2-
тарау. "Дүниетану" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
6.
"Дүниетану" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1)
1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2)
2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
3)
3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
4)
4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
7.
"Дүниетану" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден
тұрады:
1)
"Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар
жүйесіндегі өз орнын анықтау; "шежіре" ұғымы; отбасындағы қамқорлық; тауар-ақша
қатынасының қарапайым түрлері; тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымы;
мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептің адам өміріндегі маңызы; мектептегі
функционалдық аймақтардың орналасқан жері; күн тәртібі; тәулік уақыты мен апта
күндерінің атаулары; өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау;
менің атамекенім; мекенжай атауы және елді мекенінің географиялық орналасқан жері; өзі
тұратын елді мекеннің басты көшесі, ғимараттары және көрнекі жерлері; денсаулық пен
қауіпсіздік; жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы; тамақтану режимі; үйдегі
қауіпсіздік ережелері; жолда жүру тәртібі; жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол
белігілерінің мәні; мерекелер; отбасылық мерекелер;
2)
"Еліміздің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; жергілікті белгілер
бойынша көкжиек тұстарын анықтау; табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері; климат және ауа
райы; ауа райының адам өміріне және оның іс- әрекетіне әсері; табиғи жағдайлар және
олардың адам өмірі мен қызметіне әсері; жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу
мүмкіндіктері; туризм; туризмнің мәні; туристердің негізгі мақсаттары;
3)
"Тарих беттерінен" бөлімі: ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер: ежелгі адамдар,
сақтар, Томирис патшайымы, ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштері және
жәдігерлері туралы алғашқы мәліметтер; Қазақстан аумағындағы көне жазулар туралы
түсінік; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздермен танысу, оларды сипаттау;
Қазақстан елордасы – Астана қаласы.
8.
"Дүниетану" оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден
тұрады:
1)
"Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау;
отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру; отбасы қажеттіліктерінің құрылымы; мектеп және
мектеп қауымдастығы; мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлері; мектеп
қауымдастығының құрылымы; ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормалары;
сынып ұжымын сипаттау; менің
78
атамекенім; көрікті жерлерін сипаттау; Қазақстан картасындағы ірі өзен- көлдер, қалалар,
жолдар, өз облысы; денсаулық пен қауіпсіздік; пайдалы және зиянды тағамдардың
арасындағы айырмашылықтары; күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық
орындарда) қауіпсіздік ережелері; көлік түрлері, олардың қажеттілігі; қоғамдық көліктегі
өзін-өзі ұстау ережелері; құқық және міндет; құқық, міндет және жауапкершілік; қоғамға
қызмет етудің әлеуметтік маңызы; Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік
мерекелері;
2)
"Елімнің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; тұсбағдардың көмегімен
көкжиек бағыттарын анықтау; ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң
және кері әсері; ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық
маңызы; өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар
әлемі, су нысандары) оң және кері тұстары; табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын
жіктеу; туризм; туризмнің негізгі түрлері; туризмнің түрлерін дамытуға қолайлы нысандар;
туристік нысандардың ерекшеліктері;
3)
"Тарих беттерінен" бөлімі: "мал шаруашылығы" және "егін шаруашылығы"
туралы алғашқы түсінік алу; көне қалалар мен ескерткіштер; ғұндардың өмір салты туралы
алғашқы түсінік; Ботай мәдениетінің ерекшеліктері; қазақ халқының жылқыны қолға
үйретуі; көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері; Әл-Фарабидің ғылымның
дамуына қосқан үлесі; Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мәні; Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау; Қазақстан
халықтары достығының маңыздылығы.
9.
"Дүниетану" оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден
тұрады:
1)
"Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық
қатынастар; әулет шежіресін құрастыру; өз әулетінің құндылықтарын анықтау; өз
шығындарын жоспарлау; өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну; мектеп және
мектеп қауымдастығы; сыныптың өзін-өзі басқару ережелері; түрлі көзқарастар жағдайында
сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдары; қоғамда өзін өзі ұстау әдеп нормалары;
адамдар арасындағы достықтың маңыздылығы; менің атамекенім; елді мекендердің түрлі
белгілері; қала мен ауылдың байланысы; денсаулық пен қауіпсіздік; тұрмыстық құралдарды
пайдалану ережелері; спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу
үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау; табиғи ортадағы қауіп-қатерлер; өзінің
табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау; құқық және міндет; Қазақстан Республикасы
Конституциясының маңызы; мерекелер; Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерінің
маңызы;
2)
"Елімнің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; астрономиялық белгілер
бойынша көкжиек бағыттарын анықтау; масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып,
жергілікті жердің жоспарын құру; климат және ауа райы; жер климатының негізгі түрлері;
ауа райы мен климаттың қолайсыз
79
жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелері; табиғи жағдайлардың адам өміріне және оның іс-
әрекетіне әсері; адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф,
климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары); геологиялық және табиғи-климаттық
апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелері; туризм; Қазақстанның барынша
тартымды туристік нысандарының рейтингісі;
3)
"Тарих беттерінен" бөлімі: көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері;
тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру; Қазақстанның тарихи
тамыры; Түркілердің өмір салтымен танысу; Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар;
Қазақ хандығының құрылу себептері; көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет
қайраткерлері; хандар, батырлар мен билердің рөлі; Абылай хан; Керей хан; Жәнібек хан;
Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм; Қазақстанның бейресми
рәміздерінің мәнін түсіндіру ("Алтын адам", "Бәйтерек" монументі, "Мәңгілік Ел" қақпасы);
тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлі.
10.
"Дүниетану" оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден
тұрады:
1)
"Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасының қоғам өміріндегі маңызы; отбасы
мүшелерінің функционалдық рөлі; отбасы бюджетінің негізгі кіріс- шығыстары; отбасы
бюджетін оңтайландыру жолдары; мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептің өзін-өзі
басқару ұйымына мүше болу жолдары; көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттер; менің
атамекенім; түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (аймақ, аудан, облыс); өз
аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілері; денсаулық пен қауіпсіздік;
спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептері; спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану
қауіптері; жасанды ортадағы қауіп-қатерлер; жасанды ортадағы өз қауіпсіздігін жоспарлау;
құқық және міндет; Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы; демократиялық құқықтар мен
бостандықтар, міндеттер; мерекелер. кәсіби мерекелердің тарихы;
2)
"Елімнің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; нысанның басқа нысандарға
қатысты орны; глобус пен карталардың қолданылуы; параллельдер, меридиандар, экватор;
климат және ауа райы; адамзат дамуына климаттың әсері; табиғи жағдайлардың адам өміріне
және оның іс-әрекетіне әсері; өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың
табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
байланысты шаруашылық іс-әрекеттері; өз өңірінде табиғи апаттар туындау
ықтималдылығы; туризм. Қазақстан мен Астана бойынша туристік маршрут құру;
3)
"Тарих беттерінен" бөлімі: "технологиялық прогресс" ұғымы анықтамасымен
танысу; тарихи мұражайлардың қызметі; мұражайдың өзіндік жобасы; қазақ халқының шығу
тарихы; сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы байланысты графикалық түрде
бейнелеу; Қазақстан тарихындағы
маңызды оқиғалар; Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерінен мысалдар;
шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің өмірбаяны; Қазақстан
тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм; "Қазақстан" атауымен байланысты
ұлттық бренд; Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: |