14
Михаил Николаевич Скаткин (1900-1984) жиырма жылдан астам уақыт бойы мектептегі
Дүниетану пәнін бағдарламалары мен 3-4 сынып оқулықтарының авторы болды. Ол
табиғаттануды оқыту әдістемесі
мәселелеріне көп көңіл бөлді, бұл курстың дербес оқу пәні
болып бөлініп шығуына елеулі үлес қосты. Ол оқушылардың танымдық әрекетін күшейту,
бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру принциптерін жасады. М.Н.Скаткин
көрнекі құралдардың, таблицалардың, картиналардың,
коллекциялардың, кинофильмдердің,
сондай-ақ оларды сабақтарда қолдануға арналған әдістемелік құралдардың тұтас сериясын
жасап шығарды. Ол профессор К.П.Ягодовскиймен бірлесіп табиғат күнтізбесін жасады, оған
оқушылардың өлі және тірі табиғаттағы өзгерістерді бақылау нәтижелері енгізілді.
60-жылдары оқу жоспарлары, оның ішінде табиғаттану бағдарламасы жаңадан қайта
жасалды. Енді бұл пәнді оқып-үйрену 2-4 сыныптан басталды.
Бағдарламаның негізіне
өлкетану принципі алынды, оның ауқымында оқушылар табиғат пен адамның шаруашылық
қызметін оқыпүйренді. 2-сыныптағы тақырыптар маусымдық принципі бойынша
орналастырылды, бұл оқушылардың табиғат құбылыстары мен адамның шаруашылық
қызметін бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
3-сыныпта оқушылар табиғат құбылыстарымен және өзі тұратын жердегі қоғамдық өмірмен
тікелей танысады. Бағдарламадағы дүниетану принципі оқушылардың жер шары, мұхиттар мен
материктер,
жердің формасы мен қозғалысы, елдің табиғат зоналарымен танысуы арқылы
жүзеге асырылды. Бұдан басқа, мұнда адам ағзасы мен денсаулықты қорғау мәселелері
оқытылды. Табиғаттануды оқып–үйрену 4 - сыныпта аяқталды.
Сонымен қазіргі дүниетануды оқыту әдістемесінің дамуы осындай кезеңдерден өткен. Кеңес
үкіметі тарағаннан кейін Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш
стандартына сәйкес «Атамұра» бағдарламасын енгізу шешілді. Дүниетану-оқу
жоспарында
жаңа пән болып, ол «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарынан тұрады. Бұл пән бұрынғы
бастауыш сыныптарда оқытылған «Айналамен таныстыру» (1-2 сыныптар), «Табиғаттану (3-4
сыныптар) пәндерін алмастырады. Мұнда 1-4 сыныпқа дейін дүниетану пәні жеке пән ретінде,
әр сыныпқа даярланған бағдарламаға сәйкес жүргізілу тиіс болды.
Достарыңызбен бөлісу: