Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет6/39
Дата23.09.2022
өлшемі2,39 Mb.
#39972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
dynietanu (1)

2. Кеңестік дәуірдегі әдістеменің дамуы. 
Кеңес мектебі пайда болған алғашқы кезінен–жаңа үлгідегі мектеп құру міндеті күн 
тәртібінде тұрды. Міне осы уақыттан бастап советтік кезең (2-кезең) болып саналады. 1920 ж. 
қабылданған бағдарламаларға сәйкес Дүниетану пәнінды оқыту мектептің 2-5-сыныптарына 
оқу пәні ретінде енгізілді, әрі қарай пәндік оқыту жүзеге асырылды. Жаңа бағдарламалар 
жасауға В.Н.Верховский, Б.Е.Райков, А.А.Яхонтов қатысты. Бағдарламалар негізіне зерттеу 
әдісі, зертханалық-практикалық сабақтар, экскурсиялар сияқты педагогикалық тәсілдер 
енгізілді. 
Алайда 
ол 
кездің 
мектептерінде 
зертханалық-практикалық 
сабақтарды 
ұйымдастыруға қажетті құрал – жабдықтар тапшы болды. Осыған байланысты бірінші орынға 
экскурсия түрі шықты, өйткені оларға анағұрлым құралдар қажет етпеді. Мектеп 


11 
зертханасындағы жұмыс экскурсияда жиналған материалдарды өңдеп, талдап, зерттеуден 
тұрды. Жас натуралистердің экскурсиялық станциялар мен биостанциялар құру жөнінде 
белсенді жұмыстар жүргізілді. Педагог Б.В.Всесвятскийдің жас натуралистер қозғалысын 
ұйымдастыруы бүкіл одаққа таралып, Дүниетану пәнін бойынша сыныптан тыс жұмыстың 
маңызды түріне айналды.
XX ғасырдың басында бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқытудың жалпы әдістемесі 
шығарыла бастады. Бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқытуәдістемесін дамытуға педагог 
Л.С. Севрук мол үлес қосты. Ол жеке тақырыптық сабақтарға әдістемелік нұсқау даярлады, 
әсіресе өлі табиғат бөлімі жайлы тақырыптарға толық етіп жазған. Бұл сол кезде өлі табиғат – 
өсімдіктер – жануарлар схемасы бойынша жазылған бірденбір жетекшіәдістемелік құрал 
болды.
Алайда бұл пәннің жүргізілуі өте төменгі жағдайда қалды. Оқыту формальды түрде жүрді. 
Оқу құралдары тапшы, тәжірибе жасауға арнайы жай болмады, оқу барысында тек бор мен 
кітап ғана пайдаланылды. 
XXғасырдың алғашқы онжылдығында педагог-ғалымдардың күшімен Дүниетану пәнін 
курсының барлық бөлімдерінде қарастырылатын лабораториялық жұмыстарға арналған 
әдістемелік нұсқау даярланады. 
А.Я.Герд атап өткендей табиғатты танып білуде табиғатқа экскурсия өткізудің міндеттілігі 
және оның маңызды ролі айқын көрсетіліп, мектепке енгізіледі. 
1911 жылы Б.Е.Райков Дүниетану пәнінды оқытуда тәжірибезерттеу әдісін қолдануды 
ұсынды. Оқушылар өздеріне ұсынылған заттарды немесе организмдерді зерттей отырып, 
олардың қасиеттері мен құрылысының ерекшеліктерін анықтауға тиіс болды. Зерттеу принципі 
мектеп жұмысының практикасынамықтап енді. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі, оқу 
материалының тәжірибелік сипаты осы әдістің өзіне тән белгісі болатын. Тәжірибелік-зерттеу 
әдісі кең тарап, Дүниетану пәнін әдістемесінің дамуына үлкенықпал етті. 
1916 жылы К.П.Ягодовскийдің «Бастауыш мектептегі Дүниетану пәнін дан практикалық 
сабақтар» атты еңбегі жарық көріп, бастауыш мұғалімдерінің әдістемелік құралына айналды. 
Кітап Л.С.Севруктің ескірген оқу құралын алмастырып, бастауыш мектепте Дүниетану пәнін 
пәнін оқытудың қалыптасуына елеулі әсер етті.
Дүниетану пәнін пәнін оқыту саласындағы ірі әдіскер А.Я.Гердтің ұлы В.А.Герд болды. Ол 
өзінің «Естествознание как особый предмет в начальной школе» атты еңбегінде бастауыш 
мектепте Дүниетану пәнінға жеке сабақтар бөлуді, бұл пәнге өзіне тән әдістерімен оқытуды 
талап етті. Оқулық үлкен тарихи маңызға ие болды. В.А.Герд жаңа үлгідегі мектепті 
ұйымдастыруға үлкен үлес қосты.
Сонымен революцияға дейін Дүниетану пәнін пәндері бойынша педагогикалық, әдістемелік 
жұмыстар жеткілікті белсенді жүргізілді, бірақ үздік әдістемелік идеялардың практикаға 
енгізілуі баяу және қиындықпен жүрді. Ол кезде Дүниетану пәнін пәні маңызды пән ретінде 
саналуы жағынан соңғы кезекте тұрды, маңызды пән ретінде саналған жоқ.
1923 жылы мектептегі Дүниетану пәнін курсына түбегейлі өзгеріс енгізілді. Мемлекеттік 
ғылыми кеңес кешенді бағдарлама түзу идеясын ұсынды, бұл жекеленген пәнді оқытуды жоққа 
шығарды. Бірақ бастауыш мектепте табиғаттанудың жалпы принциптері сақталынып қалды.
1927 жылы МҒК шешімімен бағдарлама негізінің 1-сатысы бастауышта білім беру 4 жылдық 
болып енгізілді. Табиғаттану негізгі оқу пәні ретінде 1-4 сыныптарға дейін жүргізілетін болды. 
Бұл бағдарлама 1931 жылға дейін жүзеге асты. 1931 жылдан бастапмектептер он 


12 
жылдықжаңажүйеге көшірілді. Соған байланысты бастауыш мектепте табиғаттану пәні 
бойынша жаңа бағдарлама ұсынылды.
1933 жылы мектепке арналған тұрақты оқулықтар бекітілді, оның ішінде В.А.Тетюрованың 
«Табиғаттанудың бастамасы» оқулығы бар. Жаңа бағдарламалар мен оқулықтар табиғаттану 
әдістемесін қайта құруды, практикалық бағытты күшейтуді талап етті. Осы кезеңде Дүниетану 
пәнін әдістемесін дамытуға А.А.Половинкин, К.П.Ягодовский, К.А.Сонгайло, С.А.Павлов 
сияқты педагог-әдіскерлер үлкен үлес қосты.
Александр Александрович Половинкин (1887-1955) бастауыш мектепте географияны оқыту 
әдістемесі саласында жұмыс істеді. 1939 жылы бастауыш мектептің мұғалімдеріне арналған 
географияны оқытудың алғашқы әдістемесін жазды. Онда оқушыларға алғашқы географиялық 
«план», «карта» түсініктерін қалыптастыруға нұсқаулар беріліп, оқушыларды қоршаған 
ортамен таныстыру үшін экскурсия жасаудың қажеттігін негіздеді.
Константин Павлович Ягодовский (1877-1943) – бастауыш мектепте Дүниетану пәнінды 
оқыту әдістемесі жөніндегі көптеген еңбектердің авторы: «Бастауыш мектепте Дүниетану 
пәніндан қалай сабақ беру керек», «Мектепте және үйдегі тіршілік мүйісі», «Бастауыш 
мектепте Дүниетану пәніндан практикалық сабақтар», «Дүниетану пәніндан сабақ беру 
тәжірибесі» және т.б. бірқатар әдістемелік құралдар жариялады. К.П.Ягодовскийдің 
еңбектерінде кіші мектеп жасындағы балалардың табиғатты зерттеуге психологиялық 
қажеттілігі бірінші рет анық және сенімді түрде ашып көрсетіледі. Оның бүкіл ғылыми 
жұмысының қорытындысы «Дүниетану пәніндың жалпы методикалық мәселелері» кітабы 
болып табылады.
Дүниетану пәнінды оқыту әдістемесін негіздеуге ұмтыла отырып, автор алдымен 
педагогикамен және психологиямен байланыстыруды талап етеді. Өйткені тәрбие мен 
оқытудың жалпы теорияларынсыз, балалардың психологиялық және физиологиялық 
ерекшеліктерін ескермейтін әдістемені ғылыми негізде құруға болмайды деп дұрыс есептеді.
К.П.Ягодовский бағдарламалардағы Дүниетану пәнін материалдары мазмұнына қойылатын 
мақсаттар мен талаптарды көрсетеді. Оның Дүниетану пәнінды мүмкіндігінше бұрынырақ 
оқып білу керек, өйткені бұл келесі жүйелі курстарды оқыту үшін қажетті негіз болып 
табылады деген.
Сонгайло Константин Антонович (1890-1961) – көбінесе бастауыш сыныптарда географияны 
оқыту әдістемесі мен мазмұны саласында еңбектер жасаған географ-методист. Көрнекті 
педагог-натуралист Сергей Андроникович Павлов мектепте құрал-жабдықтар мен оқу 
құралдарымен қамтамасыз етуде көп жұмыс атқарды. Оның коллекцияларды дайындау, 
зертханалық сабақтарға приборлар әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулары мектептегі 
табиғат туралы ғылымдарды оқып-үйрену процесін жетілдіруде үлкен маңызға ие болды. Ол 
мектепті табиғатқа жақындатуға ұмтылды, онда тірі табиғат бұрышын ұйымдастыруды 
насихаттады.
Дегенмен бұл кезеңнің бағдарламалары іс-жүзінде тым кең әрі күрделі болып шықты. 
Сондықтан олар бірнеше рет қысқартуға ішінара өзгертуге ұшырады. 40-жылдары табиғаттану 
оқу пәні ретінде бастауыш мектептің алғашқы үш сыныпының оқу жоспарынан алынып 
тасталынды.
Тек 4-сыныпта ғана өлі табиғаттың жеке курсы енгізілді. 1-және 2сыныптардағы материал 
маусымдық құбылыстардың айналасында топталды және өлкетану материалдары жергілікті 
обьектілер бойынша оқытылды. 3-сыныпта өсімдіктер мен оларды адамның пайдалануы, 
жабайы және үй жануарлары қарастырылды, адам денесі және оның денсаулығын қорғау 


13 
туралы түсініктер берілді. Тек 4-сыныпта ғана дербес оқу пәні ретінде жүргізіліп, жеке оқулық 
болды. Он жылдық оқу тәжірибесі табиғаттану бойынша оқу бағдарламалары мен 
оқулықтардың материалы тым көптігін, бөлінген оқу сағаттарына сыймайтынын және 
оқушылардың оны ойдағыдай меңгеруі қиын екендігін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет