Дөңгелек үстелдің мақсаты



Дата25.11.2023
өлшемі57,77 Kb.
#125833
Байланысты:
Абайдың қара сөзі тәрбиенің бастауы Изимова С.Қ.

«Абайдың қара сөзі-тәрбиенің арқауы» атты дөңгелек үстел.


Дөңгелек үстелдің мақсаты: 
Ұлы Абайдың қара сөздерінің мәнін, мағынасын терең ашу, бүгінгі күнмен байланыстыру, пікір алмасу, ой қозғау, қатынасушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. 

Қазақ елінің тарихына көз жүгіртсек аузы дуалы, сөзі уәлі жандардың аз болмағанын байқаймыз. Олардың арасында қалам ұстап, дауды шешкендері де, атқа қонып, жауға шапқандары да бар. Бірақ барлығының мақсаты біреу еді. Ол – қазақ халқының болашағын жарқын ету. Міне, осынау мақсатқа жету үшін қаншама ұлт зиялылары мен арыстары тер төкті. Ұрпақ игілігі үшін қолына қалам алып, ұлт болып ұйысуға, жұрт болып жұмылуға шақырды. Ағартушылар «Білімсіздің күні ғаріп» деп көпшіліктің сауатын ашып, ілім үйретті. Жазушылар сол заманның ащы шындығын бейнелеп кітап жазса, ақындар өлең-жыры арқылы биліктен көзіне шел басқан жандарды сынға алды. Иә, өткен ғасырда зиялылардың басты қаруы қалам болды. Әсіресе, Абай Құнанбайұлының.
Абай ғибратқа толы ғақлиясымен көпшілікті өмірге деген ынта-ықыласты оятып, өзін-өзі тәрбиелеуге, жинаған білім мен ғылым арқылы рухани жан дүниесін байытуға шақырады. Абай тек бір тақырыпты қаузамайды. Ол бір сөзінде адал мал табу жайлы айтса, енді бір сөзінде адамның өн бойындағы мінезі туралы айтады. Бұдан бөлек адамның рухани күш-қуаты, жан дүниесі, ішкі сезімі туралы қалам тербейді. Осылайша өмірде кездесетін әртүрлі жағдайды қағаз бетіне түсіріп, оқырманның көңіл сарайын ашқысы келеді. Көпшілікке ғибратқа толы өсиет айтып, жақсылық пен оқу-білімге шақырады. Жамандық пен жалқаулықтан жирендіріп, еңбексүйгіштікке баулиды. Мәселен, алтыншы қара сөзінде «Ырыс алды – тірлік» деп көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың. Кеселді жалқау, қылжақбас, әзір тамақ, әзір ас, сыртың – пысық, ішің – нас, артын ойлап ұялмас болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық» дей келе дайын асқа тік қасық болғанша өлген жақсы екенін ашық айтады. Бұл жатыпішер жалқауларға айтылған дөп сөз емес пе? Бүгінгі қоғамда екі қолына бір күрек тапқысы келмейтін еркек жоқ деп кім айтты? Анасы яки әйелінің қаржысына күн көріп, солардың есебінен ас-ауқат ішіп жүрген ерлер біздің елімізде де аз емес. Әрине, отбасы болған соң табыс ортақ, шығын ортақ шығар? Алайда, отағасы дүние жаралған сәттен бастап отбасының асырау­­шысы емес пе? Олай болса басқа басқа еркектердің жалқаулыққа бой алдыруына болмайды. Хәкім Абай айтқандай, кеселді жалқау бола тұра тірімін деу ер-жігітке жараспайды. Бүгінде әр ата-ана баласын ұлы Абайдың қара сөзімен тәрбиелесе қандай керемет болар еді. Өйткені, хәкімнің әр сөзі адамды арлы һәм тәрбиелі болуға шақырады. Қырық бес қара сөздің қайсысын ашсаңыз да, адамға бағыт-бағдар беретін өсиетті таба аласыз. Мысалы, «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват. Мал, мақтан, ғиззат-құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрік береді. Егер де адам өзі оларға табынып іздесе, тапса да, таппаса да адамдығы жоғалады. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпенен мал іздемек – ол арлы адамның ісі» деген сөзі қандай жағдай болмасын адал еңбек етуді насихаттайды. Міне, осы сөзді өскелең ұрпаққа оқытсақ, олар ұрлық пен қарлықтан, өтірік сөйлеуден және өзгенің нанын тартып алудан аулақ жүрер еді. Сондықтан әр ата-ана баласына адал жолмен мал табуды ұлы Абайдың қара сөздері арқылы ұғындыру қажет. Тағылымды тәрбиені жас­тайынан сіңіріп, оның болашағын бүгіннен қалаған абзал. Ал балаға білімді болудың қаншалықты маңызды екенін үйреткіңіз келсе, Абайдың он тоғызыншы сөзіне көз жүгірткен жөн. Онда «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естелік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» деп саналы болудың артықшылығын тайға таңба басқандай жазады. Жаңа ғасырдың ең басты жаңалығы адамдардың психологтың көмегіне жүгінуі емес пе? Қазіргі күні көгілдір экраннан төбе көрсетіп жүрген психологтың көбісі баланы қалай тәрбиелеу керектігін, рухани баю жолдарын айтып жатыр. Өз-өзін танып, жетістікке жету үшін осындай мамандарға әжептәуір қаржы төлеп, кеңес алатындары да жоқ емес. Бірақ адам үшін керекті кеңестің барлығын Абайдың сөздерінен кездестіруге болады. Кейде хәкімнің ғибратқа толы ғақлиясы қазіргінің мотивациясына да айнала алады. Өйткені, ол қарапайым қара сөзбен жазылғандықтан, көпшілікке автордың өз аузымен айтып тұрғандай әсер береді. Сондай-ақ қара сөздегі оқиға яки мінез ойдан шығарылмаған, олардың астарында заман шындығы жатыр. А.Құнанбайұлы сол шындықты ой елегінен өткізіп, болашақ ұрпақты кесір мінезді болмауға шақыруда. Сондықтан біз қара сөзді жай ғана шығарма емес, үлкен мәнге ие туынды деп қарастырып, жастарды Абай шығармаларымен тәрбиелегеніміз жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет