Доцент, доктор PhD



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі157,71 Kb.
#10185

ЭКРЕМ АЯН

Доцент, доктор PhD

Муғла Сыткы Кочман университеті Әдебиет факультетінің

Қазіргі түркі тілдері мен әдебиеті бөлімі

(Муғла – Түркия)

ТҮРКИЯ ӘНҰРАНЫНЫҢ АВТОРЫ, ҰЛЫ ТҮРІК АҚЫНЫ

МЕХМЕТ АКИФ ЭРСОЙДЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

(және  шығармашылығы, қоғамдық қызметі)

Аннотация

Мақалада ұлы түрік ақыны, аудармашы, ғалым, сондай-ақ Түркия жұранының авторы –

түрік елінің аяулы азаматы Мехмет Акиф Эрсойдың өмір жолына шолу берілген.

Тірек сөздер: ұлт-азаматтық қозғалыс, әр ұран, тұлға, қоғам қайраткері.

Ключевые   слова:  национально-освободительное   движение,   гимн,   личность,

общественный деятель.



Keywords: national liberation motion, hymn, personality, publicman.

Жаратылысы ерекше тұлғалар бүкіл өмірлері бойынша тек өз қара басының қамымен

ғана айналысып қоймай, өмір сүріп отырған қоғамының күрделі мәселелерінің  шешімі

үшін де ат салысқан. Қоғамның қайғы-қасіретін өз қайғы-қасіреті, қуанышын өз қуанышы

санаған.   Ұлттың   буырқанған   жан-сезімі   мен   ой-санасын   қоғамға   шеберлікпен   жеткізе

білген   мұндай   тұлғалар   халқының   өз   ортасынан   шыққан   қоғамның   сүйіспеншілігіне

бөленіп, ұлттың қалаулы азаматы қоғамның пікір адамы және жол көрсетушісі құрметті

атағына иеленуде. Түркия Республикасының ұлттық әнұранының авторы Мехмет Акиф

Ерсой да осындай көсем тұлғалардың бірі.

Мехмет   Акиф   өзінің   шығармашылық   өмірінде   ұлт   тақырыбынан   бөлек   әлеуметтік

жауапкершілік   және   кедейлік,   жоқшылық   пен   жалқаулық,   жаман   әдеттер   мен   отбасы

трагедиясы тақырыптарында да көркем шығармалар жазды.

Мехмет Акиф 1873 жылдың аяғында сонына жақын, Стамбул қаласы, Фатих ауданы,

Сарыгүзел ықшам ауданында дүниеге келді. Ақынның туған күні мұсылман жыл санауы



(Хижра жыл санауы)  бойынша 1290 жылдың Шәуал  айына,  ал біздін  жыл санауымыз

бойынша   1873   жылдың   22-қарашасы   мен   20-желтоқсан   аралығындағы   мезгілге   сәйкес

келеді.   Туған   жері   Стамбул   болғанымен,   азаматтық   төлқұжатында   өмірінің   елеулі

уақытын  өткізген  Байрамич ауданының тұрғыны ретінде көрсетілген. Мехмет Акифтің

әкесі Тахир мырза, өз ұлына “Ебжед” есебі бойынша туған жылын көрсететін “Рағиф” (

TTغىف


ر

) есіміні қойған екен. Ра (

 :(ر

200


  + ғайын (

:(غ


1000

  + йе (  :(ى

10

  + фе (


 :(ف

80

 =  



1290

[Düzdağ, Mehmet Ertuğrul; Mehmet Akif Ersoy, Kaynak Kitaplığı, İstanbul 2004, s.1-2.]. 

Отбасының   басқа   мүшелері   мен   көрші-қолаң   бұл   есімнің   мағынасын   жақсы

түсінбегендіктен жас нарестені "Акиф"  деп атап кеткен. Алайда Мехмет Акифтің әкесі

ұлын “Рағиф” деп шақыруын жалғастырады [Ersoy, Mehmet Akif; Safahat, Eseri tertip eden

Ömer Rıza Doğrul, İnkılap Kitabevi, İstanbul 2002, s. XIII]. 

Әкесі Тахир мырза, Албанияның Ипек (Жібек) ауданына қарасты Сушиша ауылынан

көшіп Стамбулға орналасқан, Фатих медресесінің молдасы болған. Анасы Әмина Шәрипа

ханым болса, Бұхарадан Түркияның Токат қаласына көшіп келген бір ақсүйек әулеттің

қызы еді [Yeşilyurt, Evrim; Mehmet Akif Ersoy Hayatı ve Eserleri I, Yeryüzü Yayınevi, Ankara

2002, s. 7.]. Мехмет Акиф жиырма бес жасында 1898 жылғы қыркүйектің 1-жұлдызында,

Топхана сарайының (Сұлтандар сарайы) қаржы маманы Мехмет Әмін мырзаның Исмет

ханыммен   үйленеді.   Бұл   некеден   Мехмет   Акифтің   үш   ұлы,   үш   қызы   дүниеге   келеді.

Өкінішке орай, төртінші перзенті бір жарым жасқа толғанда шетінеп кетеді. Балаларының

есімдері:   Жәмила,   Фәрида,   Суад,   Ибрахим   Наим,   Әмін   және   Тахир   болатын   [Düzdağ,

Mehmet Ertuğrul; age., s.17-18.]. Ақынның өзі және балалары шығыс және батыс тілдерінен

біреуін білетін және сол тілдерде еркін аударма жасай алатын. Мехмет Акиф әкесінен,

балалары да Мехмет Акифтен тәлім алады. Яғни өз кезегінде әкесі Акифтің, Акиф те өз

перзенттерінің ұстазы болды. 

Шәкірттік өмірі. 1878 жылы ақпан айының алғашқы күндерінде 4 жыл, 4 ай, 4 күндік

бүлдіршін   Мехмет   Акиф   ата   салтқа   сәйкес   Фатихтегі   Әмір   Бұхари   ықшам   ауданы

мектебіне оқуға беріледі. Бұл жерде екі жылға жуық тәлім алғаннан кейін, 1879 жылдың

аяғында Фатих ауданының бастауыш мектебіне ауыстырылады. Әкесі осы жылы ұлына

арап тілін үйрете бастайды. Үш жылдық бастауыш мектепті бітірген Мехмет Акиф 1882

жылы   Фатих   аудан   орталығындағы   орта   мектепте   оқуын   жалғастырады.   Бұл   арада

әкесінен арабша, Фатих мешітінде молда Асхат қариядан парсыша дәріс алады. Түрікше

және французша дәрістерінде де құрдастарынан әлдеқайда ілгері болған Мехмет Акифтің

тіл үйрену жағынан жоғары қабілетке ие екені байқалады. 1885 жылы үш жылдық орта

мектепті   бітіргеннен   соң   әкесі   ұлының   мамандық   таңдауды   өзіне   тапсырады.   Осыдан

кейін жеткіншек Мехмет Акиф оқығанына он күн болған Мемлекеттік мүлік мектебіндегі

оқуын   тастап,   1889   жылы   ветеринарлық   мектепке   құжаттарын   өткізеді.   Бұл   білім

ордасынан 1893 жылы түлек болып шығады [Düzdağ, Mehmet Ertuğrul ; age., s. 5-8.]. ып,

өмір жолына желкен ашады.

Осы шәкірттік жылдарында Мехмет Акиф екі үлкен қайғы-қасіретке душар болады.

Мұның біреуі  – әкесінің  мезгілсіз  дүние  салуы  болса, екіншісі  – тұрған  үйлерінің  өрт

құшып жанып кетуі еді. Бұл екі қайғылы оқиға 1899 жылы бірінен соң орын алып, жас

Мехмет Акифтің қабырғасын қайыстырады. Алайда үйлерінің өртеніп кетуіне байланысты

Мехмет Акифтің әкесінің Призрендік шәкірті Мұстафа әпенді ұстазының жанып кеткен


үйінің   орнына   үш-төрт   бөлмелі   бір   үй   салып   беріп,   шәкірттік   адалдығы   мен

сүйіспеншілігін дәлелдеген еді [Ersoy, Mehmet Akif; age., s. XV.]



Қызмет   жылдары.  1893   жылы   ветеринар   факультетін   бітірген   Мехмет   Акиф,

ветеринар инспекторы ретінде алғашқы қызметін бастайды. Мехмет Акиф бұл қызметін

20   жыл   бойы   атқарады.   1913   жылы   жұмыс   орнының   директоры   Абдолла   әпендінің

әділетсіздікпен   қызметінен   босатылуына   қарсылығын   көрсету   үшін   өз   қалауымен

жұмыстан   босайды.   Одан   кейінгі   жауапты   қызметі   бойынша   кезектегі   алған   жауапты

қызметінің   барысымен   бірінші   кезекте   орталық   Стамбулды,   төрт   жыл   бойы   Рұм   елін,

Анадолы аймағын және Араб елдерінің әртүрлі аудандарын аралап шығады. бұл жерлерде

әрқилы   уақыттарда   жұмыс   істейді   [Düzdağ,   Mehmet   Ertuğrul   ;   age.,   s.12].   Оның   бұл

аймақтарда   атқарған   қызметі   шет   ауылдардағы   мал   ауруларын   емдеу   болатын.   Бұл

жұмысының   арқасында   үнемі   сапарда   болған   ақын   қарапайым   халықтың   тұрмыс-

тіршілігімен жақыннан танысу мүмкіншілігіне ие болған еді. 

Ұлы   ақын   жеті   жылдай   ұстаздық   қызметті   де   атқарады.   1906   жылы   Қалқалы

Агрономия мектебінде әдебиет пәні оқытушысы ретінде дәріс бере бастайды. Ал, 1908

жылы Иттихад және Теракки партиясына мүше болады. Осы жылы әрі Сыраты Мүстаким

журналында өлеңдерін жариялай бастайды, әрі Стамбул университетінде әдебиет пәнінен

дәріс береді. 1913 жылы бұл қызметінен өз қалауымен отставкаға кетеді. 1914 жылы І-і

дүниежүзілік соғыс кезеңінде Германияда тұтқында жатқан мұсылман әскерлерін құтқару

және оларға көмек көрсету мақсатында Тешкилаты Махсусаның жасақтаған делегациясы

(тобы)   құрамында   Германияға   аттанады.   Ал   1920   жылы   маусымның   5   жұлдызында

Бұрдыр   облысынан   түрік   парламентіне   депутат   болып   сайланады.   Бұл   қызметін   1923

жылдың   21   наурызына   дейін   атқарады.   Анқарадағы   депутаттық   қызметі   аяқталғаннан

кейін отбасымен бірге Стамбулға қайта оралады [İsmail, Hekimoğlu. ; Mehmet Akif’e Göre

Dün, Bugün, Yarın, Timaş Yayınları, İstanbul 1998, s.44-45.]

Соғыс   жылдары.  Мехмет   Акифтің   туылған   және   ержеткен   жылдары   Осман

империясы Ресеймен (1877) және Грекиямен (1895) соғыс жағдайында болатын. Балқан

соғысының   нәтижесінде   Осман   империясы   Балқан   түбегіндегі   территориясынан

айрылады.   Бұдан   кейінгі   жылдарда   орын   алған   І   дүниежүзілік   соғыс   пен   азаттық

жолындағы   соғыстар   түрік   халқының   басына   үлкен   қайғы-қасірет   әкеледі.   Ұлы

империяның  ыдырауына және қолдан кетуіне  куә  болған Мехмет Акиф осындай қиын

жағдайларда үмітін жоғалтпай, еш мойымайды. Керісінше, бұл қиын күндер оны есейтеді

және қажыр-қайратын нығайтады.

Мехмет Акифтің поэзиямен айналысқан 1908-1923 жылдар аумалы-төкпелі бір кезең

еді.   Осы   тұста   түрік   елінде   жиі-жиі   өкімет   ауысулар,   соғыс,   жеңіліс,   күйзеліс,

басқыншылық, территориядан айырылу, жаппай тәртіпсіздік және қайтадан түлеу сынды

манызды оқиғалар орын алады. Мехмет Акиф, бұл оқиғалардың ықпалында қалады. Бұл

жағдайлар   оның   шығармашылығына   көп   әсер   етеді   [Uğurcan,   Sema;   “Mehmet   Akif’te

Zaman”,   Vefatının   60.   Yılında   Mehmet   Akif   Sempozyumu   Bildirileri,   Yayına   hazırlayan

Prof.Dr. İnci Enginün, İSAR Vakfı Yayınları, İstanbul 1997, s.33.].

Бірінші   дүниежүзілік   соғыста   Түркияның   жеңіліске   ұшырауы,   батыстағы

империалистік  мемлекеттердің  Ислам әлемінің  тұтастығын  бұзу үшін  ұйымдасуларына



қарсы   тұрудың   орнына   мұсылмандардың   бір-бірімен   қырғи-қабақ   болып   бөлінулері

Мехмет Акифті қатты қайғыландырады. Бұл арада пессимизм сезіміне берілген Мехмет

Акиф Османдық жаһандық мемлекеттің жеңіске жетуі үшін өлең және мақалалар жазады,

мешіттерде   уағыздар   айтады,   халықтың   арасында   үгіт-насихат   жүргізіп   батыс

империализміне қарсы қоғамның азаттық күресін арттыруға тырысады. 1919 жылы мамыр

айының   15   жұлдызында   гректердін   ен   алдымен   Измірді,   артынша   Айуалыкты   жаулап

алуынан кейін Мехмет Акиф, Стамбулдан жедел түрде Балыкесірге келеді. Мұнда Зағанос

Паша   мешітінде   айтқан   уағызында   халықты   өз   бостандығын   қорғау   үшін   ұлт-азаттық

күреске   шақырады.   Бұл   әрекеті   үшін   Дарүл   хикметил   Исламие   мүшелігінен

шығартылады. Шейхүлисламның Анадолыда бастаған ұлт-азаттық күресіне қарсы пәтуа

беруінен   кейін,   Стамбулда   тұрмауға,   Анадолыда   Мұстафа   Кемал   Пашаның

жетекшілігімен   басталған   ұлт-азаттық   күреске   қатысуға   шешім   қабылдайды.   Мехмет

Акиф ұлы Әмінмен бірге Қаратеңізден Инеболы жолы арқылы Қастамоныға, ол жерден де

Анқараға өтіп “Куайы Миллие” қатарына қосылады [Düzdağ, Ertuğrul; İstiklal Şairi Mehmet

Akif Ersoy, İski Yayınları, İstanbul 2002, s.28-30.]. Мехмет Акиф, Анқараға келгеннен кейін

туған   жерін   жаулап   алған   батыстық   басқыншыларға   қарсы   халықты   азаттық   күресіне

үгіттеу   және   дайындау,   ұлттық   қозғалысқа   қолдау   көрсету   мақсатымен   Ескішаһар,

Бұрдыр, Сандықлы, Динар, Анталия, Афйон, Конья және Күтахия аймақтарын аралайды

[Düzdağ, Ertuğrul; Mehmet Akif Ersoy, Kaynak Kitaplığı, İstanbul 2002, s. 99.].

1922   жылдың   30   тамызында   Сакария   түбіндегі   соғыста   түрік   армиясының   жеңіске

жетуі  нәтижесінде басқыншы жау әскерлері Стамбулдан шегінеді. Қыркүйектің 9-ында

Измір азат етіледі. Түрік елі Анадолыны жаулап алған ағылшын, француз, италиян және

гректерге   қарсы   жүргізілген   ұлт-азаттық   күресте   жеңіске   жетеді.   Бұл   ұлы   жеңістің

келуімен   Мехмет   Акифтің   ең   басты   ұлы   арманы   орындалады.   Мемлекет   жаудан

босатылып, азаттықтың арайлы таңы атады.

Мехмет   Акиф   соғыс   жылдарында   көрсеткен   жанкештілігі,   қажыр-қайраты   мен

каһармандығы   үшін   тарих   және   пікір   адамдары   тарапынан   бірауыздан   еш   шек

келтірілместен “ұлт-азатттық күресіміздің рухани көсемі” деген құрметті атақ беріледі.



Мысыр еліндегі өмірі және науқастануы. Бірінші Мәжіліс міндеттемесінің жеңіспен

аяқталуына   орай   Стамбулға   келген   Мехмет   Акиф   Аббас   Халим   Пашаның   шақыруы

бойынша 1923 жылы Мысыр еліне сапар шегеді. Осы жылдың қысын Мысырда өткізіп

елге оралады [Düzdağ, Ertuğrul; age., s. XX.]. Келесі жылы Аббас Халим Пашаның арнайы

шақыруымен Мысырға қайта оралады. Мехмет Акиф бұл екінші сапарынан кейін (1925-

жылдың соңы) Кайирде он жыл, алты ай қалады [Düzdağ, Ertuğrul; age., s. 134.]. Мехмет

Акифтің Мысырда тұрақтаған алғашқы екі жылында Аббас Халим Пашаның сарайына

қарама-қарсы   орналасқан   кішігірім   жаздық   үйде   тұрып,   қонақтағаны   бізге   белгілі.

Отбасын қасына шақырғаннан кейін Хилванның жағасында, шөлге жақын жерден жалға

алынған кішігірім пәтерге орналасады [Düzdağ, Ertuğrul; age., s. 140.]. Мысырда қалған

жылдары Мехмет Акиф материалдық қиындықтар көреді және оның салдарынан ауруға

душар болады.

Аббас Халим Паша Мехмет Акифті тіршілік тауқыметінен құтқарып, алаңсыз жұмыс

істеуіне   және   қалаған   шығармасын   дүниеге   келтіруіне   қолынан   келгенше   жағдай

жасағысы  келеді.  Мехмет Акифке Мысырда Діни істер  басқармасы  тарапыннан  Құран


Кәрімді   түрік   тіліне   аудару   ісі   тапсырылады.   Бұл   іспен   алты-жеті   жыл   шұғылданады.

Мехмет Акифтің Мысырда бұдан бөлек ресми қызметі, яғни Мысыр университеті әдебиет

факультетінде түрік тілі профессорлық міндеті болатын. Әр аптада екі сағат түрік әдебиеті

пәнінен   дәріс  берген   Мехмет   Акиф, дәрістен  тыс  уақыттарында  үнемі   Қасиетті  Құран

кітабының  аудармасымен   шұғылданады.  Құранның  аудармасы  аяқталған   шақта  цирроз

дертіне шалдыққан Мехмет Акиф, бұл дерттің адам өміріне қаншалықты қауіпті екенінің

парқына бара алмайды да, ауруынан климат ауыстыру арқылы айығатынын ойлап Ливан

еліне сапар шегеді [Ersoy, Mehmet Akif; Safahat, Eseri tertip eden Ömer Rıza Doğrul, İnkılap

Kitabevi, İstanbul 2002, s. XX-XXI.]. Ливанда науқасты медициналық тексеруден өткізген

дәрігерлер   оған  теңіз  денгейінен  биіктеу  жерде   демалуын   кеңес  береді.  Мехмет   Акиф

Әлие   маңындағы   Сұкылғарб   ауылында   бір   қонақүйге   орналасады.   Өкінішке   орай,   бұл

жерде ақын безгек ауруына шалдығады.

1

Елге   оралуы   және   дүние   салуы.  Өмірінің   соңғы   күндері   ауруы   асқынған   Мехмет

Акиф Ерсойды “Бөтен елде сүйегім қалады-ау" деген үрей жиі толғандырады. "Көзімнің

тірісінде   атамекеніме   орала   алар   ма   екенмін?   Стамбулды,   достарымды   қатты

сағындым…” деген ойларға шомады. Ақыры 1936 жылдың шілде айында отбасымен бірге

Искендериеден бір кемеге отырып, туған жеріне жол тартады. Кеме Шанаккала бұғазына

жақындағанда Шанаккаланың белестерін көрген Мехмет Акиф бүкіл өткен өмірін еске

түсіріп көзіне жас алады [Sarıhan, Zeki: 1996, s. 213.]. 17 маусым сәрсенбі күні Стамбулға

табаны   тиген   Мехмет   Акифті   айлақта   ағайын-туғандары   мен   бірнеше   дос-жарандары

қарсы алады. Аббас Халим Пашаның қызы Әмине ханымның қолқа салуымен Мехмет

Акиф алдымен оның Мачкадағы үйінде қонақта болады. 

Бірнеше   күннен   кейін   медициналық   тексеруден   өту   үшін   “Шишли   шипажайына”

орналасады.   Мұнда   жиырма   күн   жатқаннан   кейін   Бейоғлында   Паша   отбасының

меншігіндегі   Мысыр   көп   қабатты   үйінде   өзі   үшін   дайындалған   бөлмесіне   жайғасады,

жанына   күтуші   беріледі.   Бірнеше   аптадан   соң   Саид   Халим   Пашаның   ұлы   Халим   Бей

Әлемдағында   өз   меншігіндегі   Балташы   саяжайында   Мехмет   Акифтің   тынығуы   үшін

барлық   жағдайын   жасап,   қонаққа   шақырады.   Мехмет   Акиф   саяжайда   үш   айға   жақын

жатады. Бірақ әлсізденуінің  үдемесі және ауа  райының сууына  орай түпкілікті Мысыр

пәтеріне жайғасқан Мехмет Акиф 1936 жылдың 27 желтоқсанында, жексенбі күні кешкі

сағат 19.45-те мәңігілікке көз жұмады. 

Мехмет   Акифтің   өлімінің   бір   жылдығы   қарсаныңда   ешқандай   еске   алу   шаралары

қарастырылмаған   екен.   Тек   1938   жылдың   27   желтоқсанынан   бастап   жыл   сайын

Түркияның әр тарапында әртүрлі еске алу шаралары қолға алынуда. Бұл күндері Түркия

Республикасының   діни,   ұлттық   және   тарихи   күндерінде   Мехмет   Акиф   туралы   сөз

қозғамау, оның өлендері мен өмір жолынан шумақтар оқымау мүмкін емес. Мехмет Акиф

түрік қоғамының ажырамас бір бөлігі секілді. Келешекте де солай бола бермек.  

Өзі   “ұлтымыздың  меншігі”   деп   атаған  “Истиклаль  маршы”   (“Тәуелсіздік  әнұраны”)

бүгінде   Түркияның   бүкіл   оқу-ағарту   және   қоғамдық   орындардың   қабырғаларын

безендіруде, әр түрік азаматы тарапынан жатқа айтылуда және әрбір алқалы жиынның

ашылуында   орындалуда.   Ең   манызды   шығармасы   ретінде   танылған   “Сафахат”   есімді

кітабы болса, Түркияның ең көп басылған және оқылған кітаптардың көшбасын бастап

1

 


келе жатыр. Түрік елінде жеке басы туралы ең көп шығарма және мақала жазылған, еске

алу шаралары өткізілген ақын, ғалым, аудармашы және пікір адамы ретінде бірауыздан

Мехмет Акиф дей аламыз. Дүние салуының 50 жылдығында, мемлекет тарапынан 1987

жылдың “Акиф жылы” жарияланып  әртүрлі  еске  алу шараларының өткізілуі,  баспасөз

құралдарының да бұл шаралардан тыс қалмауы түрік елінің бағына туған бұл арда ұлдың

құрмет-данққа бөленгенін көрсетеді [Düzdağ, Ertuğrul; age.; s. 151-152].

2006 жылы 17 мамырда Мехмет Акифтің депутат атанған Бұрдұр қаласында Мехмет

Акиф Ерсой университеті ашылды. 2011-жыл Түркияда Мехмет Акифтің дүние салғанына

75   жыл   және   Истиклаль   маршының   қабылданғанына   90   жыл   толуына   орай   үкімет

басшысы Режеп Тайып Ердоғанның ұсынысы бойынша “Мехмет Акиф Ерсой жылы” деп

жарияланды. Түркияда Мехмет Акиф Ерсой есімі берілген 250-ге жуық бастауыш және

орта мектеп, сонымен қатар сол көрсеткішке жақын аудан, ықшамаудандар, көшелер бар.

ӘДЕБИЕТ

1 Düzdağ, Mehmet Ertuğrul; Mehmet Akif Ersoy, Kaynak Kitaplığı, İstanbul 2004.



2 Düzdağ, Ertuğrul; İstiklal Şairi Mehmet Akif Ersoy, İski Yayınları, İstanbul 2002.

3

Düzdağ, Ertuğrul; Mehmet Akif Ersoy, Kaynak Kitaplığı, İstanbul 2002, s. 99.



4

Ersoy,  Mehmet Akif; Safahat, Eseri tertip eden Ömer Rıza Doğrul, İnkılap Kitabevi,

İstanbul 2002.

5

İsmail, Hekimoğlu. ; Mehmet Akif’e Göre Dün, Bugün, Yarın, Timaş Yayınları, İstanbul



1998.

6

Sarıhan, Zeki; Mehmet Akif, Kaynak Yayınları, İstanbul 1996. Yeşilyurt, Evrim; Mehmet



Akif Ersoy Hayatı ve Eserleri I, Yeryüzü Yayınevi, Ankara 2002.

7

Uğurcan,   Sema;   “Mehmet   Akif’te   Zaman”,   Vefatının   60.   Yılında   Mehmet   Akif



Sempozyumu   Bildirileri,   Yayına   hazırlayan   Prof.Dr.   İnci   Enginün,   İSAR   Vakfı   Yayınları,

İstanbul 1997.



Экрем Аян, доктор PhD . Университет Мугла Сыткы Кочман. Мугла, Турция.

Мехмет Акиф Эрсой – великий турецкий поэт, автор гимна Турции 

(биография, творчество и общественная деятельность)

Резюме

В статье дан обзор биографии Мехмета Акиф Эрсой – автора гимна Турции, великого 

турецкого поэта.

Ekrem Ayan, doctor PhD. University of  Мugla Sytky Kochman. Мuglа, Turkey.


Меkhmet  Akif  Ersoi  is the great Turkish poet, author of hymn of  Turkey

(biography, work and public activity)

Summary

In the article the review of biography of  Меkhmet  Akif  Ersoi  - author of hymn of  Turkey,



great Turkish poet.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет