Докторантура



бет1/3
Дата06.10.2022
өлшемі46 Kb.
#41575
  1   2   3
Байланысты:
kaz-doc


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
ДОКТОРАНТУРА


6D021400-Әдебиеттану(қазақ бөлімі), 6М020500-Филология: Қазақ филологиясы әдебиеттану траекториясы, қазақ бөлімі) мамандықтары бойынша қабылдауға арналған
Бағдарлама қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілді. Хаттама №11, 3 шілде, 2012 жыл.


Кафедра меңгерушісі
ҚР ҰҒА академигі ___________________ С.А.Қасқабасов
2012 жылғы қабылдау
БАҒДАРЛАМА


Әдебиет пәні әдебиеттанудың ғылыми салаларын қамтып, зерттеу нысаналарын айқындайды. Әдебиет пәнінің негізі – ұлттық мұраларды таныту, мәдени-эстетикалық функция болып табылады.
Фольклор – сөз өнерінің бір түрі. Фольклор мен әдебиет байланысы. «Фольклор» және «ауыз әдебиеті», «жазба әдебиет» ұғымдары. Фольклордың танымдық-эстетикалық қызметі, жанрлар жүйесі. Фольклортанудың негізгі теориялық-әдіснамалық проблемалары. Қазақ фольклортану ғылымының қалыптасып, дамуы. Фольклордың синкреттілігі. Фольклорлық проза. Эпос және оның түрлері. Фольклордағы қаһармандар жүйесі мен типтендіру. Фольклоға тән суреттеу тәсілдері.
Ежелгі дәуір әдебиеті. Ежелгі және Орта ғасыр әдеби мұраларына тән ортақ сипаттар. Орхон жазба ескерткіштерінің зерттелуі. Алтын Орда дәуірінің әдебиеті. Ежелгі дәуір әдеби ескерткіштерінің тақырыбы, сюжеті, құрылымы. Түркі халықтарына тән ортақ таным. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері. Мазмұны мен идеясы, құрылымы, көркемді-эстетикалық мәні.
XY-XVIII ғасырлардағы әдебиет тарихы. Қазақ хандығы дәуірі әдебиетіндегі ақын-жыраулар шығармашылығы. Төл әдебиет бастауы. Жыраулар поэзиясы. Толғау, арнау жанрларының сипаты. Жыраулар поэзиясының көкремдігі. Мемлекеттік идеологияға қызмет.
XIX ғасыр әдебиетіне тән ерекшелік. ХІХ ғасырдың бірінші жарытысындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың ықпалы. Ресейге қараған кезеңдегі әдебиеттің сипаты. «Зар заман» әдебиетінің мәні мен маңызы. Ақындар шығармашылығындағы пессимистік сарын. Өткен күнді, хандық дәуірді аңсау сарыны. Поэзия жанрының сипаты. Тақырып, идея, проблематика. Ақындық дәстүр, зар заман әдебиетінің сипаты. ХІХ ғасырдың екінші жарытысындағы сыншылдық сипат. Әдебиеттегі жаңа бағыттар. Абай шығармашылығы. Абай мұрасының зерттелу кезеңдері. Абайтануға байланысты зерттеулер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет