Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет66/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   103
дорога – railroad, порох – gun powder,
Лингвистикада «сөйлем» коммуникативті бірлік болып табылады. 
Ал психолингвистикада бұл коммуникативті бірлік «сөйлесім, 
айтылым» түрінде қолданыс табады. Өйткені сөйлесім кезінде 
коммуникативті жағдаят ескеріледі, сол жағдаятқа сәйкес сөйлеуші 
өзінің позициясын айқындайды. Біз сөйлеу үдерісінде шашыраңқы 
сөздерді, не фразаларды жеке-жеке қолданбаймыз, сөйлеген уақытта 
айтар ойымызды егжей-тегжейлі кеңінен айтамыз, кейде ой-пікірді 
білдіргенде бүтін бір мәтінмен жеткіземіз.
Сөйлесім – шығармалық үдеріс, әрі коммуникативті жағдаятқа 
негізделгендіктен, тілдік стратегия мен тілдік тактикалар қолданысқа 
түседі. Ал сөйлеу үдерісінде қолданылатын тілдік бірліктердің қызметі, 
олардың 
өзара 
тіркесімділік 
қызметі 
(лексика-семантикалық 
тіркесімділік, 
синтаксистік 
тіркесімділік) 
сөйлеу 
әрекетінде 
айқындалады. Жеке тұрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны 
иеленетін сөз ауызша не жазбаша сөйлеуде өзінің семантикалық 
қоршауындағы сөздермен тіркесімділікке түсе келіп, эмоцианалды-
экспрессивті қызмет атқарады. Әрине, мұндай шығармашылық үдеріс 
индивидтің аялық білім жүйесімен тікелей байланысты. Сөйлесімдегі не 
мәтіндегі, сөйлемдегі сөздің семантикасы оның жеке тұрғандағы 
мағынасынан айтарлықтай ерекшеленеді. Өйткені белгілі бір сөз мәтін 
ішінде қолданысқа түсе келіп, өзінің негізгі ұғымдық мазмұнын 
иеленеді. Тіпті жекелеген фразалардың өзі мәнмәтінсіз түсініксіз болуы 
мүмкін. Егер, біз, бір сөздің мағынасын түсінгіміз келсе, оны 
сөйлесімнің, мәтіннің ішінде қолдануымыз қажет. Мәселен, жапырақ – 
«жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, 
қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі» [1, 61- 62 б.б.]. 
Берілген сөздің лексикалық мағынасынан көрінбейтін, алайда адамның 
танымына сәйкес жапырақтың өн бойындағы «жіңішкелік» белгісі 
санада қатталып, сөйлесім үдерісінде бір жапырақ нан, етті 
жапырақтап турау сынды тілдік бірліктердің туындауына әсер 
еткен. Сондай-ақ, «Жапырақ жүрек жас қайың, жанымды 
айырбастайын! Сен адам бола бастасаң, Мен қайың бола бастайын» 
деген өлең жолдарындағы «жапырақ жүрек» тіркесінің қолданысы 
метафоралық тәсіл негізінде «кішкентай, нәзік» деген ұғымды 
тұспалдап жеткізіп тұр. Алдыңғы мысалда көрсетілген «жіңішкелік» 
белгісінің негізінде ассоциация бойынша «нәзіктік» сынды екінші 
ұғымдық белгі туындаған.


250 
Жалпы тіл білімінде мәтінге берілген анықтамалар көптеп 
кездеседі. Берілген анықтамаларды тұжырымдай келе, мына бір 
анықтамаға назар аударсақ: «Мәтін – жазба құжат түрінде толық 
аяқталған ойды білдіретін, әдеби тұрғыда өңделген, мәтін ішіндегі 
абзацтардың лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық 
байланыстардың әртүрлі типтерімен біріккен, күрделі фразалық 
бірліктерден тұратын, белгілі бір тілдік интенциясы бар сөйлеу 
шығармашылығының туындысы» [2, 1 8 б ] . Мәтінтүзімнің негізгі 
құралы ретінде тілдік жүйе, тілдік таңбалар жүйесі маңызды рөл 
атқаратыны белгілі, олай болса, тілдік жүйе, дискурс және мәтіннің 
арасындағы байланысты берілген диаграммадан көруге болады. 
Диаграмма 1 – Дискурс, мәтін және тілдік жүйе арақатынасы 
Психолингвистикалық аспект тұрғысынан алғанда, мәтін – 
адамның сөйлеу әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырылады. 
Психолингвистердің айрықша назар аударатын мәселесі – мәтінді 
қабылдау және оны түсіну әрекеті. Өйткені мәтін психологиялық 
тұрғыдан адамға бағытталады және оны оқырман өз таным-түйсігіне 
қарай қабылдайды. Мәтінге деген қызығушылықтың артында тілдік 
санаға деген қызығушылық жатыр. Ал тілдік сананың артында тілдік 
тұлға, автордың идиостилі, индивидтің ойлау жүйесіне деген 
қызығушылық мәселелері туындайды. Әрбір мәтінге талдау жүргізу 
арқылы тілдік тұлғаны тануға болады. Кеңестік психолингвистикада 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет