- мәтін лингвистикасы, дискурс және мәдениетаралық коммуникацияға қатысты негізгі базалық ұғымдарды қарастыру;
- мәтін түрлерін, мәтіннің тұтастығы мен байланысым тәсілдерін айқындау;
- мәтін синтаксисі, мәтін семантикасы, мәтін стилистикасы, мәтін прагматикасы туралы ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық тұрғыдан білім беру;
- мәтінге лингвистикалық, стилистикалық және дискурстық талдау жүргізуді меңгерту.
Дәріс жоспары:
Тіл және сөйлеу тілінің арақатынасы.
Мәтін лингвистикасы мәселесінің қалыптасуы мен дамуы.
Мәтін анықтамасы мен мәтінге тән тілдік белгілер.
Тіл білімінің зерттеу нысаны
Сөйлеу тілі
Тіл
(тілдік жүйе)
Сөйлеу тілінің нәтижесінде - МӘТІН
Жазбаша сөйлеу тілінің мәтіні
Ауызша сөйлеу тілінің мәтіні
Коммуникация түрлері
Коммуникация
Ұжымдық коммуникация
Интра
тұлғалық коммуника
ция
БАҚ коммуникациясы
Тұлға
аралық коммуни
кация
Мәдениетаралық коммуни
кация
Қоғамдық коммуникаиця
Сөйлеу әрекеті – сол жақ жарты ми функциясының нәтижесі
Тіл – адам жанының инженері
Тіл – жеке тұлғаны қалыптастырушы құрал. Адам баласына ойлау, көру әрекеті сияқты сөйлеу әрекеті де тән. Біз не ана тілін, не белгілі бір мәдениетті, не уақытты, не кеңістікті, не туған жерімізді таңдай алмаймыз. Біз, адамзат баласы, өмір сүретін әлемге келген сәттен бастап тіл өз жұмысын бастайды. Адам баласы белгілі бір социумда өмір сүретіндігін ескерсек, табиғат ананың адамзатқа сыйлаған ерекше қабілеті – сөйлеу әрекеті не тілдік коммуникация саналады.
Мәтін
Жазба құжат түрінде толық аяқталған ойды білдіретін, әдеби тұрғыдан өңделген, тақырып лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстардың әртүрлі типтерімен біріккен, күрделі фразалық бірліктерден тұратын, белгілі бір мақсаты бар сөйлеу шығармашылығының туындысы.