Дүниетану 4 – сынып
101 - нұсқа
1. Балды көп беретін өсімдікті ата
а) тал в) терек с) қайың д) күреңот
2. Жарық сүйгіш өсімдік
а) мақта в) қаракөз с) қырлышөп д) жоңышқа
3. Ашық даланы, шөлейт жерлерде тіршілік ететін жүйрік жануар
а) ақбөкен в) саршұнақ с) тасбақа д) қасқыр
4. Бақа жататын жануарлар тобы
а) сүтқоректілер в) құстар с) бунақденелілер д) қосмекенділер
5. Өзеннің көлге, теңізге барып қосылатын жері
а) ағысы в) саласы с) сағасы д) арнасы
6. Терек бір жазда судың буға айналдыруының жуық мөлшері
а) 2000 л жуық в) 15000 л жуық с) 18000 л жуық д) 25000 л жуық
7. Жер бетіндегі ауаның жылынуы
а) таза ауа арқылы в) адам арқылы с) ауа арқылы д) топырақ арқылы
8. Жердің қорғанышы
а) күн мен ай в) ауа қабаты с) аспан д) жұлдыз
9. Тыңайтқыш алынатын қоңыр түсті тас
а) көң в) асбест с) тұз д) фосфорит
10. Картада таулардың түсі
а) қоңыр в) жасыл с) қызыл д) көк
11. Жер бетінің биік бөлігі
а) тау в) қырат с) дөң д) төбе
12. Қара металдан қорытып алынады
а) алтын в) алюминий с) темір д) қорғасын
13. Үй тұрмысында қолданылатын алюминийден жасалған бұйымдар
а) кереует, диван, орындық с) қасық, шанышқы, ыдыс - аяқтар
в) төсеніштер д) есік, терезе
14. Ас қорыту мүшелері
а) өкпе, кеңірдек, ауа тамырлары с) асқазан, ішек, жұтқыншақ
в) жүрек, өкпе, кеңірдек д) жүрек, көктамыр, қылтамыр
15. Денені не қаптап тұрады?
а) тері в) бұлшық ет с) қаңқа д) дене мүшелері
16. Үсік, күбіртке, күйік ауруларына қатысатын сезім мүшесі
а) тері в) құлақ с) қас д) мұрын
17. Қиын жағдайда туыс, жолдас, ауыл - аймақ көрсететін жәрдем
а) достық в) бастаңғы с) жақсылық д) асар
18. Атақта күрішші
а) Шығанақ Берсиев в) Ыбырай Жақаев с) Әбілхан Қастеев д) Қаныш Сәтбаев
19. Тәуке ханның жасаған заң жүйесі
а) жеті жарғы в) ата заң с) қазақ заңы д) дала заңы
20. «Невада - Семей» қозғалысын басқарған кім?
а) Тоқтар Әубәкіров с) Талғат Мұсабаев
в) Олжас Сүлейменов д) Мұхтар Шаханов