І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы



Дата12.01.2023
өлшемі12,91 Kb.
#61130
түріСабақ
Байланысты:
document name (1)



Автор: Есимова Райгүл Олжабаевна
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 9-сынып
Бөлім: Адам жанының құпиясы
Тақырып: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

9.1.4.1. Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Сабақ мақсаттары:

Көркем шығармалардан алған үзінділерді эссе жазуда қолдана алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану 

Бағалау критерийі

Көркем шығармалардан алған үзінділерді эссе жазуда қолдана алады.

Тілдік мақсат:

Сері, тұлпар, дұға, ат келбеті, сыншы, қызғаныш, күйірке, ақмарқа , дуан, бебеу, бақалшы, тақым, қосбасар

Құндылықтар

Балаларды адамгершілікке, қолдаушылыққа,сүйіспеншілікке, шынайылыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Тарих

Алдыңғы оқу

Маршрутты кестемен өткен сабақты қайталау

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы:
(5 мин)

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын талқылап, нақтылап аламын.
1-Тапсырма Ой қозғау сұрақтары арқылы жаңа сабақ туралы түсінік қалыптастырамын
«Блиц-сұрақ» әдісі. (Бір жауабы бар бес сұрақ)
1. Оқыған үзіндіде Ақан сері қалай сипатталады?
2. Ол неліктен елден жырақта оңаша жүрді?
3. Сағынайдың астына қай өңірдің адамдары жиналды? 4. Ащы тіл, асау мінез қылығынан, аттанып кетпеді ме азғын пері деген жолдарды қалай түсінесің?
5. Қазақ халқында ас беру салт дәстүрін қалай түсінесің?
2-тапсырма Көркем шығармалардан алған үзінділерді пайдалана отырып, кейіпкерлерге(Ақан, Құлагер) мінездеме, сипаттама жазыңыз.
1-топ Бурабай бір таза жер «пері» жүрген Онда жоқ жын мен сайтан өріп жүрген Ағашқа атын байлап көлеңкелеп Ақан ғой анда-санда келіп жүрген Ақандай осы тауда сері жүрген Су ішіп, тауда шие теріп жүрген Қайыңдай мінсіз, таудай таза жігіт Кең-қоңыр, былапыттан жеріп жүрген.
2- топ Бай-бай-ай, Бай- бай-ай-ай Бай-бай-ай-ай, Ба-а-й-ай, Бай-ай-ай,... Бай-бай-а-й, Бай-бай-а-й, Құлагерім... Шыныңмен кеткенің бе, Құлагерім! Қасымда қасынысып тұрар едің, Баспа-бас қызға бермес жануарым! Басылар өлгенімше қайтып шерің?! Құлагер, айналайын, арғымағым! Осы еді өлмегенге шабар шағың. Құтсыз көл, Жыландының жарысын, Құшақтап қанды басың зар жылады.
Дескриптор
Көркем шығармалардан алған үзінділерді пайдаланады. Автор сөзімен Ақанға мінездеме береді. Құлагердің ерекшелігіне сипаттама береді.

Сабақтың ортасы : 30 мин
(30 мин)

3- тапсырма. Тақырып бойынша көркем шығармалардан алған үзінділерді пайдалана отырып, берілген алгоритмдіқолданып, эссе жазыңыз.
Эссе тақырыбы: «І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай,бай Құлагерім!» жоқтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?»
Біріншіден, _»Не болды бай-бай саған Құлагерім?! Суалдың, сорлы иеңнің бұлағы едің Тірегі көңілімнің бәйтерегім Бұл жерге қалайынша құлап едің?!- деген жолдары сізге қалай әсер етті.
Екіншіден, поэмадағы Құлагер образын жасауда ақын қолданған көркемдегіш құралдар Ал менің ойымша: Құлагер аттың төресі Менің сөзіме тасындай шұбар ала Көкшетаудың, жануар шапса жүйрік, мінсе берікдәлел бола алады.
Қорыта келе айтқым келгені: Құлагерді алдында не күтіп тұр? Мен өз позициямды дәлелдей отырып, мәселенің мынадай шешу жолдарын ұсынамын: шапқанда шалдырмастай бітер қанат демекші атбегіліктіқазіргі таңда дамыту қажет.
Тақырыпқа қатысты көркемдегіш құралдар: жүйрік, қауіп, шаң, сәйгүлік.
Дескриптор
 Өлең жолдарынан алған әсерін ашады.
 Көркемдегіш құралдарды қолданады.
 Үзінділерге сүйене отырып, өз ойын дәлелді жазады.

Сабақтың соңы
(5 мин)

Оқушының рефлексиясы: «Табыс сатысы» әдісі арқылы оқушылар осы сабақ бойынша қанша мәлімет білгендерін қағаз бетіне түсіріп, табыс сатысының біріне жапсырады.
Сатының 1-ші баспалдағы: Мен.....................................білемін 2-ші баспалдағы:
Мен .................................... түсінемін 3-ші баспалдағы: Мен ...................................жасай аламын


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет