы – қазақ халқының шығу тегін баяндайтын ағаш. Бұл ағаштың тамыры – қазақтың арғы бабалары сақтар, ғұндар, түркілер. Сақтар мен ғұндар жайлы не білесіңдер? Олар қайда өмір сүрді, немен айналысты? Естеріңе түсіріңдер.
Оқушылар картамен жұмыс істей отырып, оқулықтағы мәтінді оқиды. «Ауыр қаруланған түркі әскері» иллюстрациясын қарап, түркілердің жеңіске жету себептеріне қатысты қорытындылар шығарады.
Мұғалімге арналған ақпарат
Түркілер мықты атты әскер құрды. Атты әскер ауыр қаруланған және жеңіл қаруланған болып бөлінді.
Ұрысты алдымен жеңіл қаруланған салт аттылар бастады. Олар садақпен оқ атып, жауды мыңдаған жебенің астында қалдырды. Сосын олардан кейін шайқасқа ауыр қаруланған семсерлілер кірісті. Семсерлілерде қорғаныс сауыттар тек жауынгерлерде емес, олардың
аттарында да болды. Сол себептен түркілердің атты әскері жауға еш бой алдырмады, олардан жеңілмеді. Осындай тактиканың арқасында түркілер Тынық мұхитынан Қара теңізге дейінгі үлкен аумақты жаулап алды.
Мұғалім: Оқулықтағы тарихи құжатты зерттейміз. Оны оқып, түркілердің өмір салты және шаруашылықтары жайлы қорытындылар шығарыңдар.
Құжат: Араб тарихшысы былай деп жазды: «Түркі елінде 25 қала бар. Олар: Құлан, Меркі, Талғар және т.б.».
Арықтар мен ежелгі каналдардың орындары сақталған. Археологтар орақ, пышақ, балта, үзеңгі, қылыш, найза және түрлі әшекей тапты.
Ал енді түркілердің қолөнер жетістіктерін зерттейміз. Оқулықтағы иллюстрацияны қарап шығыңдар. Бұл жаңалықтар адам өмірін қалай жеңілдетті?
Оқушылар суреттерді салыстырып, түркілер ағаштан ер-тоқым мен үзеңгіні ойлап тапты
деген қорытындыға келеді. Үзеңгінің көмегімен салт атты жылқыға мінеді және аттың үстінде отырғанда тепе-теңдікті сақтайды. Қатты ер-тоқымның үстінде отырып және үзеңгіге аяғын
тіреп, салт атты садақпен оқ атқанда және найзамен шайқасқанда өзін сенімді сезінген. Бұл шайқасты жүргізудің тактикасын өзгертуге мүмкіндік берді.
Түркілердің 38 әріптен тұратын өз жазуы – руна жазуы болды. Білге қаған мен Күлтегін қағандардың құрметіне жазылған жазулар руна жазуымен берілген.
дүниеге әкелмесе де, әлемдік мәдениетке қомақты үлес қосқан халықтар арасынан ойып орын алуға хақылы. Олар бізге керемет храмдар мұраға қалдырған жоқ, олар оқ-дәрі де, қағаз да ойлап тапқан жоқ. Бірақ тасқа мәңгілікке қашалған немесе халық зердесінде бағзыдан сақталған әдеби ой солардан маңызы кем мәдениет элементтері деп кім айта алады?!!» (Олжас Сүлейменов «Аз и я»)
Оқулық иллюстрациясы (қолөнер)
Оқушылар: Түркі дәуірінде қазақ даласында Тараз, Отырар, Сайрам және басқа да қалалар пайда болды. Түркілердің арасынан көптеген ұлы ғалымдар шықты. Мысалы, әл-Фараби және т.б.
Көшпелілер дөңгелектегі киіз үйдің орнына жиналмалы киіз үйді ойлап тапты.
Ол киіз үйді санаулы сағаттардың ішінде бөлшектеп және жаңа жерге қайта құруға болатын.
Мұғалім оқушылардың зерттеу жұмыстарын Президент Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтайды:
«Біздің ұлы бабаларымыз Алтайдан Қара теңізге дейінгі Ұлы Даланы иемденіп жатты. Олар бізге өлмейтін батырлық эпостар мен үлкен рухани байлықтар қалдырды. Олар киіз үйді, қылышты, етікті, үзеңгіні, темір қорытуды ойлап тапты. Түркі академиясының құрамында түркі тарихы мен мәдениетін зерттейтін орталық құру керек».
Слайд көру және электронды қосымшадан тапсырма орындау.