XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы. Кезең әдебиетінде көрініс берген жетекші әдіс-ағымдар. Кеңестік қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Әдебиеттегі ағартушылық, азаттық идеясы (М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, Б.Майлин, С.Сейфуллин). «Алаш» партиясы (1917 жыл, шілде) мен Алашорда үкіметінің (1917 жыл, желтоқсан) құрылуы. Баспасөздің («Еңбекші қазақ», «Қызыл Қазақстан», «Ақжол», «Шолпан») дамуы. Әдебиет пен мәдениеттің дамуына партиялық қадағалаудың күшеюі. Поэзияны дамуы. Көркем прозаның өрістеуі.
Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеті. Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің өркендеуі. Көркем әдебиетке қатысты партиялық қаулы-қарарлар. Эпикалық жанрдың өркендеуі. Театр мен драматургияның дамуы. Әдеби сын. ҚазАПП-тың қателері. Әдеби зерттеулер мен алғашқы оқулықтар. С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» (1932), С.Мұқанов «XX ғасырдың қазақ әдебиеті» (1932), М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев «XIX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы» (1933) т.б. еңбектердегі әдебиеттің тарихын, ғылыми сипатын жүйелеудегі маңызы.
Соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Әдебиетте Отан қорғау идеясының өрістеуі. Ел қорғау, жауынгер бейнесі, майдан мен тыл келбетін танытқан лирикалық шығармалар, үгіт, қаһармандық жырлары.
Соғыстан кейінгі дәуір әдебиеті (1946-1956). Жалпы сипаты. Әдебиет пен өнер, ғылым саласындағы ілгерілеулер. Ірі эпикалық шығармалардың («Абай», «Ботакөз», «Сырдария», «Қазақ солдаты», «Қарағанды», «Оянған өлке», «Өмір мектебі») тууы. Қазақ поэмасындағы идеялық-көркемдік ізденістер.
Жаңғыру кезіндегі қазақ әдебиеті (1956-1967). Қоғамдық-саяси саладағы өзгерістердің әдебиетке ықпалы. Қазақ қаламгерлерінің шығармашылық белсенділігінің артуы. Заман шындығын суреттеген прозалық туындылар. Тарихи романдардың жарық көруі. Әдеби процесс пен сын. Қаламгерлер шығармашылығының дербес зерттеле бастауы. Әдебиет тәжірибесін теориялық тұрғыда қорыту.
1968-1990 жылдардағы әдебиеттің дамуы. Социализм қайшылықтары мен қайта құру. Тарихи романның («Қаһар», «Алтын орда», «Аласапыран», «Үркер», «Елең-алаң») өрістеуі. Әдеби-көркем сын мен әдебиеттану. Әдеби сыншылдық ой-пікірлердің өрістеуі.