Доклады национальной академии наук республики казахстан reports of the national academy of sciences



Pdf көрінісі
бет16/25
Дата25.11.2023
өлшемі0,77 Mb.
#125916
түріДоклад
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
-----------

1-деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына
мүмкіндік беру тиіс;
3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді жəне өмірмен байланысты болуы керек.
4) Немесе жеңіл формуланы қолданып есептің шешімін табу. Мұндай тапсырмаларды
құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл аударған жөн.
2-деңгейлі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалды реттеуге жəне жүйелеуге берілген тапсырмалар;
2) Оқушылардың ойлау қабілетін
жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар: логикалық
есептер, ребустер мен сөз жұмбақтар.
3-деңгейлік тапсырмаларға:
1) Танымдық ―
ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып
бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімділігін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа 
білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Мұндай жұмыс ―
анализ бен синтез жəне салыстыру 
арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
2) Əртүрлі əдіс
-
тəсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру жəне оны өздігімен шығару, өмірден алынған
мəліметтер диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі 
құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын 
тапсырмалар.
4-деңгей шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинаған өмірлік тəжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы
мен белсенді ой еңбегінің нəтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дəрежеде олардың 
басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дəлелдеу, 
заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
2) Олимпиада есептерін шығару.
3) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар қорғау.
Демек, бұл тапсырмалар

оқушылардың біліктілігі мен дағдысын
қалыптастыру
жəне оны бағалау деңгейі болады.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап əрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз 
биігіне жетеді. Əр оқушының əр пəннен 100
% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады жəне əр оқу 
пəнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1
-
деңгейді
игеруін толық жүзеге асырады. 
Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың талаптарының орындалуына əкеліп

оқушылардың пəн
бойынша 
түсінігі болады. Жəне барлық жалпы орта мектептер мен арнайы мамандандырылған 
мектептерге ортақ бағалау жүйесі қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет