ДөҢгелек үстел «Әлемге әйгілі- Әуезов»



бет8/9
Дата11.05.2022
өлшемі79,16 Kb.
#34047
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мухтар 125 жыл

Ү бөлім Арнау
9 сынып оқушысы

«Дана Мұхтардың ұрпағы» – дейді,

Мына жұрт мені жиі атап,

Санасыз ерді семірте берер

Сылдыр сөзбенен сый, атақ.

 Тұяғы дүлдүл тұлпардан туып,

Тартпасам тарлан тегіме,

Алшаңдап басып, ауыз толтырып,

Айтудың өзі – ұят-ақ.

Тұғыры биік баба мұрасын

 Ту қылып ұстап бұл күнде,

 Дүбірге толы дүние мынау,

Қосылдым ұлы дүмпуге.

Тай кезінен-ақ тұлпар танитын

 Талғамы күшті халқымның

 Атаға тартып еңіреп туған

Ерді аңғармауы мүмкін бе?

 Түңіліп жатқан Абай данамның,

Таудай тұлғасын тірі ғып,

Көрсетіп еді ол халқыма менің,

 Қарады әлем үңіліп

Осындай болар – ел ұмытпайтын ірілік

 Осындай болар – ел ұлықтайтын ұлылық!

Абайдың жолы – қазақтың жолы,

 Керегі жоқ оған дәлелдің.

Қазақы тірлік – шынайы шындық,

Тарихы сонда бар елдің.

Балапан арман жетелеп шығып,

 Шырқау шыңына Шыңғыстың

Ұлы Мұхтардың қыран-қиялы

 Биігінде тұр әлемнің.

Қазаққа мына Мұхтардай арыс

Тумайды қайта десем де,

От болып туып, шоқ болып жанған,

Жалынды ғұмыр өшер ме?

 Киелі Шыңғыстың топырағынан

Нәр алып өскен бір ұлмын,

Ұлы Мұхтардың жерлесімін деп,

Мақтана аламын осы елге!

9 сынып оқушысы
Орнаған шақ еді бұл бойда бақыт,

Жырдан шашу шашқанбыз, тойға жақұт.

Сіздің бейне айналған тас мүсінге

Дәл бүгінде үнсіз тұр ойға батып.

Қазақтың көңілінен шыққандайсыз,

Бііздегі бар тілекті ұққандайсыз.

Үнсіз бейне, тас мүсін болсаңыз да

Жас желеңді бүгінде ұтқандайсыз.

А.С.Макаева

Жүргізуші:

Мұхтар Әуезовты қазақ халқының алып тұлғасы ретінде сипаттап, өлең жолдарымен өрнек өрген Қадыр Мырза Әли ағамыз Мұхтар ағамыз жайында былай деп жырлайды

Даласындай дархан халық, батыр ел,

Білгің келсе , бізді, досым жақын кел.

Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы,

Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.

Кім еліне Мұқаңша сыр ағытты,

Кім Мұқаңша бағындырды уақытты.

Қазақ халқы Мұхтарымен Алатау,

Қазақ халқы Мұхтарымен бақ отау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет