Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет73/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103
қайғыдан сыздаған қу жүрегі лүп-лүп ете қалды. Ол жақындап келіп, 
баланы бетінен жалады. Көк бөрі иттің өзін еркелеткеніне бала 
қуанып кетіп, күліп жіберіп, оны мойнынан құшақтады. Сонда 
Аққұртқа мүлде елжіреп, балақайдың аяғына жата кетіп, онымен 
ойнай бастады. ...Құртқа көкірегіне толып қалған аналық мейірімін 
балаға аямай төгіп, оның нәресте иісін искеп, елтігендей болды. Егер 
де жартас астындағы апанда осы адам баласымен бірге тұрсам, 
қандай қуанышты болар едім деп ойлады ол. Мойнын жаралап алмайын 
деп, абайлап қана күртесінің жағасынан тістеп алып, басын бір сілкіп, 
баланы арқасына лақтырып сала салды» [23,468-469 б.б.]. Бұл 
әңгімеден түркі халықтары аңыздарындағы қаншық қасқырдың жасаған
әрекетін байқауға болады. Қасқырдың баланы алып кетуі түркі 
халқының бөріден тарағандығы туралы мифті еске түсіреді. 
Жазушы Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы қасқыр 
бейнесі шығармада теңіз үстінде ыққан адамдармен бірге сипатталады. 
Жазушы қасқыр образын адамға тән қылықтар арқылы беруге 
тырысады. Романда қасқыр ойлау, еске түсіру, армандау сияқты 
қабілеттерге ие аң болып көрінеді:
«Көкжал бөрі үй аумағындай мұздың ана басындағы екеуді 
салбыраған ауыр қабақ астынан бағып тұрды да, кенет басын төмен 
салып бүлкілдеп жорыта жөнелді; көз қиығын олардан бір сәт 
айырмай, ит бүлкілмен жортып отырып ық жаққа шықты; қарын 
үрлеп тастаған тақыр мұзға бауырын төсеп жатты да, қыста да, 
жазда да ылғалданып тұратын қара тұмсықтың дәл ұшы жыбырлап, 
ауадан иіс іздеп еді; жел беттен теңіз бен адам иісі жарысып қатар 
жетті.... Бұл жолы таң алдындағы тастай шымыр ауадан ұстара 
жүзіндей өткір иіс лап бергенде, бөрінің жон арқасы дір етті; өзі де 
ана жылы төртбақ қойшы атып өлтірген сұр қаншық алдынан 
шыққандай атып тұра жаздады; арландық құрып жүрген отты 
шаңына қайта қауышқандай, бара сала арсалаңдап сұр қаншықты 
тұла бойын иіскелеп; сосын екеуі асыр сала ойнап кеткендей еді...
...Мұрнына анада сұр қаншықтан сыпырып алған ескі терінің иісі 
келді де тұрды; жүрегі шайлыққан бөрі бауырын жерден көтермей, 
артқа қарай ығысып шегіне бастады... тұмсығын жоғары көтеріп 
ұзақ ұлыды» [24, 406-407 б.б.].


264 
Адамдардың кесірінен жұбынан айырылған қасқыр оларға 
кектенеді. Өзіне жасаған қатыгездігін ұмытпайды. Қалайда өш алудың 
жолын іздейді. Ақыры қасқыр жұбын өлтірген адамдармен мұздың 
үстінде кезедеседі. Қасқыр адамдардан кек алмақ болғанда, «қасқыр 
шоңқайып отырған тоқымдай сең үлкен мұздан әп-сәтте іргесі 
ажырап, ар қарай ығып» кете барады [24]. 
Бұл шығармадан біз түз тағысы – қасқырдың өзіне жасаған 
жауыздықты қалайда қайтаруға тырысатын кекшілдігін көреміз. 
Сондай-ақ түз тағысының болашақ ұрпағына деген сүйіспеншілігі сұр 
қаншықтың аңнан қайтқан сайын бөлтіріктерін айналып, иіскеп, жалап, 
болашақ жортуларға дайындамақ болған іс-әрекеттерінен де 
аңғарылады.
Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы «Жалаңаш қасқыр» 
үзіндісінде ханның бағында жайылып жүрген елікті қасқыр жеп кетеді. 
Ханның нөкерлері арланның аяқтарын қыл шыбырмен матап, аузын 
қайыспен құрсаулап, ханның алдына әкеліп тастайды. Хан қасқырдың 
терісін тірідей сыпыруды бұйырады. «Тірі қасқырға пышақ салып, 
терісін сыпырғанда, әлгі арлан бір қыңқ етпеді. Тек шоқ көздерінен 
бірер тамшы жас шықса керек... Жанына жаман батса да артқы 
аяқтарымен шоқшиып отыра қалып, алдыңғы екі аяғымен жер тіреп, 
хан отырған таққа қарап қойып содан соң, қан толы көзін жұмып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет