«Дөңгелек көлденең қималы сырықтың бұралуы. Бұралу кезіндегі беріктік пен қатаңдыққа есептеу. Сырықтар көлденең қималарының геометриялық сипаттамалары»


Таза ығысу кезіндегі кернеулер мен деформациялар



бет2/3
Дата31.12.2021
өлшемі397,04 Kb.
#22289
1   2   3
Таза ығысу кезіндегі кернеулер мен деформациялар

Таза ығысу – денеден бөліп алынған элементтің беттерінде тек қана жанама кернеулері болатын кернеулі күй  (9.1,а сурет). Біртекті таза ығысу жұқа қабырғалы цилиндрдің бұралу кезінде орын алады (9.2 сурет).

Егер таза ығысудағы эле-менттен оның бет-терімен 45º жасайтын беттері бар элементті қиып алсақ, оның беттерінде жанама кернеулер жоқ болып, тек қана тік кернеулер орын алатынын дәлелдеуге болады (9.1,б сурет). Сонда қарама-қарсы беттерінің бір жұбында кернеулер созушы (σ’=t), екінші жұбында сығушы (σ”=-t) болады.

         Алдында айтылғандайt жанама кернеуі мен γ бұрыштық деформациясы Гук заңы бойынша байланысады

t=G∙γ.                                              (9.1)

        


Таза ығысу кезінде элементтердің қабырғаларының ұзындықтары өзгермейтінін және элемент қөлемінің өзгерісі де нөлге тең екенін дәлелдеуге болады. 

         Материалдарды созылу мен сығылуға сынаулары секілді таза ығысуға да сынау жүргізіледі. Ол үшін моменттермен бұралатын жұқа қабырғалы құбыр тәрізді үлгілер қолданылады. Нәтижесінде мен γ координаттарындағы шартты ығысу диаграммасын алады, ол созу диаграммасына ұқсас болып келеді, сонда пластикалық металдар үшін аққыштық шегі tақ=(0,5…0,55)σақ.

         Таза ығысуға жақын кернеулі күй шегендерде, саңылаусыз қойылатын болттарда, шпонкаларда, шлицаларда, пісірілмелі біріктірмелерде орын алады.

Бұралуға жұмыс істейтін сырық білік немесе білеу деп аталады. Сыртқы жүктеме әсерінен біліктің көлденең қимасында тек қана Мб бұралу моменті пайда болатын деформация түрі бұралу деп аталады.



Мб таңбалар ережесі

егер қима жағынан қарағанда сыртқы момент қалған бөлікті сағат тілімен бағыттас бұраса, онда осы қимадағы бұралу моменті оң таңбалы және керісінше.

1.Егер білік тұрақты сыртқы моментпен жүктелсе, онда Мб эпюрасында осы момент түскен нүктеде моментке тең секіріс болады.

2.Біліктің көлденең қимасының өзгерісі Мб эпюрасына әсерін тигізбейді.

3.Егер білік таралған моментпен жүктелсе, онда Мб эпюрасы осы таралған моменттің таралу ұзындығында көлбеу түзу сызықпен шектеледі.

Бұралу кезінде біліктің көлденең қимасында -не алып келетін кернеу, тек жанама кернеу τ пайда болады. Бұралудағы қөлденең қималар х білік өсін айнала, толық бұралу бұрышы деп аталатын = (х) бұрышына бұралғанымен білік деформациясы анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет