Договор о сотрудничестве между школой и родителям Класс 11А на 2022-2023 учебный год Мы, нижеподписавшиеся родители



бет5/7
Дата12.10.2022
өлшемі28,4 Kb.
#42486
1   2   3   4   5   6   7
2. Ата-ана міндеті:
2.1. Мектептің ата-аналар кеңесі, қамқоршылық кеңесі арқылы мектеп әкімшілігі мен педагогтармен ынтымақтастықта жұмыс жасауға және балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге;
2.2. Балаларының мектеп Жарғысының 4.10,5 бөліміне сәйкес бекітілген мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін (мектеп формасы) сақтауына жауапкершілік алуға;
2.3. Білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға және баласының сабақ үлгерімі, тәртібіне бақылау жасауға;
2.4. Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2.5. Міндетті түрде ата-аналар жиналысына қатынасуға;
2.6. Балалары мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда қалпына келтіруге;
2.7. Мектепке баласын орналастыруға келгенде жеке іс -қағазымен қамтамасыз етуге;
2.8. Баланың мектепке келіп кету қауіпсіздігіне, жол-жөнекей келеңсіз жағдайлардан сақ болуына;
2.9. Балаларының міндетті түрде Мектеп Жарғысына және ішкі тәртіп ережесіне сақтауын қадағалауға және сабаққа баруын қамтамасыз етуге және себепсіз сабақтан қалдырмауға міндетті.
2.10. Мектеп өмірінің қоғамдық істеріне ата-аналар міндетті түрде атсалысуға;
2.11. Каникул кезінде оқушының өмірі мен қауіпсіздігіне ата-ана тікелей;
3. Оқушы міндеті:
3.1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
3.2. Міндетті түрде Мектеп Жарғысына және ішкі тәртіп ережесіне бағынуға;
3.3. ҚР рәміздерін білуге және құрметтеуге, Мектеп Жарғысына сәйкес бекітілген мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін (мектеп формасы) сақтауға міндетті:
ер балаларға –(1-11 сыныптың ер балалары үшін) ақ жиде, қою көк түсті костюм, жилет.
1-11сыныптың қыз балалары үшін қою көк түсті сарафан, ақ блузка және ақ бантик.
3.4.Мұғалімдерді, ата-аналарды, қарттарды сыйлауға, өзімізден әлсіздермен кішілерге көмектесуге, таза және ұқыпты болуға, әрбір адамның ар намысы мен адамгершілігін бағалауға, бөтеннің затын алмауға, табиғатты аялауға, қорғауға, өз денсаулығын сақтауға, өз еліміздің мәдениетін білуге және басқа халықтардың салт-дәстүрлерін сыйлауға міндетті.
3.5. Мектеп мүлкін сақтауға және кітапхана қорын ұқыпты пайдалануға;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет