Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет22/39
Дата23.09.2022
өлшемі2,39 Mb.
#39972
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
dynietanu (1)

 
 
 


40 
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Оқыту формасының сыныпсификациясын мазмұндау
2. Сабаққа қандай талаптар койылады 
3. «Дүниетануді оқыту әдістемесі» пәні сабағы және сабақтар жүйесі
4. Дәстүрлі сабақтар. Сабақтың құрылымы 
5. Сабақтын типтеріне және олардың ерекшеліктерін сиппаттау
2.2 «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» бойынша сабақтан тыс және сыныптан тыс 
жұмыс
Жоспары:
1.Сабақтан тыс жұмыс туралы түсінік және оның түрлері.
2.Сыныптан тыс жұмыс түрлері: жеке, топтық, жаппай.
1.Сабақтан тыс жұмыс туралы түсінік және оның түрлері.
Қазіргі уақытта мектепте сыныптан тыс жұмыстар жеке-дара, топтық, көпшілік түрде 
ұйымдастырылады. Бұл ұйымдастырылу түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі 
толықтыра түседі. Мұның негізі мұғалімнің басшылығымен оқушылардың білім деңгейі, 
олардың қызығушылықтары мен құмартуынан және таңдауынан туындайды. Дұрыс 
ұйымдастырылған жұмыс баланың жан-жақты дамуына, дұрыс тәрбиеленуіне көп әсерін 
тигізеді, экологиялық тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. 
Жеке-дара жүргізілетін жұмыс. Бұл белгілі бір белсенді оқушының инициативасымен 
жүзеге асады. Алдымен мұғалімнің арнайы тапсырмасы бойынша жапырақтар, бұтақтар, 
жемістер, тамырлар коллекциясын даярлау; үйде құстарды бақылау, жыл мезгілдеріне орай 
жапырақтардың түсінің өзгеруін бақылау; бүршік жару, судың қатуы; осыларға орай қосымша 
кітаптарды оқу тапсырмалары беріледі. Сыныпы жоғарылаған сайын тапсырма оқушының 
қызығушылығынан туындайды. Тәжірибе жасау, табиғатқа өз бетінше бақылау жүргізу, 
бақылау күнделігімен жұмыс жасау, түрлі қосымша кітаптар оқып оқушылар алдында 
хабарлама жасау тағы сол сияқты болып келеді.
Топпен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар түрлі тақырыпта, түрлі бағытта 
ұйымдастырылған үйірмелер. Мысалы: «жас натуралистер», «жасыл сақшылар», «көгілдір 
сақшылар», «жас экологтар» тақырыптағы үйірмелер болады. Үйірме өз еркімен жазылған 
шектеулі санды 12-15 мүшелерден құралады.
Үйірме сабақтары аптасына 1 рет немесе айына 2-3 рет өтіледі. Үйірме жұмысы нақты 
жоспарыланған, әртүрлі эксперименттер, практикалық және теориялық тапсырмалар, ғылыми 
қателіктеріне 
түзету 
жүргізуіне 
немесе жетістік 
деңгейіне 
байланысты өз 
қабілетін аша 
білуіне 
бағытталады. 


41 
әдебиеттермен жұмыс, тұрған қаласының, ауылының, өңірінің тарихы бойынша өлкетану 
жұмыстары, сол өңірдің табиғатын, өсімдіктерін, жануарларын зерттеу бағыттары бойынша 
жүргізілуі мүмкін. Оқушыларда бірте-бірте белгілі бір затқа немесе құбылысты тереңірек 
білгісі келетін қызығушылық, құмартушылық туындайды. Содан жекелей бағытқа ауыса 
бастайды. Мысалы; біреуі өсімдіктерді, біреуі жануарларды, енді бірін минералдарды зерттеу 
қызықтырады, кейбірі табиғи түрлі құбылыстардың сырын білгісі келеді, заттардың 
қасиеттерін зерттеуге бағытталады, ал баз біреуін бөлме өсімдіктері немесе табиғат 
бұрышындағы өсімдіктердің тіршіліктері қызық тырады. Осындай бағытта жүргізілген зерттеу, 
зерделеу, бақылау жұмыстарының қызықты нәтижелері сыныпс алдында немесе үйірме 
отырыстарында баяндалып отырады. Бұл іс-әрекеттер пәнді терең меңгеруге мүмкіндік береді, 
баяндама, мәлімдемелері басқа оқушылардың да сөзсіз құштарлығын арттырады.
Үйірме мүшелерінің басшылығымен түрлі орындарға экскурсия жасалынады, көптеген 
материалдар жинақталады. Ол жинақталған материалдардан сабаққа қажетті көрнекіліктер 
даярлайды. Үйірме сағатында жасалынған тәжірибе сынып алдында сабақта да көрсетіліп 
таныстырылады.
Кей жағдайда үйірме мүшелерінің өнертапқыштық қабілеттері туындайды. Үйірме 
жұмыстарының нәтижелері көрме, кеш, семинар түрінде жарияланады. Үйірме мүшелерінің 
жетекшілігімен үлкен іс-шаралар ұйымдастырылады айталық; «Құстар күні», «Гүлдер 
мерекесі». «Алтын күз», «Көк аспан», «Орман күні» т.б. Үйірме мүшелері мектеп маңындағы 
оқу-тәжірибе үлескесіндегі, географиялық алаңдағы, тірі табиғат бұрышындағы жұмыстарды 
ұйымдастырады, ондағы заттарды, жұмыстарды қадағалап отырады. Көпшілікпен 
ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар: сыныпты безендіру, белгілі бір тақырыпта сурет 
салу конкурсы, тақырыптық кештер, түрлі қойылымдарға даярлану, табиғатқа, мұражайға, 
жануарлар бағына, көрмеге экскурсияға бару. Мұндай шаралар барысында балаға эстетикалық, 
табиғатты қорғау, ұжымдық сияқты тәрбие беріледі. Сабақта алған білімдері, жауапкершілік 
қасиеттері толығады, өз бетінше жұмыс істеуге машықтанады. Мектеп маңын-дағы көктемгі, 
күзгі жұмыстар, кештерге, тапқырлық ойындарға қатысу жатады.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлі мынандай әдістерімен жүргізіледі: әңгіме, 
әңгімелесу, түрлі қызықты қосымша кітаптармен жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс, 
бақылау, тәжірибе жүргізу т.с.с. әдістер жатады. Сыныптан тыс жұмыстар ұқыпты дайындықты 
қажет етеді.
Сабақтан тыс жұмыс – мұғалімнің жеке және топтық тапсырмалары бойынша практикалық 
жұмыстар курсын меңгерумен байланысты міндетті сабақтардан кейін оқушыларды 
ұйымдастыру формасы. Дүниетану пәнін бойынша бұл: фенологиялық жұмыс, тірі табиғат 
бұрышында (үй жануарлары мен бөлме өсімдіктерін күту), тәжірибелі мектеп жанындағы 
учаскеде, географиялық алаңда жұмыс істеу, қосымша әдебиеттен сабаққа хабарламалар 
дайындау, сынып бұрышын (өлкетану, валеологиялық және т. б.) ресімдеу, әр түрлі 
жағдайларда тұқым өсіру және т. б. болуы мүмкін.
Сыныптан тыс жұмыс-мұғалімнің басшылығымен сабақтан тыс оқушылардың ерікті 
жұмысын әртүрлі ұйымдастыру формасы. Келесі түрлерге бөлінеді: жеке (жеке оқушыларға 
нақты тапсырмалар), топтық (факультатив немесе үйірме жұмысы), жаппай (мерекелерге, 
таңертеңгіліктерге және т.б. қатысу). «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» бойынша сыныптан 
тыс жұмыс түрлеріне тақырыптық апталар мен олимпиадалар өткізу, таңертеңгіліктерді, 
мерекелерді, викториналарды, турнирлерді, эстафеталар мен т. б. ұйымдастыру, жобалық іс-
әрекет, табиғи оқу жолы бойынша экскурсиялар және т. б. жатқызуға болады. 


42 
Сабақтарда жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы мен сыныптан тыс жұмыстар арасында тығыз 
байланыс бар. Оқу сабақтары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыта отырып, 
сыныптан тыс жұмысты өрістетуге ықпал етеді, керісінше, оқушылардың білімін практикада 
қолдануға мүмкіндік беретін, осы Білімді кеңейтетін және тереңдететін сыныптан тыс сабақтар 
оқушылардың үлгерімін және олардың оқуға деген қызығушылығын арттырады. Алайда 
сыныптан тыс жұмыс оқу жұмысын қайталамауы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет