Оқу құралдары деп мағлұмат жеткізу үшін, сондай-ақ оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің кез келген формасында өз еркінше жұмыс істеуді ұйымдастыру және оқу материалының меңгерілуін тексеру үшін мұғалім қолданатын оқу жабдықтарынын керек-жарақтарын түсіну керек. Оқу құралдары оқу жабдықтарының құрама бөліктері болып табылады. Оқу жабдықтарына оқу құралдарынан басқа оқудың техникалық құралдары, құрал-аспаптар (экран, сынып тақтасы, кронштейндер және т. б.) және жиһаз кіреді.
Мағлұматтарды ұсыну және оларды дайындау технологиясы бойынша оқу құралдары келесілерге бөлінеді:
Экрандықоқу құралдарына диапозитив, транспаранттар, диафильмдер, сондай- ақ үнсіз көрсетілетін киноүзінділер мен кинофильмдер жатады.
Экрандық оқу құралдарына диапозитив, транспаранттар, диафильмдер, сондай- ақ үнсіз көрсетілетін киноүзінділер мен кинофильмдер жатады.
Оқу диопозитивтері – оқу және тәрбие мақсатында қолдануға арналған бейнелер топтамасы. Оларды фотографиялық тәсілмен түссіз материалға (шыны немесе таспаға) түсіреді. Сөйтіп, диапроектор көмегімен бейнені жазықтыққа (экранға) түсіріп көрсетеді.
Стереоскоп
Транспаранттар – полиграфиялық және фотографиялық жолмен түсірілген түссіз таспадағы бейнелер. Транспоранттар графопроектор көмегімен демонстрациялап көрсетеді.
Транспаранттар – полиграфиялық және фотографиялық жолмен түсірілген түссіз таспадағы бейнелер. Транспоранттар графопроектор көмегімен демонстрациялап көрсетеді.
Оқу диафильмдері- оқу ақпаратын алдын- ала тізбектей көрсету үшін кадр түрінде ені 35мм түссіз таспаға фотографиялық жолмен әзірленген бейнелер топтамасы.
Оқу диафильмдері- оқу ақпаратын алдын- ала тізбектей көрсету үшін кадр түрінде ені 35мм түссіз таспаға фотографиялық жолмен әзірленген бейнелер топтамасы.
А.А.Половинкиннің айтуы бойынша, карта кітапқа немесе басқа да ақпарат көздеріне қарағанда “тезірек, нақтылы, көрнекті және ықшамды түрде айтып, көрсетеді”. Сөйтіп, географиялық карта бастауыш мектеп оқушыларында дүниенің біртұтас бейнесін қалыптастыру мақсатында мазмұнды дидактикалық өңдеуді көздейтін сабақтастықтың логикалық-мазмұндық жайын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Экспериментте бастауыш мектепте дүние жүзілік карталармен бірге (дүние жүзінің саяси картасы, дүние жүзінің физикалық картасы) жеке аумақтар картасы (ресейдің физикалық картасы, қаланың карта-сызбасы, тағы басқалары) қолданылады.